Skip to main content
x

Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы

Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор  
Тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент
1961 жылы 3 мамырда Көкшетау облысы Зеренді ауданындағы Кіші Жамантұз ауылында  туған.

Ұлты: қазақ.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс.
Ғылыми-педагогикалық өтілі – 24 жыл.

Білімі, ғылыми дәрежесі, атағы және еңбек қызметі:

1979-1984жж.- Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтаған.
1984-1988 жж. – Зеренді ауданының  Үлгілі ОМ-нің тарих мұғалімі
1988-1990 жж. – Аудандық ұйымның жауапты хатшысы
1990-1991 жж. –Зеренді аудандық комитетінің хатшысы
1991-1994 жж. –Зеренді қазақ ОМ директоры
1994-2001 жж. – Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы
2000 ж. – ҚР БҒМ Тарих және энтология институтында (Алматы қ.) диссертациясын қорғады.
2005 ж. – Доцент ғылыми атағы берілді
2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Ғылыми қызметі:

Оқу құралы және 40-тан астам ғылыми жарияланымы жарыққа шыққан.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.