Skip to main content
x

Инженерлік технологиялар және көлік кафедрасы

Кафедра тарихы:
Кафедра 1981 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы  институтының Көкшетау филиалында құрылды, ал 1991 жылы ол Көкшетау ауыл шаруашылығы институты болып өзгертілді, 1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрамына енді. Солтүстік Қазақстан облысындағы  келесі белгілі ғалымдар  кафедраның, оның педагогикалық мектебінің негізін қалаушылар болды: Валько А.А., Вилгельм Я.Я., Поддубный А.А., Рупета В.Е., Нұрмағанбетов К.Р. Кафедраның бірінші меңгерушісі  қазіргі экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ғылыми ұйымдар мен еңбек тәжірибесі академиясының нақты мүшесі К.Р.Нұрмағанбетов болды. 1992-1995 жж. кафедраға Поддубный А.А., Краков университетінің (Польша) қазіргі профессоры  Рупета В.Е., Баринов В.А. жетекшілік етті. Кафедраның оқытушыларымен 300-ден астам ғылыми мақала жарияланды, 4 монография, 15 оқу құралы шықты, 2 диссертация қорғалды, КСРО мен ҚР өнертабысқа 11 авторлық патент алынды.  Оларда қарастырылатын мәселелер шеңбері: технологиялық процестерді механикаландыру, диагностика, машиналарға қызмет көрсету және жөндеу, жалпы механиканың, қозғалыс, газ бен сұйықтың теориялық аспектілері, процестерді автоматтандыру, материалдардың технологиялық қасиетін зерттеу, техникалық әлеуеттің тиімділігін арттыру, тозған бөлшектерді қалпына келтіру, өнімдерді қайта өңдеу технологиясы,  Солтүстік Қазақстанның агроқұрылымдарын негіздеу. Кафедраның ғылыми және педагогикалық қызметі оның Астана, Алматы, Қарағанды, Челябинск, Мәскеу, Санкт-Петербург, Мелитополь, Барнауыл, Омбы қалаларының жетекші және халықаралық оқу орталықтарымен ынтымақтастығына негіз болды.
Кафедраның қолданбалы  зерттеулері өңірдегі машиналардың мықтылығын бағалауға, майларды тазарту және түссіздендіруге, бөлшектерді қалпына келтірудің жаңа тәсілдерін енгізуге, коррозияға қарсы жаңа материалдарды қолдану мүмкіндігін зерттеу, дисперстік ортаны   нығыздауға, «Солтүстік Қазақстан жағдайларында түйе бұршақ селекциясының биологиялық ерекшеліктері», «Құрылымның басты элементтерінің басқару жүйесінің күрделігіне  әсері», «Солтүстік Қазақстанның шаруашылық қожалықтарының агроқұрылымдарын  зерттеу және негіздеу», «Солтүстік Қазақстанға арналған бидайдың перспективалық сұрпының технологиялық құндылығына» арналған. Кафедра  жетекші ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен, өңдеу кәсіпорындарымен  тығыз ынтымақтастықта. Кафедраның студенттері ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысады және жеңімпаздар болуда. 2000 жылдан бері техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.С.Есжанов кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кафедраның ОПҚ саны 17 адамды құрайды, оның 2-уі техника ғылымдарының докторы, 3-уі техника ғылымдарының кандидаты, 1-уі физика-математика ғылымдарының кандидаты және 1-уі ауыл шаруашылығы  ғылымдарының кандидаты.  

Кафедра келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар даярлығын жүзеге асырады:
•  5В071300 ‒ «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
•  5В072800 ‒ «Қайта өңдеу өндірісінің технологиялары»
•  5В071200 ‒ «Машина жасау»

Акинов Ержан Какимович

к.т.н доцент
Телефон +7 (705) 671-31-05;
Аудитория №414, Корпус № 2 (ул. Темирбекова, 30)
E-mail: kaf_stroitel@mail.ru

Акинов Ержан Какимович

«Инженерлік технологиялар және көлік» кафедрасының меңгерушісі

Білім беру бағдарламалары:
·    5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялар
·    5В071200 – Машина жасау
·    5В072800 - Қайта өңдеу өндірісінің технологиялары

Оқу және ғылыми зертханалар:
1.    «Гидравлика және жылу техникасы» зертханасы  (206 ауд., №2 оқу ғимараты)
2.    «Машина бөлшектері» зертханасы (413 ауд., №2 оқу ғимараты)
3.    «Машина жасау технологиясы» зертханасы (400 ауд., №2 оқу ғимараты)
4.    «Көлік техникасы»  зертханасы (406 ауд., №2 оқу ғимараты)
5.    «Теориялық және қолданбалы механика» зертханасы   (408 ауд, №2 оқу ғимараты)

Кафедраның ОПҚ:
·    Есжанов Галихан Сердәліұлы
·    Күзембаев Серік Бапайұлы
·    Лоскутова Галина Андреевна
·    Поддубный Александр Александрович
·    Ақынов Ержан Кәкімұлы
·    Әбдрахманова Сәуле Төлебайқызы
·    Дубинец Ирина Михайловна
·    Калин Арман Қабдрахманұлы
·    Әлібекова Анар Төлеуханқызы
·    Шүнекеева Алма Айтқожақызы
·    Поддубный Руслан Александрович
·    Қабдулина Анара Тасболатқызы
·    Магафирин Агзам Магапираулы
·    Поддубная Долорес Мустажановна
·    Күльбаева Валия Боташқызы
·    Бекішов Қанат Қожабекұлы


Кафедраның оқу-көмекші құрамы:
·    Кәрібжанова Меруерт Сейітқанқызы
·    Көшекова Сәбира Амантайқызы
·    Хаметова Зәмзагүл Жапешқызы
·    Молдағалиев Фазыл Қайратұлы
Телефон: 8 (7162) 40-19-97
Кафедраның мекен-жайы: Темірбеков к-сі, 30, № 2 оқу ғимараты, №203 кабинет, 206 (оқытушылар кабинеті), 414(оқытушылар, лаборанттар кабинеті)

Кафедры таныстыру