Skip to main content
x

ИСПАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ТӘЖІРИБЕСІ ТРАНСФЕРІ

        ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТҰРАҚТЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ

 

«585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру» жобасы бойынша халықаралық әріптестердің кездесуі 2019 жылдың 14-17 мамыр аралығында Вальядоллид Университетінде (Испания, Вальядоллид қ.) өтті.

Вальядолид Университеті -Испаниядағы ең беделді және танымал университеттердің бірі. Университет XIII ғасырда құрылды және Испаниядағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет 4 жоғары мектеп пен 8 факультетті қамтиды.

240520191009_1.jpg

№1 сурет. Вальядолид университетінің бас әкімшілік ғимараты, Вальядолид қаласы, Испания

Мектептер: информатика мектебі, жоғары инженерлік телекоммуникация мектебі, жоғары инженерлік-индустриялық мектеп және жоғары сәулет мектебі.

Факультеттер:

Ғылым факультеті, экономика және коммерция факультеті, сауда факультеті, құқық факультеті, білім және әлеуметтік жұмыс факультеті, медициналық-биологиялық факультеті, медицина факультеті, философия және гуманитарлық ғылымдар факультеті.

Вальядолид университетінде  100 мамандық бойынша білім алуда. Университетте 22 000 студент білім алып, 2500 оқытушы жұмыс істейді.

Ш. Уәлиханов  атындағы ҚМУ Вальядолид  университетімен «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру» жобасы аясында ынтымақтастық қарым-қатынаста.

Жоспарға сәйкес EduEnvi жобасын іске асыру мақсатында, кезекті кездесу Вальядолид Университет базасында өтті. 

Біздің университетімізден EduEnvi жобасының командасы семинар-тренингке белсенді қатысты. Кездесуге жоғары оқу орындарының оқытушылары мен Финляндия, Дания, Испания, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасынан келген ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

EduEnvi жобасы аясында Ш. Уәлиханов ҚМУ делегациясы. бизнесті және кәсіпкерлікті, мемлекеттік және муниципалдық басқаруды, қалдықтарды тұрақты басқару бойынша экологиялық менеджментті дамыту курстары мен модульдерді әзірлеу  талқылауына қатысты; Вальядолид университетінің экологиялық технологиялар зертханалары және еуропалық экологиялық білім беру орталығымен танысты.

Кездесу кезінде Ш. Уәлиханов ҚМУ ректоры. Сырлыбаев Марат Қадырұлы және Вальядолид университетінің ректоры Антонио Ларго Кабреризомен ресми түрде ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойып, алмасты. Аталған Келісімде екі университет арасында зерттеушілермен, ПОҚ, студенттермен алмасу, екі дипломды білім беру, халықаралық конференцияларды ұйымдастыру, зерттеу және инновациялық жобаларға бірлесіп қатысу қарастырылған.

Ынтымақтастық туралы шартты табысты жүзеге асыру және оның тұрақтылығы үшін Вальядолид университеті мен Ш. Уәлиханов ҚМУ бірлесіп  біздің ЖОО базасында  "Испан тілін оқыту орталығын" құру жоспарланды.  

240520191009_2.jpg

№2 сурет. Испания, Мадрид қаласындағы СИБЕЛЕС алаңы.

240520191009_3.jpg

№3 сурет. Вальядолид университетінде  «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру» EduEnvi жобасы бойынша семинар-тренингтің ресми ашылуы.

240520191009_4.jpg

№4 сурет. Вальядолид университетінде қалдықтарды тұрақты басқару бойынша курстар мен модульдердің тұсаукесері. Испания

240520191009_5.jpg

№5 сурет. Вальядолид университетінің Ғылыми кітапханасында «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру» EduEnvi жобасы бойынша семинар - тренингтің қатысушылары.

240520191009_6.jpg

№6 сурет. ҚМУ ректоры М. К. Сырлыбаев және Вальядолид университетінің ректоры Антонио Ларго Кабреризо арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қою, Испания.

240520191009_7.jpg

№7 сурет. Вальядолид университетінің ректоры Антонио Ларго Кабреризоға Ұлттық естелік кәдесыйды сыйға тарту.

240520191009_8.jpg

№8 сурет. Вальядолид Университетінде экологиялық білім беру орталығына бару. Жер беті және жаңбыр суларын жинауға арналған мембраналық резервуар.

240520191009_9.jpg

№9 сурет. Атмосфералық ауаның ластануын мониторингін жасауға арналған экологиялық станция.

240520191009_10.jpg

№10 сурет. Экологиялық орталық ғимаратын жылытуға және автомобиль аккумуляторларын зарядтауға арналған күн батареяларының панельдері.