Skip to main content
x

ERASMUS PLUS 2016 LMPI № 573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP

1.png    lmpi_logo555.JPG

 

 

ERASMUS PLUS 2016 LMPI № 573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP

«Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат және кәсіби магистрлік бағдарлама»


 
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
    Техника саласындағы (компьютерлік желілер мен жүйелерді басқару) білім беру бағдарламаларын жаңғырту бойынша бірлескен жоба, ұлттық басымдық Молдова Республикасы мен Қазақстан Республикасы үшін, аймақтық - Вьетнам үшін.

Үш елдің әрқайсысының міндеттері:
    Студенттерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсарту және техникалық мамандарды және компания менеджерлерін жетілдіру мақсатында аралық деңгейде (техника, техникалық қызмет ету және жүйелер мен желілерді қорғау) және кәсіби деңгейде (компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау үшін жобалау, инженерия) кемшіліктерді жою.
    Молдова, Қазақстан, Вьетнамдағы қашықтықтан оқытуға және өмір бойы оқыту жүйесіне арналған компьютерлік жүйелер мен кәсіпорын желілерін дамыту, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат және кəсіби магистрлік бағдарламаларды дамыту.

Осы жобаның басымдықтары:
- АКТ әдіснамасында қызметкерлер мен жастар көшбасшыларының кәсіби дамуына жәрдемдесу;
- Білім беру, оқыту және жастармен жұмыс істеу саласында практикалық кәсіпкерлік тәжірибені қабылдауды ынталандыру.
    Бұл жоба жоғарыда аталған басымдықтарға толығымен жауап береді, себебі кибер-білім беру кеңістігі арқылы оқыту қашықтан жүзеге асырылады. Оқытушылар тегін мультимедиялық ресурстар жасау және виртуалды сабақ өткізу үшін оқытылады. Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі консалтингтік компаниялар мен бағдарламалық жасақтама өндірушілерін  құруға мүмкіндік береді. Мәселен, жобада компьютерлік желілер мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлікпен айналысуға болады.

Осы жобаның серіктестері ретінде келесі университеттер мен ұйымдар таңдалды:

 

Рөлі

Мекеменің атауы

Қатысушы ел

1

Грант-холдер

UNINETTUNO (UCIT) Халықаралық телекоммуникация университеті

IT, Италия

2

Партнер

«Гренобль академиясын оқыту және кәсіби интеграциялау» қоғамдық мүддесі (GIP)

 

FR, Франция

3

Партнер

Еуропалық зерттеулер мен әзірлемелер орталығы (CESIE)

IT, Италия

4

Партнер

Технологиялық білім беру институты, Пирей (TEI)

GR, Греция

5

Партнер

Ақпараттық технологиялар университеті (UBG)

BG, Болгария

6

Партнер

Виго университеті (UVG)

ES, Испания

7

Партнер

Оңтүстік-Батыс Неофит Рилски университеті

 

BG, Болгария

8

Партнер

Қолданбалы ғылымдар университеті, Лейпциг (UR2)

BG, Болгария

9

Партнер

Молдова техникалық университеті (UA4M)

 

DE, Германия

10

Партнер

Бельцах университеті (UA2M)

MD, Республика Молдова

11

Партнер

Молдова мемлекеттік университеті (UEM)

MD, Республика Молдова

12

Партнер

Молдова экономикалық зерттеулер академиясы (UA2M)

MD, Республика Молдова

13

Партнер

Молдова Республикасының Білім министрлігі (MEM)

MD, Республика Молдова

14

Партнер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі (MTM)

MD, Республика Молдова

15

Партнер

Киберқылмыспен күресу орталығы (CLM)

MD, Республика Молдова

16

Партнер

"Efes Vitanta Moldova Brewery" S.A. бірлескен кәсіпорны (EM)

MD, Республика Молдова

17

Партнер

Арнайы телекоммуникациялар орталығы Молдова (CM)

MD, Республика Молдова

18

Партнер

"Святого Климента Охридского" София университеті (UR 3)

BG, Болгария

19

Партнер

Ho Chi Minh City Технологиялық Университеті (HCMUT)

VM, Вьетнам

20

Партнер

Ханой Ғылым және технология университеті (Хуст).

