Skip to main content
x

кітапхананың құрылымы

Ғылыми кітапхана – 60 жылдан астам уақыт бойы жинақталған бірегей қоры, дамыған ақпараттық технологиясы, оқырмандар үшін жасалған жайлы жағдайы, білікті мамандардардан тұратын ұжымы бар білім, мәдениет, рухани қарым-қатынасты тарататын заманауи орталық. 

 

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кітапханасы 4 оқу ғимараты мен 3 жатақханада орналасқан. Тыңдаушыларға қызмет көрсетіп, кітап беретін10 бөлім бар. Кітапхана құрылымында 4 сектор.  

Кітапхана құрылымы: 

· Қызмет көрсету бөлімі; 

· Электронды оқу залы;

· Жинақтау және өңдеу бөлімі; 

· Ақпараттық-библиографиялық бөлім;

· Аграрлы факультеттің кітапханасы.

Кітапхана қоры әмбебап сипатта. Әдебиет әр пәннің қажеті ескеріліп алынады. Ғылыми кітапхана қоры университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары ескеріліп жинақталады. Диссертациялар және диссертация авторефераттары, заңдар жинағы, қаулылар, үкіметтік бюллетеньдер, статистикалық жинақтар, энциклопедиялар, реферативті журналдар, Қазақстан мен ТМД ЖОО-рының ірі кітапханаларындағы еңбектер мен ғылыми хаттар, ғылыми конференциялар материалдары аса құнды болып есептеледі.

Кітапхана қоры -744156, атаулар – 94579 құрайды. 

Электронды қор 5000-ға жуық.