Skip to main content
x

Университет

Әбжаппаров  Әбдімүтәліп  Әбжаппарұлы

Ректор

 

Жарқынбеков Темірхан
Ниязұлы

Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор
 

Жақыпова Айгүл
Досжанқызы

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

 

Сейткасымов Аманай
Асылбаевич

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ -   өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар,  әлеуеті зор және болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны Университеттің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  кадрлар даярлаудың икемді, ашық, үздіксіз даму үстіндегі және халықаралық деңгейдегі  қолжетімді жүйесі бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруға бағытталған. Қазіргі уақытта университет құрылымында 5 факультет бар: филология және педагогика факультеті; жаратылыстану ғылымдары факультеті; тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті; техника және технология факультеті; сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті және С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институты.
Кадрлар даярлығы  университетте  күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрлері бойынша бакалавриаттың 53, магистратураның 28,  PhD-докторантураның 6 мамандығы бойынша  жүзеге асырылады. Мамамандарды даярлау деңгейінің жоғарылығы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен  (АРТА) расталды. 2016 жылы бакалавриат пен магистратураның 17 білім беру бағдарламасы ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Бүгінде бакалавриат пен магистратураның барлығы 60 білім беру бағдарламасы аккредиттелді. Алты білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті.
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында  университетте педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік-техникалық бағыттағы 17 білім беру бағдарламасы бойынша көптілді білім беру жүзеге асырылуда. 2016 жылы көптілді бағдарламалар бойынша  білім алған алғашқы түлектер оқуларын аяқтады. Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен бірлесіп, магистратураның екідипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бүгінде Ресейдің ЖОО-дағы аспирантурасында біздің университеттің 11 оқытушысы  білім алуда.
Университет жанынан педагогикалық және экономикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлығын жүзеге асыратын  көпсалалы колледж ашылды.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ  «Серпін – 2050. Мәңгілік ел – жастарға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысады, осы бағдарлама аясында жоғары оқу орнында 728 студент білім алуда. 400-ден астам оқытушы студенттердің даярлығын жүзеге асырады.  Оның ішінде 21 ғылым докторы, 16 профессор, 7 PhD докторы, 86 ғылым кандидаты, 42 доцент, 193 магистр.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жоғары атағына ие болған оқытушылар ұжымның мақтанышы болып табылады. Соңғы жылдары ЖОО-ның 40 оқытушысы осы құрметті аталымға  ие болды.
Университеттің үш оқытушысы Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының «ТОП-50» тәуелсіз рейтингісіне енді: профессор Сағалбеков Уәлихан Малғаждарұлы, профессор Абуев Қадыржан Қабиденұлы, доцент Сейілханов Төлеген Мұратұлы.
Университетте ҚР ШҒА төрт академигі, біреуі – Халықаралық ақпараттандыру академиясы, біреуі – Ұлттық академия, ҚР академиясы мен  халықаралық академияның үш корреспондент мүшесі  жұмыс істейді.  Университеттің 11 қызметкері «ҚР білім және ғылым саласының құрметті қызметкері», «ҚР еңбегі сіңген қызметкер» атақтарына ие.

Үш оқытушы «Құрмет», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, төрт оқытушы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», жеті оқытушы «Ы.Алтынсарин», үш оқытушы «Алтын жұлдыз»  белгісімен, бір оқытушы «Социалистік ауыл шаруашылығының үздігі» белгісімен, бір оқытушы  «В.И. Вернадский атындағы Алтын белгісімен, бір оқытушы «Ерең енбегі үшін»  медалімен марапатталды.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мәртебесі ғылымның түрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді көздейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 150-ден астам бастамашыл тақырыптар бойынша жүргізіледі. Университетте коммерциялауға дайын ғылыми зерттеулердің  бірқатар әлеуеті бар.

