Skip to main content
x

Астана Медициналық университетінің ректоры профессор

Дайнюс Павалькистің жұмыс сапары

 

         2019 жылғы 14 маусым күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының міндетін атқарушы Сәуле Ілиясқызы Сыдықова және Астана Медициналық университетінің ректоры, профессор Дайнюс Павалькис жұмыс сапармен келіп, университет әкімшілігімен кездесті.

Арнайы келген қонақтарды Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің ректоры Марат Сырлыбаев жылы қарсы алды.

Кездесу барысында  университет ректоры Марат Сырлыбаев білім ордасы туралы қысқаша тоқталып, соңында жаңадан ашылған Медицина факультеті жайында айтты. Сондай-ақ, кездесуге ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Айгүл Жақыпова, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Асем Дүйсембина және медицина факультетінің деканы Светлана Мұратбекова қатысты.

Кездесудің мақсаты - медициналық факультеттің материалдық-техникалық базасымен, ондағы оқу зертханалары мен жұмыс кабинеттерін, кафедраның оқытушылар құрамын, сондай-ақ  білім ордасына оқуға түскен студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен таныстыру.

         Бүгінде білім ордасындағы ашылып отырған Медициналық факультетте екі кафедра жұмыс істейді: Клиникалық пәндер кафедрасы және Морфология, физиология мен жалпы патология кафедрасы.

         Жоғары оқу орнында ашылып отырған факультетте 197 студент оқиды. Соның ішінде 50 студент облыс әкімі гранты, 12 студент ҚР БҒМ гранты бойынша оқуға қабылданды. Сондай-ақ, аталмыш оқу орнына шетелдерден, атап айтсақ, Үндістан мемлекетінен 41 студент оқу ордасында білім алуда.

Университетте оқып жатқан студенттер мен шетел азаматтары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

          Өз жұмысын бастап отырған медицина факультетін м.ғ.д. Светлана Қабденқызы Мұратбекова басқарады, кафедра меңгерушілері – м.ғ.к. Тұрлыбеков Қайрат Қарайұлы және м.ғ.к. Айтқұлов Мұрат Тілеуқабылұлы. Факультетте жоғары санаттағы білікті мамандар мен оқытушы-профессорлар жұмыс істейді. Жаңадан ашылған факультет бүгінде облыстық, қалалық емхана, клиникалар, медициналық орталықтармен және Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы медициналық университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тығыз қарым-қатынас орнатқан. Болашақта шетелдің медициналық клиникаларымен де байланыс орнатып, олармен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. 

         Кездесу барысында Сәуле Сыдықова Денсаулық сақтау және медицина саласындағы бүгінгі тың өзгерістермен және оқыту бағдарламасындағы білім беру жүйесі туралы сөз қозғап, университет ұжымымен ой бөлісті.

Жұмыс сапарымен келген  профессор Дайнюс Павалькис те сөз кезегін алып, шетелдеріндегі денсаулық сақтатау, медициналық білім беру мәселелеріне тоқталып, ондағы біздің елімізге қажетті ерекшеліктерді алу, олармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, өзара тәжірибе алмасу қажеттігі туралы айтты.

Арнайы жиыннан соң келген қонақтар университеттің бас оқу ғимаратындағы аудиториялар мен оқу зертханаларын аралап,  факультеттегі оқытушы-профессорлар құрамымен танысты. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпсалалы облыстық аурухананың» негізгі клиникалық базасына барып, онда резидентураны ұйымдастыруға болатынын атап өтті.

 Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ашылып отырған  медициналық факультеттің жалғыз универсиет ұжымы үшін ғана қуаныш емес, ол барлық Ақмолалықтардың мерейі болып отыр.

17062019841_1.JPG

17062019841_1.JPG

17062019841_1.JPG

170620191034_1.jpg

170620191034_1.jpg

170620191034_1.jpg

170620191034_1.jpg

170620191034_1.jpg

170620191034_1.jpg170620191034_1.jpg