Skip to main content
x

Балалар университеті

4.png

Жобаның жетекшісі: Уәлиханов атындағы КМУ-нің О және ОӘЖ жөніндегі проректор, ф.ғ.д., профессор  Жақыпова А.Д.
Жоба менеджері: Уәлиханов атындағы КМУ-нің  физика және математика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Дәмекова Сәуле  Қайроллақызы
Жобаға қатысушылар,  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ кафедраларының меңгерушілері:
1.    Химия және биотехнология – х.ғ.к. Серғазина Самал Мүбәрәкқызы
2.    Биология және ОӘ – б.ғ.к, доцент Дүрмекбаева Шынар Нұрлыбекқызы
3.    Информатика және ОӘ – п.ғ.к. Қостангелдинова Алма Ақжанқызы
4.    География, экология және туризм – б.ғ.к. Фахруденова Идия Булатовна
5.    Қазақ  филологиясы -  ф.ғ.к., доцент Жұмағұлова Өміргүл Ақанқызы
6.    Ағылшын тілі  – ф.ғ.к. Жүкенова Алма Карисқызы
7.    Шет тілдер кафедрасы - Байманова Ләззат Сейітзияқызы  - ф.ғ.к., доцент, профессордың м.а.
8.    Орыс  филологиясы және кітапхана ісі – ф.ғ.к.. Фаткиева Гульнара Тагировна
9.    Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс  – п.ғ.к. Навий Лиза Нәбиқызы
10.    Жалпы тарих және философия -  т.ғ.к., доцент Күшпаева Алмагул  Бүркітбайқызы
11.    Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы - ф.ғ.к. Шаяхметова Айсұлу Әлкешқызы
12.    Бейнелеу өнері, сызу және дизайн   –  Қазақстан Суретшілері Одағының мүшесі Лузина Ольга Ивановна

 

3.jpg

Мақсаты:


Дарынды балалармен  мақсатты жұмыстың үздіксіз жүйесін қалыптасыру;
дарынды балаларға қолдау таныту және оларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
 ғылыми білімді дәріптеу; балалардың креативті ойлау қабілетін дамыту, балалардың  болашақ мамандықтарға қатысты жасырын қабілеттерін анықтау және оларды кәсіптік қызметке бағдарлау, сондай-ақ жалпы білім беретін және жоғары мектептердің өзара қарым-қатынас жасау жолдарын кеңейту.
Зияткерлік қызмет пен танымдық уәждеме бойынша жоғары қабілетке ие балалармен жұмыс  үшін кадрлар даярлау  жүйесін құру.
Адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеттері шешімін тапқан заманауи қоғамда өз болмысыңды көрсету, жеке бастың өсуі мен азаматтық ынтымақтастық құндылықтары алдыңғы орынға жылжиды. Бұл жалпы «жаппай» білім беру қолжетімділігі мен міндеттілігін қамтамасыз ету міндетінен тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін дербес  білім беру кеңістігін жобалау міндетіне ауысуды білдіреді. Бұның барлығына тек балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру арқасында ғана  қол жеткізуге болады. Ол отбасы жағдайы мен оның мектептегі формалды нәтижелеріне қарамастан әр баланың жеке қабілеттерін ашудың, әлеуметтік тұрақтылықты арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Балалар университеті – Германия, Австрия және Швейцарияның 70 қаласының, сондай-ақ Ресей университеттерінің халықаралық тәжірибесінің таралымы.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Балалар университеті бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс жүргізуді жоспарлайды.
Балалар университеті балалардың мектебінің орнын басуға көздемейді, себебі ол жүйелі оқытуға талаптанбайды  (мектеп бағдарламасын қайталамайды). Біздің мақсатымыз – ғылымның ұиын ғана емес, сондай-ақ өте қызықты және тартымды  екеніне балалардың көзін жеткізу.
Балалар университеті мектепке дейінгі үлкен жастағы балар мен кіші мектеп жасындағы балалардың қызығушылығын туғызатын, ата-анарды бей-жай қалдырмайтын тақырыптар арқылы ғылыми білімді дәріптеуге, қазіргі ғылым мен қоғамға ұйғарылған.

 

Балалар университетінің мақсаттары:


Бала тұлғасының жан-жақты дамуы саласында:
·    тұлғаның таным мен шығармашылыққа қатысты уәждемесін дамыту;  
·    білім алушылардың жеке жас шамасын барынша ашу;
·    балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялдары мен креативтік қабілетін іске асыру;
·    мәдени базасын, ойлау дербестігі мен әлем картинасының тұтастығын қалыптастыру, балалардың болашақ мамандыққа деген жасырын қабілеттері мен олардың кәсіби қызметке қатысты бағыт-бағдарын айқындау;
Дарынды балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру саласында:
·    білім алушылардың ерекше қабілеттерін айқындау және қолдау таныту;
·    дарынды балаларға қолдау көрсетіп, оларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
·    айқындалған дарындарға қолдау көрсетіп, оларға жоғары күрделілік деңгейін игеруге арналған бағдарламаны беру.
Түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің өзара әрекетін кеңейту саласында:
Білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі (мектепке дейінгі, жалпы бастауыш және орта білім) бағдарламалардың  сабақтастығын қамтамасыз ету;
Зияткерлік  қызметке және танымдық уәждемеге, қол жеткізу уәждемесі бойынша қабілеті жоғары балалармен  жұмыс істейтін кадрларды даярлау жүйесін жасау.

 

1.png

Балалар университетінің негізгі міндеттері:


·    тұлғаның таным мен шығармашылық уәждемесін дамыту;
·    балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялдары мен креативтік ойын іске асыру.
·    Ерекше қабілеттері байқалған  білім алушыларды анықтау және қолдау таныту;

 

Балалар  университетінің негізгі қызметтері:


·    қаланың, өңірдің, өзге елдердің мүдделі тұлғаларымен, ұжымдарымен 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар үшін қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық; - көп деңгейлі және көп вариациялық форматтағы қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру;
·    тұтынушылар тобының өтінімдерін анықтау және оларды қанағаттандыру мен осы зерттеулердің нәтижелерін оқыту бағдарламасын жетілдіру үдерісінде пайдалану мақсатында қосымша қызмет көрсету саласында маркетингтік зерттеулер өткізу;
·    ғылыми білімді дәріптеу; - эксперименталдық, көрнекілік, интерактивтілік, жаппай қатысушылыққа негізделген түпнұсқалық оқу әдістемелерін әзірлеу. – Балалар университетіне қатысушының ата-аналарымен дәрістер, әңгімелесулер, кездесулер, жеке кеңес беру және т.б. арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу.  
·    Балалар  университеті жобасын жүзеге асыру еліміздегі білім беру жағдайын елеулі жақсартуға, әлеуметтік тұрғыдан жауапты  жастарға мүмкіндік беруге және болашақта елімізде ғылыми-инновациялық қызметті дамытуға серпін береді.

 

2.png