Skip to main content
x

PAWER

erasmusplus.pngpawer-logo.png

574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SPPAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті,
сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы

Жобаның мақсаты мен міндеттері: жоғары білім жүйесінің халықаралық аспектісін және олардың 4 өңірмен және ЖБЕК (Жоғары білімнің еуропалық кеңістігі) арасындағы үйлесімділігін нығайту; 4 түрлі өңірге жататын 8 Әріптес Елдің 23 университетінің жаңғыртылуына, қолжетімділігіне қолдау таныту және интернационалдандыру үшін бірлескен мықты құралдар әзірлеу арқылы өңіраралық кірігу мен ынтымақтастықты күшейту.
 Бұл мақсатқа келесі нақты міндеттердің арқасында қол жеткізілетін болады:  
1)    Әрбір әріптес-елде пайдаланытан кредиттік жүйе туралы біліммен бөлісу, М3-те, әрбір әріптес-ЖОО-да «кредиттің» нақыт мәнін талдау, сондай-ақ «оқыту нәтижелері» мен «оқу жүктемесін» (LearningOutcomeandWorkload), на М6-да айқындау үшін «жалпы ұғымды» әзірлеу;
2)    Әріптес-елдерде ECTS қалай пайдаланылатыны және қолданылатыны туралы ақпараттармен алмасу, M8-де;
3)    111 кадрды ЕС, М10-да  нақты 1 апталық қайта даярлау арқылы курстарды жоспарлау, ұсыну және олардың деңгейлерін бағалау;
4)     Бұдан бұрынғы бірлескен жобалар шеңберінде әзірленген кейбір курстардағы нақты пилоттық үлгі-нұсқаларды іске асыру, М18-де;
5)    Әр елде және әрбір әріптес-университеттегі Бағалау жүйесін талдау, сондай-ақ таңдап алынған курстарда нақты салыстыруды қамтамасыз ету, М20-да;
6)    4 өңірдегі EMA2 жобасы аясындағы кредитті және қайта есепке жатқызуды тану туралы деректерді жинау, М15-те;
7)    Студенттердің соңғы 3 жылдағы оқуларының нәтижелері пайызымен көрсетілген деректер туралы кестені ұсыну, кем дегенде 5 облыстағы пилоттық курстардың арасындағы оқу, М24-те;
8)    Жоба қызметі мен нәтижелерін бағалау үшін сапа жоспарын құру, М5-те, сондай-ақ мерзімді бағалау жұмыстарын жүргізу;
9)    «Кредиттік ұтқырлық» және ведомствоаралық ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес екіжақты келісімдерге қол қою арқылы ЕК университеттерімен ынтымақтаса отырып, кейінгі іс-әрекеттерді белгілеу, М34-те;
10)    жергілікті билік органдары мен білім министрлігіне жоба бойы өзге өңірдегі университет қызметкерлері үшін тиісті  тарату стратегиясы мен нәтиже құралдарын, іс-әрекеттер мен құжаттарды белгілеу және қолдану, М8-де жоспар құру.

Жобаның мерзімі: 36 ай
Жобаның үйлестірушісі: Л’Аквила Университет, Италия

 

Қазақстан тарапынан әріптестер

1

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ҚазҰАУ

2

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ

3

С.С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

ҚАТУ

4

Инновациялық Евразиялық Университеті

ИНЕУ

5

ҚР Білім және ғылым министрлігі

ҚР БҒМ

Бағдарлама елдері

6

Химиялық технология және металлургия университеті

Болгария

7

Мидлсекс университеті

Ұлыбритания

8

Сегед Университеті

Венгрия

9

Вроцлав табиғатты жайластыру университеті

Польша

 Әріптес елдер

10

Кавказ Университеті

Әзірбайжан

11

Хазар Университеті

Әзірбайжан

12

АР білім министрлігі

Әзірбайжан

13

Ш.Руставели атындағы мемлекеттік университеті

Грузия

14

А.Церетели атындағы мемлекеттік университеті

Грузия

15

И.Чавчавадзе атындағы мемлекеттік университеті

Грузия

16

Грузия білім және ғылым министрлігі

Грузия

17

Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті

Қырғызстан

18

К.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті

Қырғызстан

19

Ош мемлекеттік университеті

Қырғызстан

20

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қырғызстан

21

Монғолия мемлекеттік университеті

Монғолия

22

Монғол мемлекеттік ғылым және технология университеті

Монғолия

23

Монғолия білім, мәдениет және ғылым министрлігі

Монғолия

24

Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар және информатика университеті

