Skip to main content
x

17 маусым күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақстан Гете-Институтының 25 жылдығын мерекелеу аясында Ш. Уәлиханов атындағы КМУ шет тілдері кафедрасының студенттері мен оқытушылары Қазақстан Гете-Институтының ақпарат және кітапхана бөлімінің директоры, оқытушы, германист-аудармашысы, журналист Рауза Мұсабаевамен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты - М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының кітапханалық қорына неміс тіліндегі әдебиеттерді табыс ету.

Кездесудің барлық қатысушылары Goethe-Institut электрондық порталының мүмкіндіктері туралы көп мағлұмат алды.

Қатысушылар үш тілде өлең оқып, ән шырқап, би биледі және кездесуден көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

210620191114_1.jpeg

210620191114_1.jpeg