Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі міндеттері:
- Университеттің ОПҚ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру. ҒТК жұмысы;
- Университет ғалымдарының бағдарламалық-мақсатты, базалық және гранттық қаржыландыру байқауларына қатысуын жандандыру;
- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту;
- Негізгі ғылыми бағыттар шеңберінде университет факультеттері мен кафедраларының ғылыми жұмыстарын үйлестіру;
- Жастарды ғылыми қызметке тарту. СМУ мен С жұмысы;
- Халықаралық, аймақтық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру. Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Оқытушылар, магистранттардың және студенттердің ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдерге қатысуы арқылы жоғары оқу орны ішіндегі, аймақаралық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты күшейту;
- ЖОО ғылыми-зерттеу зертханаларының қызметін үйлестіру;
- Авторлық құқықтар, куәліктер, патенттер, предпатенттерді алу арқылы зияткерлік меншікті тиімді қорғауды ұйымдастыру;
- Шетелдік тағылымдамадан өту арқылы магистранттардың ғылыми және кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланысты нығайту, тағылымдамадан өту бойынша келісім-шарттар жасасу: Ұлыбритания, Литва, Польша, Ресей, Беларусь;
- Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу және университеттің ғылыми-зерттеу қызметі бойынша есеп беру құжаттарын құрастыру.
- "Оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру»
- "StartUp академиясының жұмысын ұйымдастыру».