Skip to main content
x

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ мұражайы

Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы құнды естеліктерді сақтау мақсатында 1977 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты Кеңесінің шешімі бойынша  Шоқан Уәлиханов атындағы мұражайдың негізі қалады. Ұзақ жылдар бойы ЖОО-ның қызметкерлерімен Шоқан Уәлиханов туралы материалдар жинақтау жұмысы белсенді жүргізілді, оның еңбектерінің, қолжазбаларының көшірмелері алынды. Бұрын мұражай қазақтың тұңғыш ғалымының өмірі мен қызметі туралы сыр шертетін  сегіз экспозициядан тұратын.

2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Шоқан Уәлиханов атындағы мұражайында өзгерістер болды. Мұражай университеттің қалыптасу тарихын сипаттап, сондай-ақ көркемдік-графикалық бөлім студенттерінің шығармашылық жетістіктерін, атап айтсақ, ұлттық костюмдерді, көркемдеп салынған суреттерді, суретті кілемдерді, ағаштан, металдан  жасалған бұйымдарды және т.б. көрсететін болды.  

Нұрмағамбетова Махаббат Сапарқызы 2006 жылдан бастап  мұражайға жетекшілік етеді.
2011 жылы, Ш.У.Уәлиханов  атындағы КМУ-дің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында,  мұражайға күрделі жөндеу жүргізіліп, жәдігерлер қойылған залдар жаңғыртылды. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, мұражайтанушы, арнайы шақырылған  кеңесші Мәрия Кенжеахмет  авторы болып табылатын мұражайдың жаңа тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, тақырыптық-экспозициялық жоспар жаңартылды. Мұражай заманауи ақпараттық-мазмұнды сипаттқа ие болды.

Бүгінде мұражай 13 жәдігерден тұрады. Жәдігерлердің бірі өңірдегі алғашқы жоғары оқу орны болып табылатын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қалыптасу тарихынан сыр шертсе, жеті жәдігер факультеттер тарихынан мәлімет береді. Шоқан Уәлиханов өмірі, ғылыми және шығармашылық қызметі туралы баяндайтын үлкен жәдігер дәстүрлі болып қала береді.  

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ мұражайының басты жәдігерлерінің бірі Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа арналған.  Онда Мемлекет Басшысы және оның Көкшетау өңіріне келген сапарлары туралы әдебиеттер, фотоальбомдар, коллаждар қойылған. Жекелеген жәдігерлер 1972 жылы Қарағанды политехникалық институтының иелігіне берілген Павлодар индустриялық институтының біздің қаламыздағы филиалының қалыптасуына арналған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының, кейін дербес ЖОО мәртебесін алған, 1979 жылы Көкшетау қаласында  құрылған  филиалының қалыптасу тарихына арналған жәдігер бұған қарама-қарсы орналасқан. Тағы бір жәдігер Ш.Уәлиханов атындағы педагогикалық институты мен КМУ-нің  келесі ректорлары туралы мәлімет береді: И.С.Горохводатский, Е.И.Боярский, К.Д.Жоламанов, А.А.Айтмұхамбетов, Ш.И.Ыбыраев, Н.Б.Қалабаев, С.З.Елубаев.

Мұражай оқу орнының студенттері, магистранттары, оқытушылары мен қонақтары үшін  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қалыптасу кезеңінің басы-қасында  болғандардың құнды естеліктерін сақтайтын, факультеттер мен кафедралардың  жетістіктерін шоғырландырып, жоғары білімнің өңірлік көшбасшылық имиджін нығайтатын және дәстүрлерін ұстануға талпынатын ғылыми және ақпараттық орталық болып табылады.

 

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg

museium_01.jpg