Skip to main content
x

«Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл» тақырыбындағы семинар

 

2019 жылғы 10 қазан күні шет тілдер кафедрасында «Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл» тақырыбында семинар өтті.

Берлин қабырғасының құрылысы 1961 жылы 13 тамызда басталды. 28 жыл бойы қабырға Берлинді бөліп тұрды. Оның қасында ГДР-дің кемінде 140 тұрғыны Батыс Берлинге қашуға тырысып қаза болды. Берлин қабырғасын қирату ХХ ғасыр тарихындағы маңызды оқиға және көптеген жылдар бойы шекараның қарама-қарсы жағында тұрған миллиондаған неміс тұрғындарының бірігуінің бастауы болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар, неміс бөлімінің 2 курс студенттері осы тақырып бойынша ақпарат дайындап, Берлин қабырғасын салу мен қирауының тарихи (саяси, әлеуметтік, рухани) салдарын көрсететін деректі бейнеролик көрсетті.

 

22102019832_1.jpg

22102019832_1.jpg