Skip to main content
x

Кафедра педагогики, психологии и социальной работы

Кафедра тарихы:
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс  кафедрасы – ЖОО-ның негізі қаланған уақыттан бері жұмыс істейтін институттың байырғы кафедраларының бірі. Кафедра білім беру бағытындағы мамандықтардың психологиялық-педагогикалық даярлығын жүзеге асырады және 5В050300 – «Психология», 5В010300 – «Педагогика және психология» және 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша  оқу бітірушілердің даярлығын жүзеге асырып, оларға бакалавр академиялық дәрежесін береді. Ш.Уәлиханов атындағы «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс»  кафедрасы өзін және өзін қоршаған болмысты өзгерте отырып, әлеуметтік прогреске белсенді қатысуға қабілетті, жаһандық ойлау қабілетіне ие бәсекеге қабілетті, құзыретті білікті мамандарды даярлап шығарады.
Заманауи өркениеттің болашағы  адамзаттың игілігіне арналған  басты әлеуметтік проблемаларды шешуге дайын АДАМНЫҢ арқасында айқындалады. ЖОО  мен университеттің қызметі барысында кафедраның қызметкерлері Қазақстан ғылымы мен білімі тәжірибесінде  елеулі із қалдырды.
Кафедрада түрлі жылдары  бар жан-тәнімен беріліп, табысты еңбектенген шығармашыл және өзгелерге ұқсамайтын ірі тұлғалар: Т.С.Маликов – бұрын кафеданы басқарған, М.Г.Сұбханқұлов, Е.П.Нечитайлова, Г.М.Дюдина, В.Н.Бобина, В.П.Герасимов, Д.С.Дубейко, Л.С.Поликевич, Л.А.Горбунова, В.П.Кривошеев,  Н.А.Чернявская, Г.Н.Дерюгина, Б.В.Крамаренко, кафедра түлектері, қала, облыс пен Республика мектептерінің қазіргі мұғалімдері осы тұлғалардың әрқайсысы туралы аса бір жылылықпен және ерекше сезіммен еске алады.
Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарын кафедра үшін «алтын дәуір» деп санауға болады, бұл кезеңдерде кафедрада эксперименттік зерттеулерді қамтамасыздандыру бойынша орнықты жүйе қалыптасты, кафедра жанынан ашылған психология зертханаларында ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі болды. Эксперименттік зертхана базасында Мәскеу қаласында ПҒА ҒЗИ-да диссертацияларын қорғаған кафедра қызметкерлері В.П.Герасимов, Г.Н.Дерюгина, С.В.Сергеева, Т.Д.Сарториустың диссертациялық жұмыстарының дайындамалары әзірленді.Осы жылдары кафедра ММУ психология факультетімен, АМУ психология кафедрасымен, Қазан, Пермь және Свердловскінің жетекші психологтарымен белсенді қарым-қатынаста болды, жас психологтардың бірлескен конференцияларын өткізді, психологиялық-педагогикалық білімді насихаттау мақсатында Климов Е.А., Мерлин В.С., Мұқанов М.М., Петренко В.П., Хмель Н.И. сынды және т.б. ірі ғалымдар шақырылды.
Бүгінде кафедра  Үкімет және Президент алға қойған өзекті міндеттерге орай болашақ мұғалімдер, педагогтар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісіндегі бағдар іспетті, демек олардың басты мақсаты – оқу-тәрбие үдерісін қарқындату, заманауи инновациялық технологияларды белсенді енгізу және жас мамандарды тарту.     
Алматы, Астана қалалары және Қазақстан мен жақын шетелдердің өзге де қалаларының психология саласының шеберлері біздің студенттеріміздің қабілеттері мен білімдерін жетілдіру үшін практикалық тренингтер мен семинарлар өткізеді.     
Оқу бітірген психологтардың кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі ұйымдар, орта мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған институттар мен зерттеу орталықтары; спорт және шығармашылық ұйымдары; денсаулық сақтау ұйымдары; кәсіптік бағдар және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту; қоғамдық пікір және саяси технологияларды зерттеу орталықтары; өндірістік кәсіпорындар мен бизнес ұйымдары; құқық қорғау ұйымдары және пенитенциарлық мекемелер, балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталықтары; коммуникативтік процестер (тұлға аралықтан макроәлеуметтік деңгейге дейінгі диапазонда) және адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың, адам мен техниканың өзара іс-әрекетінің психологиялық мәселелері.Өзекті мәселелер бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар психологтардың, педагогтардың, қала мен облыстың әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен жүйелі түрде өткізіледі. Кафедрада жыл сайын психологтардан, педагогтар мен психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден тұратын студенттер командасы дайындалып, олар республикалық олимпиадаларда бірнеше мәрте жүлделі орындарды жеңіп алған. Студенттер ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша түрлі басылымдарға жарияланымдар дайындайды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру және студенттердің сапалы даярлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің ғалымдары белсенді түрде тартылады. Кафедраның мақсат-мүддесі, ең алдымен, тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби қызметтегі дербестікке, дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық  негіздерінің қалыптасуына, XIX-XX ғғ. қазақ ағартушыларының психологиялық-педагогикалық мұрасын зерттеуге бағытталған.
Соңғы жылдары кафедра өз әлеуетін тұрақты түрде арттыруда. Ғылымның көрнекті кемеңгерлері – Н.М.Стукаленко, С.А.Мурзина, Л.Н.Навий  сынды докторлар, доценттер және кандидаттармен бірге  болашағынан үлкен үміт күттіретін Сүлейменова З.Е., Воронова Р.М., Тасболатова Ж.С., Қошанова М.Т., Сатыбалдина А. А., Асаров М.М., Какабаева Д.С., Қалымова А.К., Киекбаева А.Б., Молдабекова С.К., Қайникенова Г.К., Құсайынова Г.Т., Қостанова С.С. сынды жас оқытушылар мен т.б. да барынша табысты еңбек етуде.