Ресей

25

Сібір мемлекеттік телекоммуникациялар және информатика университеті

Ресей

26

РФ білім және ғылым министрлігі

Ресей

27

Академик Б.Гафуров атындағы Худжант мемлекеттік университеті

Тәжікстан

28

А.Рудаки атындағы Куляб мемлекеттік университеті

Тәжікстан

29

Тәжікстан мемлекеттік коммерция университеті

Тәжікстан

30

Тәжікстан технологиялық университеті

Тәжікстан

31

Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тәжікстан

32

Әндіжан ауыл шаруашылығы нституты

Өзбекстан

33

Самарқант ауыл шаруашылығы институты

Өзбекстан

34

Термез мемлекеттік университет

Өзбекстан

35

РУ жоғары және орта арнаулы білім министрлігі

Өзбекстан

 

Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі (Алматы қ-сы) 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасының шеңберіндегі үшінші кездесу және мониторинг


        2018 жылғы 16-17 мамыр аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (Алматы қ-сы) 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы шеңберіндегі үшінші кездесу өтті. Кездесуге Италия, Болгария, Польша және Ұлыбритания университеттері, 4 түрлі өңірге жататын (ОА, Ресей, Кавказ және Азия) 8 мемлекеттің серіктес университеттері, сондай-ақ Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатова қатысты. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ атынан жобаның жергілікті үйлестірушісі Г.Е.Байкенова және ХБ, И және АҰО жетекшісінің орынбасары Е.И.  Туровская қатысты.  
    Университет ректоры, профессор Т.Есполов кездесуді құттықтау сөзімен ашты. Ол университеттің жетістіктері туралы ақпарат беріп, PAWER жобасының маңыздылығын атап өтті. Келесі сөз кезегі Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатоваға берілді.
    Л'Акуила Университетінің докторы МассимилианоД'Нонкоцено жобаға жалпы шолу жасап, өзінің тұсаукесерінде жобаның негізгі қызмет түрлерін көрсетті , сондай-ақ жобаның екінші және үшінші жылдарына жоспарланған жұмыс жоспарымен таныстырды.
    2-ЖЖ мен 3-ЖЖ жөнінде Мидлсекс Университетінің (Англия) докторы ГеоргиосДафулас сөз сөйледі. Ол 2017 жылы өткізілген іс-шаралар мен оқыту тренингтері туралы жалпы ақпарат берді. Талқылау барысында университеттің әкімшілік және академиялық қызметкерлерге арналған ретрениг өткізу қажеттігін атап өтті.
    4ЖЖ бойынша Сегед университетінен (Венгрия) Т.Моностори сөз сөйледі. Өзінің тұсаукесерінде пилоттық дайындық үшін 5 бағыт таңдау қажеттілігі туралы сөз қозғады.   Талқылау барысында пилоттық дайындықты 2018-2019 оқу жылынан бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды.
    5ЖЖ бойынша Вроцлавтағы Жаратылыстану ғылымдары университетінен (Вроцлав қ., Польша) К.Кафарски сөз сөйлеп,  жоба бойынша жоба мен кездесулердің сапасын және мониторингін бағалау үшін сұраулар әзірленгені туралы әңгімеледі. Әр іс-шарадан кейін сауалнама жүргізіліп, сауалнамалардың талдауы мен өңдеуі жасалады.
    Екінші күні PAWER жобасының қаржылық менеджері Марко Калабрезе сөз сөйледі. Ол барлық қаржылық басшылық және жоба бойынша есептілік туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
    Күн тәртібіне сәйкес кездесудің соңғы күні Л'Акуила Университеті мен әр серіктес ЖОО арасындағы жеке кездесулерге арналды. Барлық жеке кездесулер «Сұрақтар мен жауптар» атты қысқа сессиядан кейін аяқталды.

