Skip to main content
x

Халықаралық қатынастар

Карта мира с флагами стран

Халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және көптілділік  орталығының алдына қойған мақсаттары мен міндеттері:
·      шетелдердің жоғары оқу орындарымен университеттің ынтымақтастығы туралы өзара тиімді келісімдер әзірлеу және жасау;
·    жоспарлауды ұйымдастыруға қатысу және университеттің халықаралық байланыстарының мониторингі;
·    халықаралық ынтымақтастық жоспарына сәйкес көпжақты және екіжақты іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
·    қорлар, гранттар, тағылымдамалар бойынша деректер қорын жасау, оқу және тағылымдамалар үшін шетелге шығу мүмкіндігіне бойынша университет қызметкерлері, студенттері мен магистранттарына кеңес беру қызметін көрсету;
·    университеттің халықаралық ынтымақтастық және контрактілік негіздегі шақыруларына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдау;
·    елімізге университет желісі бойынша келген шетелдік азаматтардың паспорттық-визалық режимді сақтауын бақылау;
·    шетелдік әріптестермен, олардың Қазақстан Республикасындағы өкілдерімен және жекелеген тұлғалармен университеттің халықаралық қызметіне қатысты мәселелер бойынша тікелей байланыстарды іздеу және жүзеге асыру;
·    бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
·    «Қазақ тілін ана тілі және шетел тілі ретінде оқыту», «Орыс тілін шетел тілі ретінде оқыту» оқу бағдарламаларын іске асыруға көмек көрсету;
·    студенттердің, профессор-оқытушы құрамы мен университет қызметкерлерінің шетелге оқуға баруын ұйымдастыру
Орталықтың тәжірибелік мақсаттары –  студенттердің,  оқытушылардың академиялық ұтқырлықтарын дамыту; Болон үдерісінің ұстанымдарын, сондай-ақ Erasmus+, Erasmus Mundus, Horizon 2020, Tempus IV  бағдарламаларын енгізу; шет тілдерін оқыту курстарын өткізу.
Біз халықаралық ынтымақтастықтың тек білімді жаңғыртуға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті, қарқынды, ғылыми білімге негізделген экономикасына өтуіне негіз дайындауға да жағдай жасайтынына сенімдіміз.
E-mail: koksuprojects@mail.ru
E-mail: academ.poly.dep@gmail.com