Skip to main content
x

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара

 

 2019 жылдың 28 қараша күні  С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институтының деңгейінде экономика және есеп кафедрасының оқытушылары «Назарбаев - дәуір адамы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы басты рөлі туралы «Экономика және есеп» кафедрасы  меңгерушісі И.Д. Ашимова баяндама жасады.

Салтанатты іс-шараға  проф., э.ғ.д. К.К.Кусаинов, сонымен қатар экономика және есеп кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.

Шара соңында АЭИ студенттері мен оқытушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді тамашалады.

 

291120191322_1.jpg

291120191322_1.jpg

291120191322_1.jpg