VM, Вьетнам

21

Партнер

Ұлттық ауыл шаруашылығы университеті, Вьетнам қ. (VNUA)

VM, Вьетнам

22

Партнер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (UEEK)

KZ, Қазақстан

23

Партнер

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (UEKO)

KZ, Қазақстан

24

Партнер

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (КазНУ)

KZ, Қазақстан

25

Партнер

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (PUK)

KZ, Қазақстан

26

Партнер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (МЕК)

KZ, Қазақстан

27

Партнер

«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ

KZ, Қазақстан

28

Партнер

Алматы қалалық білім беру басқармасының «Білімдегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы»

KZ, Қазақстан

29

Партнер


Тараз мемлекеттік университеті (ТарГУ)

KZ, Қазақстан

30

Партнер

КФ «Жас Отан»

KZ, Қазақстан

Бас үйлестіруші:

UNINETTUNO Халықаралық телекоммуникация университеті, Рим, Италия

http://www.uninettunouniversity.net/en/p1_lmpi.aspx

Бұл жобаның мақсаты серіктес елдерде жоғары білім берудің қолжетімділігін және интернационализациясын жетілдіру және жоғары білім саласындағы ЕО бастамаларымен ерікті түрде жақындасуды алға жылжыту болып табылады.
Есептері:
- Жоғары білім сапасын және оның еңбек нарығындағы және қоғамдағы өзектілігін  арттыру;
- Инновациялық білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу кезінде жоғары оқу орындарында дағдылар мен қабілеттер деңгейін жоғарылату.
    Жобада компанияларда компьютерлік желілерді басқару және қорғау саласында кәсіби практиканың терең өзгерістері жүреді. Жобаның шеңберінде Болон үрдісіне сәйкес компьютерлік жүйелерді қорғау үшін жаңа бакалавр және кәсіби магистратура бағдарламасы жасалады.
    Осылайша, осы жобаның көмегімен үш серіктес-елдерде анықталған аралық (техникалық қызметтер) және кәсіби деңгей (жүйелік инженер) арасындағы алшақтық еңсеріледі.

Алматыдағы Erasmus + жобаларының кластерлік кездесуі

2019 жылдың 15 мамырында "Білім беру бағдарламаларын әзірлеу жобалары: жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуы" тақырыбында Кластерлік кездесу өтті.

Жобалардың қатысушылары мен сыртқы стейкхолдерлер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған Эразмус+ жобаларының нәтижелерін талқылады, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптарды тартудың үздік тәжірибесін анықтады және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, іске асыруға және тұрақтылығын қамтамасыз етуге стейкхолдерлердің әртүрлі санаттарының қатысуын жандандыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

170620191003_1.jpg

170620191003_1.jpg

28.03.2019. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ

«Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының білім беру бағдарламаларын қорғау

17062019941_1.jpg

17062019941_1.jpg

17062019941_1.jpg

17062019941_1.jpg

ЕҰУ-де Erasmus + бағдарламасының LMPI жобасының мониторингі өтті

2018 жылдың 23 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ERASMUS+ N°573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKAZ-CBHE-JP «Молдова, Қазақстан, Вьетнам кәсіпорындарындағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат және кәсіби магистратура бағдарламасы» - LMPI жобасының мониторингі өтті.

http://www.enu.kz/pictures/newspic-2/monitoring-lmpi-6.JPG

Жобаның мониторингін Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының үйлестірушісі Ш.У. Тасболатова жүргізді.

Мониторинг келесі мақсаттарды көздеді:

- Жобадағы істің жағдайын тексеру;

- Барлық серіктестер жобалық қызметке толық тартылғанын тексеру;

- Көмек және кеңес ұсыну;

- Жобаны тиімді іске асырмауына байланысты мүмкін болатын айыппұлдардың алдын алу.

LMPI жобасының мониторингіне қазақстандық консорциумның серіктес-жоғары оқу орындарының командалары және жобаның академиялық емес серіктестері қатысты:

1.      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2.      Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

3.      Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;

3.      М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;

4.      А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті.