Навий Лиза Набиқызы

К.п.н., и.о.профессора
Телефон +7 (7162) 40-21-99;
Аудитория №603, Корпус № 1
E-mail: kafedra-psihologii@kgu.kz

Навий Лиза Набиқызы

«Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі

Білім беру бағдарламалары:
·    5В050300 «Психология»;
·    5В010300 «Педагогика және психология»;
·    5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»


Магистратура:
·    6М010300 - Педагогика және психология
·    6М090500 – Әлеуметтік жұмыс


Оқу және ғылыми зертханалар:

Кафедраның ОПҚ:


·    Навий Лиза Набиқызы – Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
·    Сыздықова Баян Рамазанқызы – аға оқытушы
·    Сүлейменова Зәуре Екпінқызы- аға оқытушы, педагогика және психология магистрі
·    Асаров Мұрат Мұзарапұлы – аға оқытушы, педагогика магистрі
·    Воронова Рита Минигаяновна - аға оқытушы, педагогика және психология магистрі
·    Тасболатова Жания Серікпайқызы – аға оқытушы,  педагогика магистрі
·    Накешев Жаслан Қалелұлы - аға оқытушы,  педагогика ғылымдарының магистрі
·    Жантемірова Мадина Балтабайқызы - аға оқытушы, педагогика және психология магистрі
·    Құсайынова Гүлшат Төлендіқызы - аға оқытушы, әлеуметтік жұмыс магистрі
·    Какабаева Динара Серікқызы - аға оқытушы, педагогика және психология магистрі
·    Ахметова Азиза Амангелдіқызы – әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы

Кафедраның оқу-көмекші құрамы:
·    Иманғалиева Разия Мұхамеджанқызы  – кафедра лаборанты

·  Кажкенова Дана Наурызбаевна - лаборант кафедры


Телефон: 8 (7162) 40-21-99
Кафедраның мекен-жайы: Абай к-сі, 76, № 1 оқу ғимараты, №601 кабинет.

Кафедраны таныстыру