Skip to main content
x

Ғылыми кеңес

Хабарландыру
Ш. Уалиханов атындағы КМУ басты функциялары мен міндеттері
Ғылыми атауларды иелену ережелері
Ғылыми жұмыстар тізімін тіркеу

                                         

 Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
м.а. 2007 жылдың 22 қарашасындағы
№574 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі
 қызметінің және оны сайлау тәртібінің
 үлгі ережелері

1. Жалпы ережелер

Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі қызметінің  үлгі  ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасынының 2007 жылғы  шілденің 27-сіндегі  «Білім туралы» заңының 44 бабы 9 тармағына сәйкес әзірленген.

1.    Жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) жоғары оқу орнын алқалық басқару нысанының бірі болып табылады.

2.    Ғылыми кеңес  өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ жоғары оқу орнының (бұдан әрі ЖОО) жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңес қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

2. Құрамы, құрылымы және қызметтері

  • Ғылыми кеңестің құрамы және оны сайлау тәртібі
  • Ғылыми кеңес  ЖОО жетекшісінің бұйрығымен құрылады.
  • Ғылыми кеңестің құрамына  ЖОО-ның жетекшісі, жетекшінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, профессор-оқытушы құрамының, ЖОО-ның студенттік және қоғамдық ұйымдарының  өкілдері кіреді.  ЖОО-ның  жетекшісі Ғылыми Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі -төраға)  болып табылады.
  • Төраға Ғылыми кеңес төрағасының орынбасарын тағайындайды.
  • Төраға болмаған кезде орынбасар оның міндетін атқарады.  
  • Төраға  Ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеге сәйкес  қамтамасыз етеді.
  • Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына әзірленіп,  бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.
  • Ғылыми кеңес отырыстары айына  кем дегенде бір рет тиісті оқу жылына әзірленіп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
  • Егер де Ғылыми кеңес отырыстарына оның мүшелерінің кем дегенде 2/3  қатысса, онда ол заңды күші болып табылады.  
  • Ғылыми кеңестің  мүшесі дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің отырысына қатыса алмайтын болса ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек.   
  • Ғылыми кеңестің шешімдері Ғылыми кеңестің отырысына қатысушылардың басым бөлігі дауыс берсе,  қабылданды деп саналады.