Сонымен қатар UNINETTUNO (Рим қ., Италия) Телематика Халықаралық университетінің профессоры Феделе Франческо және UNIBIT (София қ., Болгария) Кітапханатану және ақпараттық технологиялар университетінің профессоры В.Д. Йоцов қатысты.

http://www.enu.kz/pictures/newspic-2/monitoring-lmpi-10.JPGhttp://www.enu.kz/pictures/newspic-2/monitoring-lmpi-12.JPG

  Мониторинг барысында барлық серіктестер жобаны іске асыру туралы презентацияларды ұсынды, Ұлттық офис өкілдерімен ағымдағы жағдайды талқылады,  сондай-ақ жобаны іске асыру перспективалары туралы айтты.

http://www.enu.kz/pictures/newspic-2/monitoring-lmpi-11.JPG

573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP LMPI Эразмус+ жобасы аясында қашықтықтан оқыту мен жаппай ашық онлайн курстары бойынша семинар-тренинг

2018 жылдың 15 қыркүйегінде А.Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінде 573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP LMPI Эразмус+ жобасы аясында қашықтықтан оқыту мен жаппай ашық онлайн курстары бойынша семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингті UNINETTUNO Халықаралық телематика университетінің профессоры (Рим қ., Италия) Феделе Франческо жүргізді. Жобаны іске асыру барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жұмыс тобы «Кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау және басқару, әкімшілік жасау» бойынша бакалавриат пен магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірледі және іске қосты. Қазіргі уақытта жұмыс тобы жаппай ашық онлайн курстарын құрумен айналысуда.

20112018831_1.jpg

20112018831_1.jpg

 

«PROFESSIONNALISATION DES ENSEIGNANTS AUX FONCTIONS DE TUTEURS SUR LE CYBERESPACE DIDACTIQUE/ ДИДАКТИКАЛЫҚ КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ КӘСІБИЛЕНДІРУ» атты ОҚЫТУ  ТРЕНИНГІСІ

2018 жылдың 27-31 тамыз аралығында Қазақстанның оқытушылары: Г.Т. Бекманова. (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Г.С. Мурадилова (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті), А.У. Ақтаева (А.Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті), LMPI жобасының шеңберінде UNINETTUNO (Рим, Италия) университетінде өткен «Professionnalisation des enseignants aux fonctions de tuteurs sur le cyberespace didactique/ Дидактикалық киберкеңістікте оқытушыларды кәсібилендіру» атты оқу тренингісінде ҚО (қашықтықтан оқыту) бойынша біліктілігін арттырды.

Тренингтің негізгі мақсаты: UNINETTUNO университетінде қолданылатын қашықтықтан оқыту технологияларымен, видеоресурстарды дайындау әдістерімен таныстыру. Тренинг барысында оқытушылар UNINETTUNO университетінің дидактикалық киберкеңістігімен танысып, жобаның жұмыс мәселелерін талқылады. Сонымен қатар UNINETTUNO Халықаралық Телематика Университетінің видеожазба студиясында видеодәрістер түсірілді.

 

191120181539_1.jpg

191120181539_1.jpg

191120181539_1.jpg

191120181539_1.jpg

191120181539_1.jpg

«Ақпараттық жүйелер және есептеу техника» кафедрасында білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу

    2018 жылдың 5 сәуірінде «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы 5В070400, 6М070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын қалыптастыру және талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, онда жұмыс беруші кәсіпорындар  «Алтынау-Көкшетау» ЖШС, «ПИК» ЖШС және кафедра оқытушылары қатысты.
    Дөңгелек үстелді «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент К.С. Мусабеков ашты. Білім беру бағдарламасының талқылауына «Алтынау-Көкшетау» ЖШС ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы Никулин В. қатысты.

250420181543_1.jpg

Мусабеков К.С.- «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы»
кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент


Дөңгелек үстел жұмысында доцент, аға оқытушы - Мұрадилова Г.С. баяндама берді.
    Баяндамада  ERASMUS+ LMPIN° 573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKAZ-CBHE-JP   «Licence, Master professionnels pour le developpement, I'administration, Ia gestion, Ia protection des systemes et reseaux informatiques dans les entreprises Moldavie, auKazakhstan, auVietnam»/ «Программа бакалавриата и профессиональной магистратуры по развитию, администрированию, управлению и защите компьютерных систем и сетей на предприятиях Молдовы, Казахстана, Вьетнама»:LMPI жоба бойынша жұмыстардың нәтижелері көрсетілген;  
Еуропалық және қазақстандық серіктестермен бірлесіп, «Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» Dossiertypeaccreditation (Bachelor_KokSU), Dossiertypeaccreditation (Master_KokSU);мамандығы бойынша «Ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері» бакалавриат және магистратура бойынша модификацияланған білім беру бағдарламалары әзірленген;
    София, Болгария кітапханалық ғылым және ақпараттық технологиялар университетімен (UniBIT) екі дипломдық білім туралы меморандумға қол қойылды.