120620181409_1.jpg

120620181409_1.jpg

120620181409_1.jpg

EU ERASMUS+ KA2 574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP «Өңіраралық ұтқырлыққа және PAWER–  сәйкестік, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы оқу семинары


2018 жылдың 6 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де EU ERASMUS+ KA2 574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP «Өңіраралық ұтқырлыққа және PAWER– сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы халықаралық оқу тренингтерінің (Ұлыбритания, Польша, Венгрияда өткен). қорытындылары бойынша оқу семинары өтті. Осы тренигтер барысында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің қызметкерлері кредиттік ұтқырлық және ECTS мәселелері бойынша білім алды.
Осыған байланысты семинар барысында білім алған қызметкерлер университеттің академиялық ұтқырлық мәселелерімен, оқу траекториясымен, ECTS қайта сынақтаумен, оқу жетістіктерін бағалау мәселелерімен  айналысатын қызметкерлермен (факультеттер мен мамандықтардың эдвайзерлері, факультеттер бойынша ECTS үйлестірушілері, оқытушылар) өз тәжірибелерімен бөлісті.
Келесі тақырыптар талқыланды: ECTS кредиттері  және бағаларды тану және аудару; әкімшілендіру құрылымы; студенттердің қолдаушы ұтқырлығы; академиялық ұтқырлық нәтижелерін тану рәсімі.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.  

100420181734_1.JPG

100420181734_1.JPG

ХЫ, И және АҰ орталығы


574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы екінші кездесу


    2017 жылдың 26 – 28 қыркүйегі аралығында Монғолия Ұлттық университетінде (Ұланбатыр қ., Монғолия) 574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында екінші кездесу өтті.
Бұл кездесуге Италия, Болгария, Польша және Ұлыбритания, сондай-ақ 4 түрлі өңірге (ОА,Ресей, Кавказ және Азия) жататын 8 елдің әріптес университеттері қатысты. Кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нен  жобаның университеттен бөлінген  жергілікті үйлестірушісі Гүлім Искакова қатысты.
Кездесу Монғолия ұлттық университетінің проректоры Б. Очиргуяганың құттықтау сөзінен басталды. Өз сөзінде ол PAWER жобасының  университет және интернационалдандыру мен монғолия студенттерінің жаңа ұрпағы арасында әлеуетті арттыру бойынша монғолия стратегиясы  үшін маңыздылығын атап өтті.
Алғашқы құттықтау сөзден кейін Л'Акуила университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры және  жобаның  бас үйлестірушісі Анна Тоцци жобаның негізгі мақсаттарын қысқаша айтып өтті. Профессор Тоцци «ұтқырлық», «кредиттерді тану», «ортақ тіл» мәндеріне ерекше тоқталды.
Л'Акуила университетінің  докторы Массимилиано Д'Нонкоцено жоба бойынша жалпы шолу жасап, өз тұсаукесерінде жоба қызметінің негізгі түрлерін, жобаның бірінші және екінші жылдарға арналған іс-әрекеттер жоспарын қысқаша баяндады. Бұдан соң д-р Д'Нонкоцено  әріптестік келісімшарттар туралы жетіспейтін әкімшілік құжаттарды, қаржылық сәйкестендіру нысандары мен Кавказ университетін ауыстыруды мақұлдау туралы хатты атап өтті.
Мидлсекс (Англия) университетінің докторы Георгиос Дафулас «ЕО-қа оқу сапарларын ұйымдастыру» (Даму) туралы сөз сөйледі. Ол өткізілген іс-шаралар мен 2017 жылдың қазан айының аяғынан Еуропада ұйымдастырылатын оқу апталықтарына әзірліктер  туралы жалпы хабарлама жасады. Талқылау барысында оқу апталықтарының, жобаның бастапқы нысанында кезделгендей,  Химия және технология университетінде (Болгария) емес, Мидлсекс (Ұлыбритания) университетінде, Сегеда (Венгрия) университетінде және Вроцлав қ. (Вроцлав қ, Польша) жаратылыстану ғылымдары университетінде өткізілетіні туралы ресми шешім қабылданды.
Жұмыс пакеттерінің көшбасшылары тұсаукесерлерін ұсына отырып, барлық жұмыс пакеттері бойынша сөз сөйлеп, дедлайнді іске асыру мен ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес кездесудің соңғы күні Л'Акуила Университеті мен әрбір әріптес арасындағы кездесуге арналды. Бұл жиында әріптестердің құжаттарды толтыру, ақша аудару, құжаттарды беру кезінде туындайтын  бірқатар проблемаларға басты назар аударылды. Барлық жекелеген кездесулер «Сұрақтар мен жауаптар» қысқа сессиясынан кейін аяқталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

