Skip to main content
x

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжде «Қазақ халқының салт - дәстүрлері және ислам» атты зияткерлік ойын өтті.

 

2019 жылдың 22 мамырында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжінде дінтанушылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанға, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен салт – дәстүрлеріне  деген сүйіспеншілік пен құрметті жетілдіру, сондай –ақ әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы  достық қарым – қатынастарды қалыптастыру, деструктивті жалған діни идеологиясына қарсы тұру, діни экстремизм мен терроризмді алдын-алу  мақсатында «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» маманы Н.Муратовпен «Қазақ халқының салт- дәстүрлері және ислам»атты зияткерлік ойын өтті.

Ойында үш команда қатысты: «Алғыр» («Шет тілі» мамандығы), «Достық» («Есеп және аудит») және «Алтын сапа» («Қазақ тілі және әдебиеті»). Студенттер қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.

 Ойынның соңында  жеңімпаз атанған «Алтын сапа», оның капитаны Дуйсенбекова Асемге І дәрежелі диплом берілді.  «Достық» командасындағы көшбасшысы Сатыбалдина Мадина  ІІ дәрежелі диплом ұтып алды. Үшінші«Алғыр» командасы да ІІІ дәрежелі дипломымен  мараптталды, команданың капитаны Айтманов Диас.

240520191418_1.jpg

240520191418_1.jpg

240520191418_1.jpg

240520191418_1.jpg

240520191418_1.jpg