Skip to main content
x

Студенттік медициналық орталық

Ш. Уәлиханов атындағы студенттік медициналық орталықтың жұмысы
туралы ақпарат

Студенттік медициналық орталық  студенттерге  сапалы амбулаториялық-емханалық медициналық көмекті ұйымдастыру және оның қолжетімділігін арттыру үшін, ауруға ерте диагноз қою, дер кезінде тиімді емдеу шараларын жасау және әрбір студенттің өміріне профилактикалық және сауықтыру шараларын енгізуге арналған «Бәрі де студент үшін» бағдарламасы мен «Студенттік медициналық орталығы» жобасы бойынша Ғылыми кеңестің  26.09.2009ж. қаулысы негізінде ұйымдастырылған.

Студенттік медициналық орталықтың мекен-жайы: Темірбеков к-сі, 28, Студенттер үйі 1 қабат.

Орталық  студенттерге қажетті медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық құралдармен және аппаратурамен (стоматологиялық құрылғы, гинекологиялық кресло, физиотерапевтік аппараттармен) жабдықталған. 

Студенттік медициналық орталық  келесі іс-шараларды өткізеді:

·    жоғары оқу орны ішіндегі конференциялар, симпозиумдарға қатысушыларға медициналық көмек көрсету;
·    жоғары оқу орны ішіндегі  спартакиадалар мен өзге де спорттық шараларға қатысушыларға жедел жәрдем көрсету;
·    орталық емханамен бірге  студенттерді медициналық тексеру мен міндетті және жоспарлы  алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және бірлесіп өткізу;
·    университет студенттері мен оқытушыларының флюорографиялық тексерулерін бірлесе отырып ұйымдастыру және өткізу;
·     қызметкерлерді басқару бөлімімен бірлесе отырып қызметкерлер мен профессор-оқытушы құрамының флюорографиялық тексерулерін ұйымдастыру және өткізу;
·    Студенттер үйлерінде тұратын және университеттің оқу топтарында байланыста болған тұлғаларды (туберкулез, қызамық, вирусты гепатит) динамикалық бақылау;   
·    Көкшетау қ. бойынша СЭС талаптары, хаттамалық актілері мен қаулыларын бақылау және орындау;
·    медициналық көмек  ұйымдастыру және ағымдық және мемлекеттік емтихандар кезінде студенттер мен қызметкерлерге медициналық көмек  көрсету;
·     әскери кафедраға нормативтер тапсыратын студенттерге медициналық көмек көрсету;
·    студенттердің университеттің Студенттер үйіне орналасуы барысында  медициналық құжаттарын тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
·    орталық емханамен бірлесе отырып, ҰБТ және ТКТ кезінде талапкерлерге медициналық көмек көрсету;
·    университеттің «Тұлпар»  оқу-сауықтыру кешенінде  студенттерге медициналық көмек көрсету;
·    университеттің сенбіліктер және өзге де іс-шараларды өткізуі барысында медициналық көмек көрсету;
·    жарақаттанған және уланған кезде, шұғыл жағдайларда студенттерге жедел медициналық көмек көрсету;
·    жедел дәрігерге дейінгі көмек  көрсету үшін студенттер үйін,  кафедралар, деканаттарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету (КМУ Студенттік медициналық орталық көлемінде);
·    оқу ғимараттары мен студенттер үйін көрнекі құралдармен қамтамасыз ету.

Тарих және заңтану факультеті

Тарих және заңтану кафедрасы, дене тәрбиесі, спорт және дизайн кафедрасы
Жауапты:  Жетпісбаева Гүлнар Байкенқызы

Жаратылыстану ғылымдары

химия, биология, информатика, физика, математика, география, экология, туризм кафедрасы

Филология және педагогика факультеті

орыс филологиясы және кітапхана ісі, қазақ тілі мен әдебиеті, әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы, педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедралары
Жауапты: Құсайынова Қарлығаш Қапкенқызы

Аграрлық – экономикалық факультеті

механикаландыру және мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және топырақтану, агрохимия, экономика және есеп, қаржы және менеджмент кафедралары.

Факультет техники и технологии

Тау-кен ісі, құрылыс, тіршілік қауіпсіздігі, ақпараттық жүйелер, инженерлік-технологиялар және көлік кафедралары.
Жауапты: Исимова Қымбат Рамазанқызы
Медициналық орталықтың жұмыс уақыты:  9-18 сағ.,  13-14 сағ. – түскі үзіліс.
Работают:  дәрігер-терапевт  Жұмағұлова Шұға Жұмағұловна
                    тіс дәрігері Айтқұлова Айжан Мұратқызы
                     дәрігер- гинеколог Омарова Қарлығаш Төремұратқызы
Терапевтің қабылдауы:        9. 00-ден 18.00-ге дейін
Тіс дәрігерінің қабылдауы:  9. 00-ден 18.00-ге дейін  бірінші апта
                                                 15. 00-ден 18.00-ге дейін  екінші аптада
 Гинекологтың қабылдауы:   9. 00-ден 12.00-ге дейін
Физиокабинет  10. 00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қызмет көрсететін медбике:  Жетпісбаева Гүлнар Байкенқызы
Жетекші: Жұмағұлова  Ш.Ж.