Skip to main content
x

Әскери кафедра

Қазіргі кезде Қазақстанда әскери  кафедрадан ерікті негізде өтуге болады. Әскери кафедраға түсу – әскери офицер запасына әрі қарай қабылдану мүмкіндігі. Запасқа қабылдану үшін әскерге бару қажеттігі баршамызға белгілі. Әскери кафедралардың түлектерінен бұл талап етілмейді, себебі әскери қызметке алу үшін тек запасқа енбегендер шақырылады.  

Әскери кафедраға қалай түсуге болады?
Әскери кафедраға 27 жасқа толмаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды азаматтар түсе алады, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен айқындалған әскери-есепке алу мамандықтар тобы бойынша студент-бойжеткендер де түсе алады.
Әскери кафедрада оқытуға іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі  және  ҚР БМ бекітілген және жыл сайын 1 наурызға дейін ұсынылатын  іріктеу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді іріктеуді олардың өтініштері бойынша іріктеу комиссиясы жүргізеді, олар ЖОО басшысының атына ұсынылады.
Әскери кафедраға  тек күндізгі оқыту түріндегі бөлім студенттері ғана түсе алады.
Оқушыларды іріктеу конкурсы төрт кезеңмен жүзеге асырылады:
Бірінші кезең – медициналық куәландырудан өту.
Екінші кезең -   кәсіптік-психологиялық тестілеуді  жүргізу.
Үшінші кезең – дене даярлығын тексеру.
Төртінші кезең –  әскери кафедраға студенттерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысы 
Құжаттарды қабылдауды  және конкурстың бірінші кезеңінен өтуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.  Екінші, үшінші және төртінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.  Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген студент келесі кезеңге жіберілмейді.
Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар қабылданған құжаттар негізінде студенттерге   әскери оқу орнына түсетін азаматтың ресімделген медициналық куәландыру картасын береді.
Денсаулық жағдайы бойынша «жарамсыз» деп танылған немесе әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынбаған студенттер конкурстың бірінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған студенттер конкурстың екінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
 Студенттердің дене даярлығын тексеру студент жігіттер үшін дене даярлығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер (қанағаттанғысыз баға нөл балл ретінде есептеледі) конкурстың үшінші  кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Әскери кафедрада оқуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент  мынадай құжаттарды тапсырады:

Өтініш.
Жеке куәлік   (түпнұсқасы және көшірмесі).
Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3х4  өлшемдегі 2 фотосурет.
Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың бар болған жағдайда біреуінің не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі
Ата-анасының әскери қызметші ретіндегі  мәртебесін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Сотталғанының және әкімшілік құқық бұзушылықтарының жоқ екендігі туралы анықтама;
Спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы,соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы,сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын (құжат бар болған жағдайда)
Жеке істі ресімдеуге мөлдір екі файл

 

Әскери кафедраларда оқу қалай өтеді?
Студенттердің әскери даярлығы қосымша оқыту түрі болып табылады және студент жігіттер үшін теориялық және практикалық оқу курстарына, оқу-жаттығу жиынынан немесе студент қыздар үшін кәсіби практикадан тұрады. Әскери даярлыққа барлығы 588 академиялық сағат, олардың ішінде 360 академиялық сағат ЖОО-ға және 228 академиялық сағат оқу-жаттығу жиындарына (студент қыздар үшін кәсіби практика) бөлінеді.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық өтелмейтін және өтелетін негізде жүзеге асырылады. Өтелетін негізде оқуға өтелмейтін негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өтпеген және өтелетін негізде оқу үшін іріктеу бойынша комиссия ұсынған студенттер тартылады.
Әскери кафедрадағы сабақтар «әскери күн» әдісімен жүргізіледі. Медициналық ЖОО әскери кафедраларында ЖОО ректорының бұйрығымен ЖОО-дғаы оқу ерекшелігін ескерумен студенттердің әскери дайындығын басқаша ұйымдастыру белгіленуі мүмкін.
Әскери-кафедраларда студенттердің оқу жетістіктерін кредиттік оқыту технологияларды іске асырусыз бағалаудың балдық-рейтингтік  жүйесі пайдаланылады.  Студенттердің  оқу жетістіктерінің баллдық-рейтингтік жүйесі туралы ереже  әскери кафедрада әзірленеді және  әскери кафедраның басшысымен бекітіледі.  Оқу үдерісінің ұйымдастырушысы және басшысы әскери кафедраның бастығы болып табылады.  
Әскери кафедрадағы оқу үдерісін ұйымдастыру  оның барлық элементтерін толық және тиімді жүргізуді және запастағы офицерлерді даярлау міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз етуге  тиіс.
Негізсіз себептерсіз әскери дайындық бойынша сабаққа жүйелі бармаған (24 сағаттан артық), әскери кафедраларда оқу және оқи жиындары кезінде тәртіпті бұзған немесе оқу жиындарынан өтуден бас тартқан студенттер әскери кафедра басшысының ұсынысы бойынша ЖОО басшысының бұйрығымен  әскери дайындық бойынша сабақтардан шеттетіледі.
  Әскери дайындықтың толық курсынан өткен, емтихан тапсырған және оқу жиындарынан өткен студенттерге ЖОО аяқтағаны туралы дипломды алғаннан кейін белгіленген тәртіпте «запастағы лейтенант» әскери атағы  беріледі. Бұл мәліметтер студенттер әскери кафедраны аяқтағаннан кейін алатын әскери билетте  де көрсетіледі. Әскери билетті алу үшін студенттерге әскери коммисиариаттарға бару қажет.