Skip to main content
x

«М. Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» КММ-де «Қазақ филологиясы», «Ағылшын тілі және ОӘ», «Орыс тілі және кітапхана ісі» кафедра филиалдарының ашылуы

 

2019 жылғы 11 қыркүйекте «М. Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» КММ-де «Қазақ филологиясы», «Ағылшын тілі және ОӘ», «Орыс тілі және кітапхана ісі» кафедра филиалдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Стратегия және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Т.Н.Жарқынбеков, Филология және педагогика факультетінің деканы А.Е.Исмағұлова, оқытушы-профессорлар құрамы, кафедра студенттері, мектеп директоры, оқу бөлімінің меңгерушілері, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Филиалдың салтанатты ашылу барысында мектеп директоры Рабиға Кеңесқызы Абилхамитова құттықтау сөз сөйлеп, "Қазақ филологиясы" кафедрасымен тығыз жұмыс істеу жайлы және болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру үшін өткізілетін бірлескен іс-шаралар туралы айтты.

Стратегия және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Т.Н.Жарқынбеков «М. Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» университет студенттерінің кәсіптік практикадан өту бойынша негізгі мектеп болатынын атап өтті. Филиалдың ашылуы студенттерді кәсіби даярлау; педагог-шеберлердің озық тәжірибесін меңгеру; студенттердің кәсіби және тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру; студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысуы үшін жағдай жасау сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

 Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы» КММ директоры Рабиға Кеңесқызы Әбілхамидоваға, оқу бөлімінің меңгерушілері мен мұғалімдеріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg

130920191148_1.jpg