Skip to main content
x

Ақмола облысының Волейбол құрама командасына жаңадан Федерация төрағасы сайланды

 

Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Ақмола облысы бойынша Волейбол құрама командасына жаңадан Федерация төрағасын тағайындауға орай мәдени іс-шара өтті.

Кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әсет Қайратұлы Букубаев, университет ректоры Марат Сырлыбаев, Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы, облыстық және университетттегі волейболдан құрама  командасының аға жаттықтырушысы Зара Ахметова, сондай-ақ аталмыш команданың тренерлері мен команда мүшелері қатысты.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ақмола облыстық волейбол құрама командасына жаңадан Федерация төрағасын тағайындау туралы облыстық әкімшіліктің шешімімен таныстырды. Әкімшілік шешімнің бұйрығы бойынша Ақмола облыстық волейбол құрама командасына жаңадан Федерация төрағасы болып,  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев тағайындалды.

Кездесуге арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова волейбол командасының тренерлері мен команда мүшелеріне жаңадан сайланған Федерация төрағасын таныстырды. Сондай-ақ, Айна Ермекқызы облыс аумағындағы спорт жетістіктеріне тоқталып, Ақмолалық спортты дамыту жолындағы игі бастамаларына сәттілік тіледі. Одан соң сөз кезегі унверситет ректоры, Ақмола облыстық волейбол құрама командасына жаңадан сайланған Федерация төрағасы Марат Сырлыбаев сөз кезегін алып, өз ойымен бөлісті. Сөз барысында  Федерация төрағасы болып сайланған Марат Кәдірұлы ақмолалықтар үшін маңызы зор, жауапты істі өзіне сеніп тапсырған облыс әкімшілігіне алғыс білдіріп, мен үшін бұл үлкен құрмет деп білемін.Ректор өзінің жастық шағында спорттың бірнеше түрлерімен айналысқанын айтып, алдағы уақытта спорттық іс-шаралардың одан әрі  дамып-өркендеуіне бар күш-жігерін арнайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, бүгінде өзі басқарып отырған білім ордасының студент-жастарына, атап айтсақ отандық, әрі әлемдік деңгейдегі триатлон, бокс, карате-до, пауэрлифтинг және т.б. спрот түрлері бойынша тартысты додаларда бас жүлделерді иеленіп жүрген Аян Бейсенбаев, Талған Шайкенов, Илья Дик, Ташим Адиль, Сапақбаев Артем сияқты спорт шеберлерін мақтанышпен атап өтті. Сонымен қатар университетте спортпен айналысамын деген жастарға қажетті жағдайлар жасалып отырғанын да жеткізді. Бізде жаттығу базасы, соның ішінде арнайы жабдықталған екі ФОК және спорт залдары бар деп сөзін аяқтады.

Шара барысында Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әсет Букубаев, Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Зара Ахметова, сондай-ақ команда тренерлері де сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.

Алдағы уақытта жаңадан сайланған Федерация төрағасы Марат Сырлыбаев пен Ақмола облыстық волейбол құрама командасының тренерлері мен команда мүшелеріне сәттілік тілей отырып, ақмолалықтардың сенімін ақтайды деген ойдамыз.

Еліміздің, соның ішінде Ақмола облысының намысын қорғап, спорттық додада биік жетістіктерге жететініне де сеніміміз мол.

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG

21012020826_1.JPG