250420181543_1.jpg

Мурадилова Г.С. – аға оқытушы, ERASMUS PLUS 2016 LMPI жобасының мүшесі
    Талқылауға кафедраның аға оқытушылары: Мусабеков Ж.С., Сагинбаева К.К., Глок Е.С., Фомичева Т.А. және басқалары  қатысты.
    Кездесу қорытындысы бойынша 5В070400, 6М070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бакалавриат және магистратура мамандықтарының білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер заман талабына, заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігіне байланысты.

250420181543_1.jpg

250420181543_1.jpg

 

573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP «Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат және кәсіби магистратура» жобасы аясында  2018 жылдың 29.01. -10.02. аралығында өткен Кітапхана ісі және ақпараттық технологиялар  мемлекеттік кітапханасындағы  (София қ., Болгария)  оқыту нәтижелері

I.    Семинарға келесі 5 ЖОО-ның оытушылары қатысты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,  екі апта ішінде оқуға 11 адам қатысты.

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

II.    Оқу семинарының мақсаты оқытушылардың кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру болды.

Міндеттері:
- құзыреттілік тәсіл негізінде киберқауіпсіздік саласында бакалавриат пен магистратураның модульдік білім беру бағдарламаларын дамыту;
- профессор-оқытушы құрамның кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы кәсіби машықтарын жақсарту;
    Белгілі ғалымдар, жетекші оқытушылар, практиктер, бизнес өкілдері дәріскерлер ретінде қатысты. Семинарға қатысушылар  жаттықтырушылардың жоғары кәсіби  деңгейі мен іс-шараны өткізу жоспарының  жан-жақты ойластырылғанын атап өтті. Тренинг ақпараттарды жеткізу тәсілдерімен ерекшеленіп, жаттықтырушылардың қатысушырмен өз тәжірибелерімен барынша бөлісуіне мүмкіндік туғызды.  Тренинг уақыт жағынан өте тиімді болды және жаттықтырушылардың қатысушылармен өзара әрекет жасауы жағынан алғанда барынша өнімді болып, оқу барысында зерігуге уақыт та болған жоқ.
    Сонымен қатар, тренингке қатысушылар  жаттықтырушыларға практиктің киберқауіпсіздік саласына бағдарлаған курстарды әзірлеуіне баса назар аударғаны үшін алғыстарын білдірді.   Тренингте тиісті шеберлік сыныптары, дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді.

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

III. Жалпы сипаттама:
- семинар өте қызықты және өзекті ақпаратқа толы болды. Қатысушылар оқу іс-шараларының, оның ішінде оқу жобасының сан алуандылығы тұжырымдамасы туралы ұғымға ие болды.
- семинар практикалық бағытта болды. Онда киберқауіпсіздік саласындағы мысалдар, үрдістер мен үздік тәжірибелер ұсынылды. Бұл сабақтарды бизнес-құрылымдар, өндірістер мен кәсіпорындардың өкілдері жүргізді.

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

- семинар пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылып, онда компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласында бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін қорытынды құжаттарды әзірлеудің күрделі сәттері жетілдірілді. Оқу курстарының қандай болатыны, олардың мазмұны, оқу мен оқытудың негізгі әдістері мен технологияларына қатысты мәселелер талқыланды.

- семинар күрделі сәттерді жинақтап қорытындылауға арналған алаң болды

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

    IV. Кітапхана ісі және ақпараттық технологиялар  мемлекеттік кітапханасы жаттықтырушыларының командасы тыңдаушылармен өздерінің оқулықтары, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік ұсыныстарымен (болгар тілінде) бөлісті, олардың білім беру бағдарламаларын іске асыру барысында пайдасы зор болмақ.

