Skip to main content
x

Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша өткізілген ұлттық викторина

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы маусым айында Демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институтымен бірлесе отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторина өткізген болатын.

Викторинаға бірден қазақстандық 30 ЖОО-нан 170 студент қатысып, олардың әрқайсысына Ережеге сәйкес атаулы сертификаттар берілді. Солардың ішінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен де викторинаға қатысқан студенттер бар.

Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын, сондай-ақ жас сайлаушылардың электраттық-құқықтық мәдениетін арттырудың мәнін ескеріп, ЖОО басшылығымен бірге  викторина қатысушыларына сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Аталмыш шараға облыстық сайлау комиссиясының хатшысы  Манарбек Садуов арнайы келіп, викторина қатысушыларына сертификаттар табыстады.

Мәдени шараға универсиеттің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры Аманбай Сейітқасымов, оқытушы-профессорлар мен студент-жастар қатысты.

170920191242_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG

170920191230_1.JPG