Skip to main content
x

«Көкше аруы» байқауы

      2019 жылдың 16 мамырында «Достар» Мәдениет үйінде «Көкше аруы» байқауы өтті. Бұл сайыста Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледждің студенттері Қажымұрат Арайлым, Анаров Дильфуза, Каржаубаева Жанерке өз  шеберліктерін көрсетті.

Бұл іс-шараның мақсаты - білім беру, қарапайымдылық, интеллект пен жастарды ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу болып табылады.

            Байқау төрт кезеңнен тұрды. Байқаудың бірінші кезеңі -  «Сәлемдесу», қатысушылар өздерін әртүрлі формада көрсетті:қойылымдар, билер, презентациялар. Екінші кезең – әр қатысушы өз ұйымдарын таныстыру. Үшінші кезең - қатысушыларға ұсынылған сұрақтар бойынша жауап беру. Сайыстың төртінші кезеңі шығармашылық қабілеттерін көрсету болды. Қатысушылар өздерінің өнерлерін музыкалық, хореография, қолданбалы өнері және т.б. жағынан көрсетті.
            Әрине, жақсы өнер көрсету үшін қатысушыларға жанкүйерлерінің белсенді қолдауы  демеу болды. Байқау қорытындысы бойынша ҚБ-11 тобының студенті Қажымұрат Арайлым «Өнерлі» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды, «AK-11» тобының студенті  Анарова Дильфуза «Сымбатты ару» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды, ал Қаржаубаева Жанерке АК-11 тобының студенті жүлделі 3-ші орынды иеленді.
            Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжд қыздары өздерінің таланттарын, эрудициясын, сахнада өзін ұстау қабілеттерін керемет танытты.
            Қатысушыларымызды құттықтап, үлкен жетістіктер тілейміз!

230520191211_1.jpg

230520191211_1.jpg

230520191211_1.jpg