090220181434_1.jpg

090220181434_1.jpg

090220181434_1.jpg

Ұлыбритания, Мидлсекс университетіндегі семинар- тренинг


 2017 жылдың қарашасында Ұлыбританиядағы Middlesex London Университетінде  Еуропалық Одақ Эразмус+ PAWER  «574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында семинар-тренинг өтті.  Жоба үйлестірушісі - Италия, Лаквил Университеті.  
Семинар-тренингке әріптес ЖОО-нан 34 қатысушы қатысты. Біздің университетімізден ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндег проректор Т.Н.Жарқынбеков пен Халықаралық ынтымақтастық, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық орталығының жетекшісі Ә.А.Қақабаев қатысты.
«Кредиттерді бөлу мен жіктеу жүйесін тану және тапсыру» семинарында төмендегідей мәселелер қарастырылды: ЕО елдерін (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), Кавказ (Әзірбайжан, Грузия), Монғолия және Ресей елдерін оқыту жүйесі; Болондық үдеріс циклы, ECTS кредиттерін қайта есептеу, ЖОО-ның академиялық ұтқырлық бойынша саясаты.
Семинар – тренинг интерактивті түрде өтті. Әрбір ЖОО өз портфолиясын жасап, ол семинар бойы қолданылды. Әрбір наразылық нақты бір талаптарға негізделді, яғни ЖОО арасындағы жалпы аспектілер мен ерекшеліктер сәйкестендірілді.  Әсіресе, қатысушылардың тренинг барысында алынған білімдерін таратуына ерекше назар аударылды.   Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Dr. GeorgiosDafoulas, Ғылым мектебінің ұйымдық комитетінің мүшесі,қатысушыларды MiddlesexLondon Университетінің қызметімен таныстырды, кампус бойынша экскурсия өткізді. Семинар – тренинг Лондон қ. Middlesex графтығының Мэрии ғимаратында өтті.
Семинардың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар берілді.  

090220181511_1.jpg

090220181511_1.jpg

090220181511_1.jpg

Польша, Вроцлав қ. жаратылыстану ғылымдары университетіндегі  
семинар- тренинг

     2017 жылдың 10-19 қарашасы аралығында Вроцлав қ. (Вроцлав қ, Польша) жаратылыстану ғылымдары университетінде Еуропалық Одақ Эразмус+ PAWER  «574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында семинар-тренинг өтті.  Жоба үйлестірушісі - Италия, Лаквил Университеті.  
Семинар-тренингке Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нен  педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі  Навий Лиза қатысты.
«Кредиттерді бөлу мен жіктеу жүйесін тану және тапсыру» семинарында төмендегідей мәселелер қарастырылды: ЕО елдерін (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), Кавказ (Әзірбайжан, Грузия), Монғолия және Ресей елдерін оқыту жүйесі; Болондық үдеріс циклы, ECTS кредиттерін қайта есептеу, ЖОО-ның академиялық ұтқырлық бойынша саясаты.
Семинардың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

