Skip to main content
x

Білім ордасының ұстаздары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесті

 

Бүгінгі күн Шоқан Уәлиханов атындағы білім ордасының ұстаздары мен қызметкерлері үшін ерекше күн деп айтуға болады. Яғни, 2020 жылғы 14 қаңтар күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары - Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Әділбеков Даурен Зекенұлы жұмыс сапарымен арнайы келіп, білім ордасының ұстаздарымен кездесу өткізді.

Маңызы зор, тағылымды шараға университет ректоры Марат Сырлыбаев, проректорлар Айгүл Жакупова, Темірхан Жарқынбеков, Аманбай Сейітқасымов, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, бөлім жетекшілері мен ғылыми әдіскерлер, сондай-ақ оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. 

Бүгінде Халық қалаулылары, яғни депутаттар елдегі өңірлерді аралап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын  бұқара  халықпен бірге талдап,  кездесулер өткізуде. Сонымен қатар ұстаздар қауымына аса қажет, әрі маңызы зор 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» туралы қабылданған Заңмен де таныстыру жоспарланған болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы және Әділбеков Даурен Зекенұлы Ақмола облысына қарасты Жоғары оқу орындары мен колледждерінде, арнайы орта білім беретін мектептерде, сондай-ақ қалалық және облыстық білім басқармалары мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізуде.

Жұмыс жоспары бойынша Шоқан Уәлиханов университетіне бірінші болып ат басын тіреген депутаттар мен келген қонақтарды университет ректоры Марат Сырлыбаев ерекше қарсы алып, білім ордасының жай-күйімен таныстырды.

Оқу ордасындағы ұстаздар қауымымен кездесуге келген депутаттар Бақытжан Тұрсынұлы мен Даурен Зекенұлы университеттегі заманауи үлгіде жабдықталған Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы, Парасаттылық мектебі, Роботатехника кабинеттері және ЯМР ғылыми-зерттеу лабораторияларымен  танысып, оң баға берді. Сондай-ақ, университет студенттерінің қолдарымен жасалған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты көрмені де тамашалады. Одан әрі білім ордасына жасалған экскурсия ғылыми шараға ұласты.

Алқалы жиынды университет ректоры Марат Сырлыбаев кіріспе сөзбен бастап, арнайы келген қонақтарды ұстаздар қауымымен таныстырды.

Бүгінде қоғамымызда, сондай-ақ елімізде әртүрлі жағдайлар мен өзгерістер болып жатқаны белгілі. Соның ішінде, бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бастысы – еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға сапалы да кәсіби білім беру болып табылады.

 Білім саласын дамыту қай кезде, қай елде болмасын басты назарда болатыны рас. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында білім және ғылым саласын дамытуды тыс қалдырған емес.          Елбасы өзінің кезекті Жолдауында мұғалім мәртебесі туралы айта келіп, келесі жылы «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң әзірлеп, қабылдау қажет деп есептеймін деген болатын өз сөзінде.

Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін» - деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Қазіргі таңда Білім және ғылым саласының алдыңда күрделі мақсаттар мен міндеттер тұр.

Жуырда Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысқан болатын.

Кездесу барысында сала басшысы Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады. Білім саласындағы басты мәселелермен толығырақ танысқан Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын да ортаға салды.Конец формы

Естеріңізде болса, өткен жылғы Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артатын айтқан болатын. Осы орайда, қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25 процентке өсетін болып отыр.

Жыл соңындағы Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жұмыстарын қорытындылып, жұмыс жобасы қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы мәселелерді шешу үшін  Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. Оның негізінде бірқатар стратегиялық және бағдарламалық ауқымды құжаттар да әзірленді. Аталмыш жоба барлық білім беру ұжымдарында, сондай-ақ  депутаттар мен экспорттардың талқылауынан өтті. Онда Жүз нақты қадам, Рухани жаңғыру бағдарламасы, Мемлекет басшысының Жолдауы және т.б. мемлекеттік бағдарламалар қамтылып отыр.

Жобаның мақсаты – Қзақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Экономикадағы ғылымның үлесін арттыру, Адами тұлға құндылықтарын тәрбиелеу.

Жуырда қабылданған Заңның мұғалімдерге берері мол деп білеміз. Яғни, ұстаздарға жақсы мүмкіндіктер беріліп, олардың кәсіби деңгейлерінің жетіліп-шыңдалуына нақты жол ашылмақ.

Аталмыш Заң «педагог мәртебесін» айқындап, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілеп берді. Сөз түйінін айтар болсақ, «Педагог мәртебесі» туралы Заң білім беру саласына үлкен серпіліс әкеліп отыр.

Шара барысында білім ордасына жұмыс сапарымен арнайы келген  депутаттар Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы мен Әділбеков Даурен Зекенұлы сөз кезегін алып, еліміздегі білім беру саласындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, білім және ғылымдағы тың жаңалықтар, сондай-ақ жуырда қабылданған «Педагог мәртебесі» Заңы туралы толық ақпарат беріп, университет ұстаздарымен ой бөлісті.

Мағынасы зор тағылымды кездесу барысында университет ғалымдары тарапынан өздерін толғандырып жүрген, әрі «Педагог мәртебесі» Заңына байланысты бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі» туралы университет ұжымы атанан Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлова Өміргүл Ақанқызы және Филология және педагогика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Исмагулова Айнагуль Ерболатқызы баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Бүгінгі маңызды да мағыналы алқалы жиында еліміздің ұстазарына қатысты тың мәселелер көтеріліп, оған нақты жауаптар алынады деген ойдамыз.

Шара соңында білім ордасының басшысы Марат Сырлыбаев жұмыс сапарымен арнайы келіп, толымды ақпарат берген Халық қалаулыларына ұжым атынан алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары  Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы және Әділбеков Даурен Зекенұлы да университеттің оқытушы-профессорларына білім және ғылым жолында өрлеу, шығармашылық табыс, Тәуелсіз еліміздің нұрлы болашағы - жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы істеріне сәттілік тіледі.

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG

 140120201645_1.JPG