Skip to main content
x

«Көптілді білім беру: тәжірибе және перспективалары» атты

дөңгелек үстел

2019 жылдың 11 маусымында Шетел тілдері кафедрасында «Көп тілді оқыту: тәжірибе және перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ғылыми шара жұмысына кафедра оқытушылары мен жаратылыстану-математика бағытындағы мамандар қатысты.

Биология және оқыту әдістемесі  кафедрасының меңгерушісі, доцент Н.М. Сафронова, физика-математика кафедрасының аға оқытушысы, магистр  С.В. Ларионова,  химия және биотехнология кафедрасының оқытушысы, магистр Х.С.Евлоева қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
           Кездесуге университетке дейінгі білім беру бөлімінің ағылшын тілі оқытушысы А.Д.Исмагулова шақырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар  өз мамандықтары бойынша көптілді білім беруді ұйымдастыру мәселелерін талқылады, ағылшын тілінде негізгі пәндерді оқыту тәжірибесімен бөлісті және көптілді білім беруді одан әрі жетілдіру перспективаларын бағалады.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуді жалғастыруға және осы бағдарламаны іске асыру барысында туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге тілек білдірді.

180620191528_1.jpg