Skip to main content
x

11-12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы неміс этносының  даму бағдарламасын әзірлеу бойынша қорытынды іс-шара өткізілді.

Аталмыш шараға Ш. Уалиханов атындағы КМУ-гі шет тілдері кафедрасының  доценті, «Тіл. Білім беру» блогында жұмыс тобының мүшесі Л.С.Байманова қатысты.

Іс-шараның ашылу рәсімінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Альберт Рау сөз сөйлеп, бағдарламаның негізгі мақсатын айтты. Екі күн ішінде әртүрлі өңірлерден келген әріптестер сегіз блокта жұмыс істеді. Бағдарламаның қорытынды нұсқасы 2019 жылдың күзінде бекітіледі.

210620191105_1.jpeg

210620191105_1.jpeg