Skip to main content
x

 

 

             2019 жылғы 16 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медицина факультетінде «Адалдық сағаты» өтті.

             Іс-шараның мақсаты – студенттердің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

             Шараға факультеттің бірінші курс студенттері қатысты. Шара  шеңберінде заң ғылымдарының магистрі Е.В. Максименко сөз сөйледі. Ол өзінің баяндамасында студенттерді тұлға және қоғам ұяшығы ретінде тәрбиелеу туралы мәселені көтерді.

             Аталмыш шараға факультет студенттері белсенді қатысып, медицина саласы бойынша өз міндеттерін атап өтті.

161020191505_1.jpg

161020191505_1.jpg