Skip to main content
x

2019 жылғы 5 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Bolashaq Даму Қоры ұйымдастырған Қазақстандағы ең ірі білім беру көрмесі басталды.

Көрме жұмысына әлемнің 50 елінен 300 университет қатысуда.

Көрме білім беру саласындағы жетекші мамандардан қажетті мәселелер бойынша кеңес алу үшін ғана емес, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегін кеңейту, халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру саласында тәжірибе алмасу үшін де жақсы алаң болып табылады.

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры М.К. Сырлыбаев, білім беруді интернационалдандыру мәселелері бойынша ректордың кеңесшісі А.А. Какабаев, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Э.Ф. Герфанова аталған іс-шараға қатысты.

Білім беру көрмесі аясында Ш. Уәлиханов университеті өкілдерінің бұрынғы әріптесі - Балтық Халықаралық Академиясының халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Инта Букамен кездесуі де өтті. 

Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлығын күшейту, қысқа мерзімді тағылымдамаларды ұйымдастыру, екі дипломды бағдарламаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Ректор Марат Сырлыбаев білім беру көрмесі аясында білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастық тетіктері нақтыланған Қазақстан-Венгр ректорлар конференциясына қатысты.

Жоғары оқу орындарының басшылары одан әрі ынтымақтастықтың нақты іс-шаралары туралы келісіп, әріптестік қарым-қатынастардың болашағын айқындады.

09102019833_1.jpeg

09102019833_1.jpeg

09102019833_1.jpeg

09102019833_1.jpeg

09102019833_1.jpeg