Skip to main content
x

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының  директоры Ербол Оразбековпен кездесу

 

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының  директоры Ербол Оразбеков Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры Марат Сырлыбаевпен кездесті.

Халықаралық  жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Елбасы бастамасы бойынша құрылған. Орталық ЭКСПО-2017-нің идеологиялық мұрагері болады деп жоспарланды.

 Орталықтың негізгі қызметі – «жазыл» мәдениетті қалыптастыру және экологиялық мәселелерді Қазақстанда және Орталық Азия аймақтарында жасыл технологияларды дамыту арқылы шешу. Орталық энергетикалық сектордың міндеттерін шешуге, «жасыл» бизнеске көшуді, жасыл технологиялар мен үздік тәжірибелерге бейімделуді жоспарлайды.

         Іс-сапар мақсаты – жобаның ғылыми сүйемелдеу бойынша ынтымақтастықты орнатып, оны Ақмола өңірінде және жалпы республикада енгізу және тарату.

         Орталық жобаны (Щучинск-Бурабай және Баянауыл курортты аймақтарда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін әзірлеу) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қаржылық қолдауымен  жүзеге асыруда. Осы жобаға ұлттық сарапшы ретінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің өсімдік шаруашылығы және топырақтану кафедрасының профессоры, б.ғ.д. А.Т.Хұсайынов қатысады.

Орталық Бурабай кентінде өсімдік шаруашылығы және топырақтану кафедрасының филиалын ашуды және филиал зертханасында жұмыс істеуге университет ғалымдарын тартуды жоспарлап отыр.

 17062019830_1.JPG