Skip to main content
x

қызмет көрсету бөлімі

Пайдаланушыларға қызмет көрсету секторы.

Абонементтің кітапхана қоры 420000 дананы құрайды және ол студенттер оқитын жерге барынша жақын орналасқан: университеттің әр ғимаратында оқу кітапханасы немесе оқу залы бар.

Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет: әдебиетті алу және іріктеу, тақырыптық сұраныстарды орындау, оқырмандарға ақпаратты өздігінен іздеуді жеңілдету үшін кеңес беру.

Кітаптар беру кезінде топтық қызмет көрсету енгізілген. 

Түрлі ақпарат көздерін, сондай-ақ электронды каталогтың библиографиялық дерек қорын пайдалану әдістемесі түсіндіріледі.

Құрметті оқырмандар, электронды қызмет көрсетуге ауысқанға орай, Сіздер алған кітаптардың пайдалану мерзімін әр ай сайын ұзартуға тиіссіз.

Кітапханаға жазылу үшін топ старосталары мамандықты, Т.А.Ә, СТТН, ұялы телефон нөмірін көрсетіп, топ студенттерінің тізімін ұсыну қажет. 

210520191122_5.JPG