Skip to main content
x

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектептегі курстардан өтті. Мектеп Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалында ашылды. 10 маусымнан бастап Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында және 14 облыстық орталықтарда жоғары оқу орындарының студентеріне арналған «Адалдық мектебі» жазғы мектебі аясында бір мезгілде сабақтар басталды. Көкшетауда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы мектепті жергілікті ЖОО-ның 26 студентіне ұйымдастырды.

Жазғы мектептің негізгі мақсаты – жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп үлгісін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұрпаттағы жастар өкілдерін даярлау.

 Студенттерге сабақтарда не үйренгендерін және олар қалай өткені туралы Анель Уалиева және Бекнұр Амангелді әңгімелеп берді.

 Кездесуге әртүрлі факультеттер мен курстардың студенттері қатысты, сондықтан әңгіме мәнді және қызықты болды.

 Заңтану кафедрасының меңгерушісі Қанат Әбділов бастапқыда қызығушылық танытпаған студеттентерді қызықты әңгімесімен олардың назарын аудардты. Мектеп тыңдаушылары тренингтер, интерактивті пікір-таластар, кейстер туралы айтты. Олар сыбайлас жемқорлық феномені және онымен байланысты түсініктер туралы білім алып, өздері алған білімді қалай қолданатыны туралы ұсыныс жасады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тренерлері мен мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін пайдаланатын әзірлемелермен және оларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Жазғы мектептегі сабақтар тәлімгерлер жетекшілігімен жүргізілетін жобалар дайындауымен кезектесті.   

«Адалдық мектебіндегі» оқу жазғы мектеп қатысушыларының жобалар қорғауымен аяқталды. Қорғауға «Стоп сбор», «Новостной канал  «AdalChannel», «ЖОО-да  жемқорлықпен күрес», «AqmolaSmart-Anticorruption (ASA)» атты төрт жоба ұсынылды. Сарапшы комиссия мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша «AqmolaSmart-Anticorruption (ASA)» жобасы үздік деп танылды. Барлық мектеп тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.

Университеттің салтанат залындағы кездесу студенттік аудиториямен алғашқы қарым-қатынас болды. Студенттер құрылған Студенттік парламент, «Саналы ұрпак» клубының жұмысы туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай жүргізуге болатыны туралы өз ойларымен бөлісті. Мысалы, «Сенім» жәшіктерін қайта орнатып, оларды сессия алдында ашу туралы шешім қабылданды, мүмкін, бұл студент пен оқытушының қарым-қатынасы барысындағы көптеген мәселелер шешеді. Студенттік кеңестер белсенді жұмыс істеп, қоғамдық өмірге студенттерді тартады деген шешім қабылдады. Емтихандарды тапсыру және алда тұрған ҰБТ жайлы да сөз қозғалды.

Студенттердің түйіндегені – өз күші мен біліміне сену керек. ЖОО-да өз әділігіне сенімді, үздік қыздар мен жігіттер оқу тиіс, - деді кездесу қатысушылары. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа нақты тосқауыл  қойылады.