Skip to main content
x

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің "Өсімдік шаруашылығы және топырақтану" кафедрасының аға оқытушысы Сураганов Мирас Нурбаевич 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін "Ақмола облысы қыратты-жазықты аймағы жағдайында түйежоңышқаны тұқымға өсірудің инновациялық технологиясы" тақырыбында диссертациясын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері: а.-ш.ғ.к., доцент Мемешов Сансызбай Койшыбайұлы (Казахстан); PhD, профессор Янчева Христина Георгиевна (Болгария).

С. Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтының ұжымы шын жүректен біліктілікті дәлелдеп, философия докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын табысты қорғауымен құттықтайды! Мирас Нурбаевичке және ғылыми кеңесшілеріне зор денсаулық, өмірде бақыт, жемісті кәсіби қызмет және ғылыми ізденістер тілейді!

 

 kgu.kz

kgu.kzkgu.kz

 

Дата создания