Skip to main content
x

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстандағы АҚШ Елшілігі жанындағы  English Language Fellow Program ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық офисімен бірге қызмет істейді. Бағдарламаның мәні Қазақстанның оқу орындарына ағылшын тілі оқытушыларын ұсыну болып табылады. Осы бағдарлама аясында американдық оқытушылар өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістерін енгізуге көмектеседі.

6 қыркүйек күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кіші конференц-залында ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсесінің басшысы Джон Сильвермен кездесу өтті.

Кездесу барысында ол ағылшын тілінің жаңа оқытушысы Нэйла Исламды таныстырды. Нэйла Ислам English Language Fellow бағдарламасы бойынша университетте жұмыс істейтін болады және оның жұмыс тәжірибесі студенттер үшін де, оқытушылар үшін де пайдалы болмақ. Ағылшын тілі бағдарламасы бойынша аймақтық кеңсе өкілдерімен ағылшын тілі бағдарламасы бойынша үйлестіруші Ольга Патерова болды.

Кездесуге бірінші проректор Т.Н. Жарқынбеков, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Д.Жақыпова, филология және педагогика факультетінің деканы А.А.Исмағұлова, халықаралық ынтымақтастық бөлімнің жетекшісі Э.Ф. Герфанова қатысты.

 Шара барысында проректор университет қызметінің негізгі бағыттары мен ағылшын тілінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы айтып, көптілді білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы университеттің ерекше рөлін атап өтті.

 Өз кезегінде, Джон Сильвер АҚШ-тың ағылшын тілі оқытушыларының жоғары оқу орындарында жұмысын қарастыратын білім беру жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды, ұсынылған жобаларға қатысу ағылшын тілін оқытудың көкжиегін кеңейтіп, үш тілдік саясатын жүзеге асыруға көмектесетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.

110920191527_1.jpeg

110920191527_1.jpeg

110920191527_1.jpeg110920191527_1.jpeg