1.jpg

1.jpg

1.jpg

1.jpg

Венгрия, Сегед университетіндегі оқу семинар-тренингі

2017 жылдың 27 қарашасынан  1желтоқсан аралығында  Венгриядағы Сегед Университетінде  Еуропалық Одақ Эразмус+ PAWER  «574099-EPP-1- 2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында семинар-тренинг өтті.  Жоба үйлестірушісі - Италия, Лаквил Университеті.
  Семинар-тренингке Халықаралық ынтымақтастық, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық орталығы жетекшісінің орынбасары Е.И. Туровская мен Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу бөлімінің жетекшісі Г.П.Шукенова қатысты.
 Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: ЕО елдерін (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), Кавказ (Әзірбайжан, Грузия), Монғолия және Ресейді оқыту жүйесі; Болондық үдеріс циклы, ECTS кредиттерін қайта есептеу, ЖОО-ның академиялық ұтқырлық бойынша саясаты, Кредиттер мен бағаларды (ЕО) тану мен тапсыру әдістері, Кредиттер мен бағаларды (PCI) анықтап тану мен тапсыру әдістері, Болон біліктілік жүйесі, Кредиттерді аудару мен жинақтаудың еуропалық жүйесі, Оқу нәтижелерін көрсету, Ұтқырлық туралы келісімдер, Ұтқырлықты қолдау, Кпедиттерді аударуды көрсету, Саясаттағы олқылықтарды айқындау, Рәсімдерді жасау бойынша семинар, Оқудағы қажеттіліктерді талдау, Оқу құрылымы, Оқу материалдары. Оқуды білім беру мәселелерімен айналысатын түрлі ЖОО-ның өкілдері өткізді.
Семинар-тренинге қатысқан әріптес ЖОО өздерінің оқыту жүйелерін, бағалау жүйелерін көрсетті. Әр сөйленген сөзден кейін қатысушылар сұрақтарға жауап берді.
Тренингтің әрбір сұрағы семинар бойы топпен талқыланып отырды. Әрбір қатысушы семинар тақырыбы бойынша атқаратын лауазымы тұрғысынан порфтолие жасап, ол семинар бойы толықтырылып отырды.
Әрбір сұрақ бойынша ортақ аспектілер мен ЖОО арасындағы ерекшеліктер айқындалды.  
Әсіресе, қатысушылардың семинар-тренинг барысында алынған білімдерін таратуына ерекше назар аударылды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды

09022081528_1.jpg

09022081528_1.jpg

09022081528_1.jpg

 

574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SPPAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті,
сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы Кick-off кездесу

    2017 жылдың 27- 28 ақпаны аралығында Вроцлав қ. жаратылыстану ғылымдары университетінде (Вроцлав қ., Польша) «Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында бірінші үйлестіру кездесуі  (Кick-off кездесу) өтті. Бұл кездесуге Италия, Болгария, Польша және Ұлыбритания университеттері, сонымен қатар 4 түрлі (ОА, Ресей, Кавказ және Азия) өңірге жататын 8 елдің әріптес университеттері қатысты.
Бірінші күні Вроцлав қ. жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілі өзінің құттықтау сөзімен іс-шараны ресми түрде ашты. Бас үйлестіруші Анна Тоцци ханым  PAWER жобасының мақсаттары, міндеттері мен жұмыс пакеті туралы тұсаукесер жасады. Әр әріптес елдің ұлттық үйлестірушілері ұтқырлық пен тану туралы ұлттық және институционалдық деңгей жайындағы тұсаукесері бойынша сөз сөйледі. Сессия жұмыс пакеттерін талқылаумен аяқталды.
Екінші күні PAWER жобасының қаржы менеджері Марко Калабрезе сөз сөйледі. Ол Бағдарламаның қаржы ережелерін нақтылау мақсатында барлық қаржылық нұсқаулар пен есептілікті түсіндірді.
Кick-off кездесуінің барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

160120181731_1.jpg

160120181731_1.jpg

160120181731_1.jpg

160120181731_1.jpg