Skip to main content
x

Мюнхендегі «JuLeiCa» Халықаралық жобасы

 

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-дің шет тілдер кафедрасындағы неміс бөлімінің студенттері Артур Келм мен Кристина Гиршфельд үшін осы апта қызықты өтті.

Қазақстаннан 8 адамнан тұратын жастар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс істеді, сонымен қатар жастар қозғалысын ұйымдастыру туралы ойлармен және түрлі пікірлерімен алмасты.

Аталмыш жобаға Қазақстан, Германия, Ресей және Қырғызстаннан бірнеше өкілдер қатысты. Бағдарлама барысында сондай-ақ, жобаның барлық қатысушылары өздерінің өмірі, мәдениетімен және дәстүрлі тағамдарын таныстыруға бағытталған «мәдени кештер» болды.

Бұл іс-шараның мақсаты - неміс тілін аймақтарға кеңінен насихаттау.

081120191425_1.jpg

081120191425_1.jpg