Skip to main content
x

SARUD жобасы бойынша 3 – інші координациялық жиналыс

SARUD жобасы бойынша 3 – інші координациялық жиналыс

2017 жылдағы мамыр айының 3 – 5 аралығында Мичурин мемлекеттік аграрлық университетінде «Тұрақты ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту (SARUD)» халықаралық жобасының аясында үшінші координациялық жиналыс өтті.

Жиналысқа Хойенхайм және Нюртинген – Гейслинген (Германия), сонымен қатар К. А. Тимирязев атындағы РМАУ – МАША, П. А. Столыпин атындағы ОмМАУ, Новосібір МАУ, Ставрополь МАУ, Ярославль МАША, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, А. Байтұрсынов атындағы КМУ, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ қатысты.

Жиналыс ФМБОМ ЖБ Мичурин МАУ ректоры В. А. Бабушкинаның сәлемдесу сөзінен басталды, ол өз кезегінде осы жобаның уақыттылығы мен өзектілігін ерекше белгілеп өтті.

Одан әрі кездесудің бірінші күні Ресейдегі Erasmus+ ұлттық кеңсесінің өкілі А. А. Муравьева жобаның мониторингін өткізді.

Қалған уақытта кездесу қатысушылары жасалған жұмыстар жайлы өз есептерін ұсынды, Ресей мен Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту саласындағы нормативті – құқықтық базасының ерекшіліктеріне сәйкес білім платформасын дайындау мен толықтыру бойынша сұрақтарын талқылады. Кездесудің қорытындысы ретінде жоба бойынша алдағы іс – шараларды талқылау болды.

Осы жобаның аясында алғашқы білім алушыларды қабылдау 2017 – 2018 ж. ж. оқу жылында «Экономика» бағыты бойынша дайындау жүзеге асырылады.

Болашақ магистранттар экономика мен басқару, әлеуметтік ғылымдар, агрономия мен экология саласында білім ала алады, жерді қолдануды, әлеуметтік – мәдени және табиғи ресурстарды жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдануды, сондай – ақ агроэкожүйелерді бағалауды үйренеді.

Осы білім бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызмет органдарында, әр түрлі деңгейдегі ауыл шаруашылығының басқармаларында, ғылыми – зерттеу институттарында, жоғары және орта оқу мекемелерінде жұмыс істей алады.