Skip to main content
x

2019 жылдың 26 ​​қарашасында жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Г.М.Тленшина ашық дәріс сабағын өткізді.

         Сабақ АНР-86, АКР-85, АКР-85ук, НАР-81, НАР-82 топтарының  студенттерімен «Әлеуметтанудағы жастар және білім беру мәселелері» тақырыбында өтті.

         Сабаққа 38 студент және кафедра оқытушылары, сонымен қатар Оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты. Доцент Г.М.Тленшина сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақты анықтады. Осыған сәйкес дәріс жоспары құрылды: 1.Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жастар әлеуметтануының пәні; 2. Әлеуметтанудағы жастар мәселелері; 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты.

         Оқытушы «ХХІ ғасырдың білім беру технологиясы» деп аталатын «Flipped leasson» (Төңкерілген сабақ)  инновациялық әдісін қолданды. Студенттер сабақ алдында теориялық ақпаратты зерттеп, ұстаздың бейне дәрісін тамашалады. Барлық студенттерге тақырып бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылды. Сонымен қатар, НАР-82 және AKР-85 топтарының студенттеріне Көкшетаудағы студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында «Қазақстанның қазіргі жастары: жетістіктері мен мәселелері» және «Қазақстандағы жастар жылының негізгі нәтижелері» тақырыптары бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу тапсырылды.

         Сабақ екі бөлімнен тұрды. Сабақтың басында тақырып талқыланып, оның барысында  мұғалім студенттердің сұрақтарына қысқаша жауап берді. Сабақтың екінші бөлімінде НАР-82 және АКР-85 топтарының студенттері өздерінің презентацияларын ұсынды.

         Теориялық ақпарат нақты және анық ұсынылды, оқытушының жетекшілігімен студенттердің жұмысы алдын-ала ойластырылған және жоспарланған. Студенттердің белсенділігі тақырыпты өз бетінше зерттеуде, қызықты мәселелерді талқылауда, шағын жобаларды ұсынуда көрініс тапты. Сабақта диалог, сыни ойлау әдісі, сондай-ақ интерактивтік әдістер де  қолданылды.

         Дәріске қатысқан әріптестер тақырыптың өзектілігін атап өтті. Танымды шығармашылық сабақ үшін кафедра оқытушылары доцент Г.М.Тленшинаға ризашылықтарын білдірді.

200120201507_1.jpg

200120201507_1.jpg