Skip to main content
x

logo_10012018.JPG

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
2018 жылдың 21-22 ақпанында
филология ғылымдарының докторы, профессор О.А. Султаньяевтың
80 жасқа толуына және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-да филологиялық
білім берудің 55 жылдығына арналған
«ФИЛОЛОГИЯ ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА»  
атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Филология – қоғамдық сананы модернизациялау үдерісінде басты бағдар беретін, ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рухты сақтап қалу үшін тұғыр қалыптастыратын жаңа гуманитарлық ғылымның дамуына ерекше үлес қосуы тиіс гуманитарлық ғылымдардың бірі.
Конференция мақсаты:
- Елбасы-Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың модернизациялау» мақаласының нәтижесінде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде филологиялық ғылымның дамуы мәселесін талқылауға отандық және шетелдік ғалым-филологтарды тарту;
- студенттік жылдары қалыптасқан дәстүрді сақтау, білім алудың бағалы тәжірибесін жас ұрпаққа ұсыну, өмірге жолдама берген alma-materі мен ұстаздарына ризашылығы мен рухани сабақтастықты қалыптастыру және ЖОО мен мектеп арасындағы тиімді ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының) филолог-түлектерінің басын қосу.
Конференцияға қатысу үшін филолог-ғалымдар, жас зерттеушілер, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференция жұмысы аясында жоспарланған іс-шаралар: пленарлық мәжіліс, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-да филологиялық білім берудің 55 жылдығына арналған еңбектің тұсаукесері, қазақ, орыс және шетел филологиясы бағыттары бойынша секциялық отырыстар және ғылыми-әдістемелік семинар.

Конференция жұмысының бағыттары:
1    Филолог-ғалымдардың ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі.  
2    Тіл және ұлттық сана (ұлттық тілдік сана, ұлттық әлем бейнесі, ұлттық концептік сфера,  ұлттық ерекшелік аспектісіндегі көркем әлем бейнесі).   
3    Тіл және ұлттық (этникалық) сәйкестік.
4    Тіл және қоғамдық сана. Тіл және идеология.  
5    Өлкетану тілдік және мәдени-әлеуметтік феномен ретінде   (өлкетану   дискурсы, «кіші отан», «өлке» концепті).
6    Тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі   (салғастырмалы зерттеулер).
7    Жаңа гуманитарлық білім мен аса білімді тұлғаның дамуын қалыптастыру үдерісіндегі көркем әдебиеттің ролі.  
8    Филологиялық құзыреттілікті қалыптастыру:   жоғары мектептің білім беру парадигмасындағы ізгілік-тұлғалық бағыт.    
9    Көптілді білім беру бәсекеге қабілетті маманды даярлау негізі ретінде.  

Конференция ұйымдастырушылары конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен мақалаларының іс-шараның мазмұны мен белгіленген траекториясына сәйкес болатынына үміттенеді.   

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.   
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен мақалалары ғылыми іс-шараға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен білім беру саласын бақылау Комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген «Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-дың Хабаршысы. Филология сериясы» журналында жарияланады.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ұйымдастырушылар комитетінің slovo-konf-2018@mail.ru электронды поштасына өтінім және мақала мәтінін жеке, екі қосымшада (Қосымша 1, Қосымша 2 (конференцияға қатысушылар үшін)) электронды хатпен  жіберілуі тиіс.

Конференция жұмысы аясында
«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ТІЛШІ-МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ»
атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Семинар мақсаты: жаңартылған білім беру негізіндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың нәтижелерін  жалпылау және көпшілікке таныстыру мақсатында қазақ/орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің басын қосу.
Семинарға қатысу үшін оқыту нәтижелері бойынша ой-тұжырымдарымен бөлісіп, ұсыныстары мен практикалық кеңестерін беретін мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, қазақ/орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері шақырылады.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының бағыттары:
1    Қазақ/орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен қазіргі мектеп оқулығы.
2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану.
3 Гуманитарлық цикл пәндері бойынша өткізілетін сабақтардағы интегралды оқыту.

Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылардың баяндамаларының материалдары ғылыми іс-шараға дейін электронды жинақта ұсынылады.
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу үшін 2018 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ұйымдастырушылар комитетінің slovo-konf-2018@mail.ru электронды поштасына   өтінім және мақала мәтінін жеке, екі қосымшада (Қосымша 1, Қосымша 2 (ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар үшін)) электронды хатпен  жіберілуі тиіс.

Ғылыми-практикалық конференция мен ғылыми-әдістемелік семинардың   қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Келесі файлдарды жүктеу:

Қосымша 1
Қосымша 2 (конференцияға қатысушылар үшін)
Қосымша 2 (ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар үшін)
Қосымша 3


Құрметпен ұйымдастырушы комитет