Skip to main content
x

Абай дана, Абай дара қазақта

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толғалы отыр. Бүгінде елімізде Абай бабамыздың мерейлі тойына орай дүбірлі іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта Қазақ елі ұлы ойшыл, философ бабамыз Әл-Фараби мен Алтын Орданың да мерейлі тойларын  өткізбекші.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойынын өткізу жөніндегікешенді жоспарына сәйкес медиа-жоспар құрып, бекітті. Онда Абай жылына байланысты наурыз айындаХалықаралық ғылыми-практикалық конференция, жыл бойы семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ақындар мүшайрасын өткізу жоспарлап отыр. Ұлы ағартушыға арналған ғылыми шараға таяу Шығыс елдерінен және еліміздегі абайтанушы ғалымдар қатысып, тағылымды баяндамалар оқитын болады.

Сол игі бастамалардың бірі ретінде, бүгін білім ордасында Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен болатын.

Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналып, ел тарихында өшпес із қалдырды.Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған емес. Керісінше, Абай мұрасы – күннен-күнге нәр алып, өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр.

Абай шығармаларында ұлы Далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс-тіршілігі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі суреттелген.

Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі - білім мен ғылымда жатыр.

 Абай атамыз қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ақын «Ғылым таппай мақтанба»деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын баса айтты. Ағартушы ақынның сол замандағы тұжырымдары қазір де аса өзекті. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты - биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көштен қалмай, алдыңғы қатардан орын алу.

Ғұлама бабамыз Абай Құнанбаевты қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер деуге болады. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлай білді. Осы орайда, Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан да Абайды терең танып, оның шығармаларына, айтқан нақыл сөздеріне ерекше мән бергеніміз жөн.

Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқып, тани білейік құрметті ағайын!Сондықтан да Абай еңбектерінің нәрін жас ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру біздің, яғни ұстаздар қауымының басты парызы болмақ.

Университет ректоры Марат Сырлыбаев ұстаздар қауымы мен студент-жастардықазақтың ұлы ақыныАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараның ашылуымен құттықтады.

Әлемдік өркениетке жол ашқан Абайдайдара туған асыл да ұлы тұлғамызды дәріптеген мәдени шарада университеттің студент-жастары ақынның мағынасы зор, үлгі-өнегеге толы өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, жиылған қауымға жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, білім ордасының өнерлі жастары сахналық қойылым көрсетіп, қазақтың музыкалық апатарының сүйемелдеуімен Абай әндерін нақышына келтіріп орындап шықты. Сөйтіп, білім ордасындағы ғұлама Абайдай қазақтың ұлыларын ұлықтаған мәдени шара өз мәресіне жетті.

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG

1402202021704_1.JPG