Skip to main content
x

Ұлағатты ұстаздарға арналған

мерекелік іс-шара

 

         2019 жылғы 4 қазан күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің салтанат залында университет жанындағы Көпсалалы колледж ұжымының ұйымдастыруымен Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті.

         Мерекелік шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры М.К.Сырлыбаев, университет проректорлары А.Д.Жакупова, А.А.Сейітқасымов, білім ордасының оқытушы-профессорлары мен студент-жастары, сондай-ақ Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Нина Стукаленко және т.б. мекемелердің арнайы қонақтары қатысты.

Ұстаз – ұлағатты есім. Дүниеде ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” – деп дана халқымыз айтқандай өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығары сөзсіз.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы тәлім-тәрбие беруде, адами қасиеттерді бойларына дарытуда ұстаздың еңбегі зор.

Мемлекет басшысы еліміздің ең басты байлығы білімді жастар екеніне аса мән беріп, білім саласын одан әрі дамытуға бар күш-жігерін салуда.

Президентіміз өз Жолдауында білім және ғылымның, сондай-ақ «Педагог мәртебесін» көтеріп, олардың жалақыларының екі есеге өсуін ерекше атап отыр. Бұл дегеніміз –  мұғалімдерге деген үлкен құрметтің, оларға деген қамқорлықтың шынай белгісі.

Бүгінде университетіміз отандық Жоғары оқу орындары арасында көш бастап отырған іргелі білім ордасы деп нық сеніммен айта аламыз.

Қазіргі жаһандану дәуірінде университетіміздің оқытушы-профессорлары бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті маман тәрбиелеу жолында алдыңғы қатарда келе жатыр.

Мерекелік іс-шара мектеп формасын киген колледж студенттерінің шеруімен басталды. Студент-жастардың орындауларында «Ұстаздарға арнау» оқылды.

Ұлағатты ұстаздарға арналған мәдени шараны Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, оқу ордасының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Білім ордасының басшысы Марат Кәдірұлы құттықтау сөзінен соң білім және ғылым саласында университетімізде көп жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды атап айтсақ, физики және математики кафедрасының профессоры Қайыржан Қожабаев, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Өміргүл Жұмағұлова, өсімдік және топырақтану кафедрасының доценті Зейнегуль Саттыбаева, заңтану кафедрасының аға оқытушысы Евгений Максименко, Дене шынықтыру, спорт, теория және практика кафедрасының аға оқытушысы Әлібек Тоқпановты құрмет грамотасымен марапаттады. Оған қоса ұстаздарға 50 мың теңгенің сертификаттары да табысталды.

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан медицина факультетінің деканы Светлана Мұратбекова, профессор Балташ Карипов және т.б. бірқатар ұстаздар құрмет грамотасымен ерекше марапатталды.

Сонымен қатар қалалық және облыстық білім беру мекемелеріндегі іс-шараларға белсенді қатысып жүрген университеттің бірнеше оқытушыларына да алғыс хаттар табысталды.

Атап айтар болсақ: Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин қазақ филологиясы каферасының аға оқытушысы Ләйіс Мусинді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хатпен,   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры  Нина Стукаленко арнайы келіп, білім ордасының оқытушыларын марапаттады. Сондай-ақ, Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ақмола облысының Тілдерді дамыту басқармасы атынан да алғыс хаттар мен құрмет грамоталары болды.

Мәдени шара барысында шәкірттерінің санасына білім сәулесін шашып жүрген құрметті де аяулы ұстаздарға үлкен құрмет көрсетіліп, соңы мерекелік концертке ұласты.

Бүгінгідей мерейлі мереке күні барша Ұстарымыздға мықты денсаулық,  отбастарына береке-бірлік, жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы істеріне абырой, шығармашылық табыс тілейміз!

Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз жарқын болсын демекпіз!

Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!

Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG

071020191007_1.JPG