Skip to main content
x

Студенттік жұмысшы бөлімшелері

Студенттердің «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберіндегі еңбек жасақтары –сабақтан қолдары бос уақытта өндіріс пен қызмет көрсету саласында еңбектенуге ниет білдірген  студенттердің ерікті бірлестіктері.  
Мақсаттары:
Жастардың патриоттық тәрбиесі, студенттердің материалдық және әлеуметтік проблемаларын шешу, жастардың жұмысқа орналастыру мәселесіне қолдау көрсету,
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу.
Міндеттері:
·    оқу орындарының студенттері мен түлектерінің уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
·    білім алушы жастарды еңбек қызметіне қатысуға тарту;
·    жастардың патриоттық тәрбиесі, студент жасақтары қозғалысының дәстүрлерін қолдау және дамыту, халық арасындағы мәдени-әлеуметтік маңызды жұмыс.  
2014 жылы барлығы 4 СЖЕЖ жұмыс істеп, орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жұмыстарының 359,2 га  орындады.  
Орындалған жұмыс көлемі  6,2 млн. теңгені құрады.
2015 жылдың 14 қазанында «Жасыл ел» бағдарламасының 10 жылдығына арналған «Жасыл ел– Елбасының табысты бастамасы!»  облыстық акциясында белсенді жұмысы үшін «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің дипломдарымен марапатталды:
·    «Жастар және еңбек жасақтарының облыстық штабының» үздік сарбазы Керінбай Сапарәлі Бектұрғанұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті.
·    «Жастар және еңбек жасақтарының облыстық штабының» үздік командирі Ахмоллаев Арманжан Әлімжанұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.
2015 жылдың 19 қарашасында Ш.Құсайынов атындағы қазақ драмалық театрында Ақмола облысының «Жасыл ел» жастар және студенттік еңбек жасақтарының XI еңбек маусымының салтанатты жабылау рәсімі өтті.  Онда үздік командирлер мен сарбаздар «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байтенова  Айзат Айдарханқызы – командир, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ Агро-экономикалық факультеті,   «Агрономия» мамандығының 4 курс студенті
Кремер Ольга Владимировна – командир, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті
Шарипов Ерік – «Жұлдыз» ЖСЖ сарбазы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Агро-экономикалық факультеті,   «АТ және Т» мамандығының  4 курс студенті.
2015 жылы «Жасыл ел» ЖЕЖ жұмыстарының қорытындылары бойынша Ақмола облысының үздіктер қатарында болғанын ерекше атап өткен жөн, бұған Жастар мен студенттердің еңбек жасақтарының республикалық слетындағы 10 аталымның ішінде 2 –уіне ұсынылу (Астана қ., 2015 жылғы 13 қараша) және 1 аталымдағы жеңіс:
- «Үздік Экожоба- 2015»
- «Үздік сарбаз - 2015» - Ахмоллаев Арманжан.
 «Жасыл ел» Ақмола облыстық штабының жетекшісі Одинцов Владимир Дмитриевич – «Жасыл ел» бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың грамотасымен марапатталды.
27.05.2016ж. №234 бұйрыққа сәйкес  құрамы 11 адамнан тұратын «Жасыл ел» ЖЕЖ құрылып, ол 23.05.- 23.06.2016 ж. кезеңі аралығында  С.Сәдуақасов атындағы АЭИ-ның тәжірибе алаңында жұмыс істеді және аумақты аббаттандыру, ағаш отырғызу және т.б. түріндегі сияқты жұмыс көлемін атқарды.  
2016 жылдың қазанында «Ақмола облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ базасында «Бейбітшілік пен келісім үшін!» облыстық жастар акция-эстафетасының аяқталу рәсімі өтіп, онда Ақмола облысының Жастар саясаты мәселелері департаментінің жетекшісі К.Жапақов, «Жастар және студенттік еңбек жасақтарының облыстық штабы» АҚ төрағасы В.Одинцов, «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Ж.Жүнісова, сондай-ақ «Жасыл ел» экологиялық жасақтарының сарбаздары қатысты. Акция-эстафета шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жас қарағай отырғызылды.
2016 жылдың 9 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған жыл сайынғы облыстық «ZHAS_AKMOLA 2016» жастар марапатын табыстау рәсімі өткізілді. Іс-шара Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен ұйымдастырылды. Іс-шара соңында «Жасыл ел» жастар және студенттік еңбек жасақтарының ХІІ еңбек маусымының салтанатты жабылуы аясында келесі аталымдар бойынша марапаттау рәсімі өтті:
«Жасыл елдің» үздік командирі –  Егізбай Нұрасыл, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 3 курс студенті
 «Жасыл елдің» үздік сарбазы  – Болатов Ерхан, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 4 курс студенті