 Он ғылыми жоба ғылымның перспективалық жетістіктері тізбесіне енді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің конкурстарында  мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ұтып алынған гранттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс орындалуда.Халықаралық ынтымақтастық аясында Ресей, Ұлыбритания, Үндістан және т.б. ғылыми жобалар орындалуда.
Білім ордасының студенттері  түрлі конкурстар, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтсақ,  2016 жылы Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысқан 30 команданың 25-і жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының қорытындылары бойынша 10 білім алушы жеңімпаз атанды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының «Болашақ ғалымдары» республикалық конкурсының қорытындылары бойынша «Агрономия» мамандығының  студенті жеңімпаз атанды. «Үздік курстық жұмыс» республикалық конкурсының қорытындылары бойынша төрт студент жүлделі орындарға ие болды.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ кітапханасында 700 мың бірліктен астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың атауы бар. Университеттің жеке баспаханасы бар. Университеттің «Алау» газеті ай сайын шығарылады, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналы жылына екі рет жарыққа шығады.

 Университеттің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жаңартылып, нығаюда. Қазіргі уақытта университет құрамында 4 оқу ғимараты, 5 интернет-кафе, 8 оқу залы, 3 мұражай, 29 компьютерлік сыныбы, 28 мультимедиялық сыныбы, Ғалымдар үйі,  Студенттер үйі, 5 жатақхана,  студенттік тамақтандыру орталығы, «Элит»  оқу-ғылыми-өндірістік кешені, монша-кір жуу кешені бар.
Студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау ерекше назардағы мәселе болып табылады. Университетте медициналық пункт, «Арасан» профилакторийі жұмыс істейді. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де  2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені,  жаттығу залы, баскетбол, волейбол, күрес залы, көркем гимнастика залы, 2 спорт залынан тұратын  заманауи спорт базасы,  Зеренді демалыс аймағының орманды алқабында орналасқан «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагері  бар. Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы спорттық секциялар мен топтар жұмыс істейді. Қызметкерлерге арналған 18 ведомстволық пәтер бар. ЖОО-на корпоративтік менеджментті енгізу мақсатында 2016 жылы университетте Байқау кеңесі құрылды. Бүгінгі күні ЖОО әлемдік білім беру  және ғылыми-ақпараттық жүйемен тығыз ықпалдасу стратегиясын жоспарлы түрде құруда. Университет Польша, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Болгария, АҚШ, Румыния, Латвия,  Ресей, Орта Азия  өңірінің елдерімен тығыз байланыс  жасайды.
Студенттер мен магистранттарға дәрістер оқу үшін «Қазақстан Республикасына шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша университетке   шетелдік ғалымдар шақырылады. «Шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының  ЖОО топ-менеджментіне  тарту» бағдарламасы аясында университетте Болгариядан келген профессор стратегиялық даму жөніндегі проректор, ал Италиядан келген профессор инновациялар және коммерциялау жөніндегі проректор ретінде қызметтерін атқаруда.
Академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында университет студенттері бір академиялық кезең бойы Қазақстан мен шетелдердің жетекші оқу орындарында білім алады. Өзге қазақстандық ЖОО  студенттерінің біздің университетімізде білім алуларына мүмкіндіктері бар.
«Эразмус», «ДААД», «АЙРЕКС», «ЛОГО», «ТЕМПУС» халықаралық алмасу бағдарламалары, Президенттік «Болашак» бағдарламасы және т.б. шеңберінде университеттің студенттері мен оқытушылары  Австрия, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресейдің ЖОО-да оқып, тағылымдамадан өтеді.
Университетте «Темпус», «Эразмус» халықаралық жобалары жүзеге асырылуда. Іске асырылып жатқан еуропалық жобалардың саны бойынша Қазақстанның ЖОО арасында 4-ші орынға ие. Университеттің 15 түлегі  әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада білім алуда.
Университетте жастарға патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді бағдарлама әзірленген.  Көпмәдениетті тәрбие беру, ұлтаралық келісімді нығайту университеттегі жастар саясатының маңызды бағыты болып табылады. 20 ұлттың студенттік өкілдерінің басын біріктіретін «Атамекен» студенттік ассамблеясы 7 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Әлемнің үздік университеттері қызметінің тәжірибесінде кеңінен тараған студенттермен жұмыс жасаудың клубтық жұмыс түрлері белсенді енгізілуде. Еуропалық стандарттарға сәйкес өнімнің (қызметтің) жоғары сапасына жету ұмтылысы үшін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ «ЕУРОПАЛЫҚ САПА» Халықаралық марапатына ие болды. 2015 жылы университет Еуропалық қауымдастығына және Еуразиялық университеттер қауымдастығына енді.