Skip to main content
x

Ш.Уәлихановатындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті

         2019 жылдың 4 маусымында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бірінші курстар топтары арасында іс-шара өтті.

         Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерге терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және нығайту, қазақстандық патриотизмді нығайту.

         Дәстүр бойынша ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Одан әрі оқытушылар Шакенова Ж.К. және Абильева Ж.К. осы мерекенің жалпы тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы баяндап берді. Студенттер мемлекеттік рәміздерді білу бойынша блиц-викторинаға қатысты, іс-шараның соңында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері құттықтау сөз сөйледі.

         Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін ресми атрибуттар, азаматтардың Отанына деген мақтаныш сезімін тудырады. Мұндай іс-шаралар интеллектуалды және когнитивті сипатқа ие, оқушылардың көзқарасын кеңейтуге көмектеседі, патриот пен ел азаматын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.

070620191025_1.jpg

070620191025_1.jpg

070620191025_1.jpg