Skip to main content
x

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин" атты ғылыми конференция Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өтті.

Көкшетау қаласына белгілі қоғам қайраткерлері, еліміздің жетекші ғалымдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының сакентанушылары келді.

Конференция алдында қонақтар "Ұлы даланың жеті қыры"атты көрмеде студенттер мен оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалады. Экспонаттар металдан, ағаштан, киізден жасалған суреттер мен бұйымдармен безендірілген. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Сәкен Сейфуллин қорының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, ақын және жазушының құрметіне Сәкен деп аталған Сейфуллиннің туған ағасының немересі, С.Сейфуллин мұражайының директоры Несіпбек Айтұлы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, ф.ғ.д. Жандос Смағұлов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф.ғ.д. Аманжол Алтаев көрме жәдігерлеріне риза болып, жоғары баға берді.

Конференцияның ресми бөлімінде университет ректоры Марат Сырлыбаев модератор болып, қонақтарды ЖОО-ның заман талабына сай жаңартылған әрі жарық ғимаратында қуанышпен қарсы алып сөз сөйледі. Салтанат залындағы көңіл-күй мен жағдайдың өзі ұлы тұлға - Сәкен Сейфуллин рухына сай болды. Ақын, публицист, қоғам қайраткері туралы көп айтылды, әлі де айтылады және көптеген зерттеулер де әлі болады.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Сәкен Сейфуллиннің мерейтойын мерекелеу іргелі оқиға болып табылатынын және қазақстандықтардың рухани өмірін арттыруға бағытталғанын атап өтті: Сәкен Сейфуллин - ел тарихында жарқын із қалдырған айтулы тұлға. Оның өмірі мен бай шығармашылық мұрасын зерттеу мен көпшілікке тарату өте маңызды, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің бастамасымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Тұрсынбек Кәкішев орталығы ашылады. Ақмола облысының тумасы, белгілі филология ғылымдарының докторы, Тұрсынбек Кәкішев Сәкен туралы 16 ғылыми-зерттеу кітабын жазып, сакентануға үлкен үлес қосқан ғалым. Қазақ классиктерінің арасында Абай мен Сәкен Сейфуллиннің ғана өмірбаяны терең зерттелген. Тұрсынбек Кәкішев әдебиет туралы ғылымның түрлі мәселелерімен айналысты. Ал Сәкен Сейфуллиннің өмірінен алынған беттерді зерттеу - ең алдымен оның хоббиі болды, - дейді ғалымның жесірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Күләш Ахметова.

Сәкен Сейфуллиннің қазақ мәдениетін дамытудағы рөлін қатысушылар, оның ішінде театр сахнасында және деректі фильмдерде Сәкен рөлін сомдаған актер, драматург Қанат Жүнісов атап өтті. Ол Сәкен Сейфуллиннің есімімен байланысты түрлі бұрмалаушылықтар туралы да айтты.

Тарихтағы құпияны ашу – ол ғалымдардың міндеті. Оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ғалымдарының да міндеті болып табылады.  

Сәкен Сейфуллиннің есімі ақмолалықтар үшін аса қымбат. "Көкшетау" поэмасында ол Бурабайдың тамаша табиғатын жырлаған. Сәкен қазақ мерзімді баспасөзінің бастауында да тұрды. Оның қатысуымен "Тіршілік" газеті шыға бастаған, ол қазір облыс аумағында "Арқа ажары" деп атауымен белгілі. 

  Ақмола облысында Сейфуллиндер отбасын қайғылы сәттер де айналып өтпеді. Көкшетаудағы мұсылман зиратында оның ұлы Аян жерленді, ол кішкентай жасында жұбайы Сәкен Гүлбахрамның қолында Отанын сатушылар әйелдерінің Ақмола лагеріне баратын жол бойында қайтыс болды.

Бүгін конференция басталар алдында конференция қатысушылары, арнайы келген қонақтар Қопа көлінің жанындағы зиратқа барып, оны еске алды.

 Конференция резолюциясын қабылдағанда, Көкшетауда Сәкен Сейфуллин атын мектепке беру туралы ұсыныс болды. Облыста Сәкен атындағы мектептер мен көшелер бар. Сәкен мүсінін жасау, саяхат бағын жасау және тағы да көптеген ұсыныстар болды.   

Ұлы ақын және ойшыл Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған салтанатты жиындар қатарында Көкшетауда өткен өңіраралық "Сыр-сандықты ашып қара" ақындар мүшайрасы.

 Жарысқа Нұр-Сұлтан, Петропавл, Павлодар қалаларынан, Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 22 адам қатысты. Олар қазақ поэзиясының көрнекті классигінің өмірі мен шығармашылығы туралы өз өлеңдерін, сондай-ақ еркін тақырыптағы шығармаларды ұсынды.

 - Сәкен Сейфуллиннің шығармаларында жастарға қажетті патриоттық негіз - өз Отанына деген сүйіспеншілік қаланды. Бұл ұстаным шығармашылығы құнды және маңызды болып табылатын, өз заманы дауылпазының өмір жолына қатысты, - деп атап өтті ақындық жекпе-жектің ұйымдастырушылары. 

161020191701_2.jpeg

161020191701_2.jpeg

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191619_1.JPG

161020191701_1.jpeg