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

V. Өткізілген семинар аясында Қазақстан ЖОО-ның Кітапхана ісі және ақпараттық технологиялар  мемлекеттік кітапханасымен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.

250420181533_1.jpg

250420181533_1.jpg

Қорытындылар: Семинар өз мақсатына жетті. Семинар үйрету және нұсқаушы сипатта болды.  Семинар соңында қатысушылар оқу курстарының мазмұнын әзірлеуге кірісті. 

 

2017 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Астана қ.,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасындағы GPR-2 туралы
ақпарат

    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ елдік үйлестірушісі базасында Эразмус+ LMPI «Молдова, Қазақстан және Вьетнам кәсіпорындарындағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат пен кәсіби магистратура бағдарламасы» жобасы бойынша GPR-2  бірінші жұмыс семинары өтті.
Семинар жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Тараз мемлекеттік университеті сияқты академиялық әріптестер, сондай-ақ   «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,  Алматы қ. Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», «Жас Отан» КҚ сияқты академиялық емес әріптестер де қатысты.
    Болгариядан келген Қазақстан бойынша  еуропалық куратор Евгения Ковачева негізгі спикер болды.

250420181436_1.jpg

    Кездесу барысында ЕҰУ командасының киберқауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламаларының болашақ түлектері мен негізгі құзыреттіліктерді  айқындау бойынша стейкхолдерлерден сауалнама алу нәтижелері бар тұсаукесерлері тыңдалды.   Жұмыстың келесі кезеңі негізгі құзыреттіліктерді Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес тұжырымдау, білім беру бағдарламасы паспортын  әзірлеу, оқу жоспарын жетілдіру болды.

250420181436_1.jpg250420181436_1.jpg

 

 573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP «Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді әзірлеу, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат және кәсіби магистратура» жобасының «Жоғары білімдегі  әлеуетті  арттыру» компонентінің мониторингісі туралы
ақпарат

    
    2017 жылдың 2 қазанында  Л..Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP LMPI жобасының мониторингі өтті. Мониторингті  үйлестіруші Ш.У.Тасболатова ханымның жетекшілігімен  Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің командасы  өткізді. 

250420181427_1.jpg

Мониторинг жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Тараз мемлекеттік университеті, «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,  Алматы қ. Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», «Жас Отан» КҚ сияқты жоба әріптестері қатысты.
    Мониторинг  барысында жобаны іске асырудағы ағымдық жағдаяттар, нәтижелілігі, жоба нәтижелерінің әсері, тұрақтылық, жобадағы менеджмент, жоба және оның нәтижелері туралы ақпараттарды тарату және т.б. осындай негізгі мәселелер бойынша әріптестердің тұсаукесерлері тыңдалды.
    Жоба соңында Ш.У.Тасболатова LMPI жобасының күшті жақтарын атап, оны жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдады. 

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Астана қ.,
 2017 жылдың 25-27 мамыры аралығында өткізілген
GPR-1

    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ елдік үйлестірушісі базасында Эразмус+ LMPI «Молдова, Қазақстан және Вьетнам кәсіпорындарындағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау саласындағы бакалавриат пен кәсіби магистратура бағдарламасы» жобасы бойынша GPR-1  бірінші жұмыс семинары өтті.
Семинар жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Тараз мемлекеттік университеті сияқты академиялық әріптестер, сондай-ақ   «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,  Алматы қ. Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», «Жас Отан» КҚ сияқты академиялық емес әріптестер де қатысты.

.

250420181420_1.jpg250420181420_1.jpg

Болгариядан келген Қазақстан бойынша  еуропалық куратор Евгения Ковачева негізгі спикер ретінде сөз сөйледі.   Кездесу аясында жоба бойынша жұмыс әдістері талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасты. LMPI жобасындағы Қазақстан кураторы Евгения Ковачева әріптестер арасындағы жұмыс жүйесін белсенді үйлестіруде. Әріптестермен және еуропалық сарапшымен көптеген проблемалық мәселелерді талқылап, шешті.
Кездесу соңында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мұражайында экскурсия ұйымдастырылды және сертификаттар табысталды.