Skip to main content
x

Университет тарихы

Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1962 жылдың 25 шілдесіндегі   № 563 қаулысы бойынша  ашылған  Көкшетау педагогикалық институты  Солтүстік өңірдегі  байырғы жоғары оқу орны болып саналады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Горохводатский Иван Степанович институт ректоры болып тағайындалды. ЖОО-да біріктірілген тек бір факультет – филологиялық-физика-математикалық факультет қана болып, онда «Орыс тілі, әдебиеті және тарих», «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі мен әдебиеті», «Физика және математика» сияқты үш мамандық бойынша мамандар даярлығы жүзеге асырылды.

1963 жылдың тамызынан бастап физика-математикалық және филологиялық факультеттері дербес қызмет ете бастады. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1965 жылдың 29 наурызындағы № 241 қаулысымен  Көкшетау педагогикалық институтына қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді. 1966 жылы шет тілдер факультеті ашылды.

1972 жылы И.С. Горохводатскийдің құрметті демалысқа шығуына байланысты Көкшетау педагогикалыұқ институтының ректоры болып филология ғылымдарының кандидаты, доцент Боярский Евгений Иванович тағайындалды, оның артынан оқу, ғылыми және тәрбие жұмысының проректоры ретінде ф.ғ.к., доцент Қ.Д.Жоламанов тағайындалды. 1984 жылдың қаңтарында 200 студентке арналған жаңа оқу-зертханалық ғимарат пайдалануға берілді, бұл қазақ және орыс тілдерінде дайындап шағыратын мамандықтардың санын арттыруға мүмкіндік берді. Қазақ тілі мен әдебиеті (1982),  1982), химия, биология (1984), бейнелеу өнері және сызу (1985), информатика сияқты  жаңа мамандықтар ашылды; химия-биологиялық (1985), директорлардың біліктілігін арттыру факультеті (1979) сияқты жаңа факультеттер құрылды. Студенттер саны 400-ден  2500-ға дейін артты.

1990 жылы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандык Досмағанбетұлы Жоламанов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды, бірақ денсаулығына байланысты 1992 жылы бұл қызметін тоқтатуына мәжбүр болды. 1992 жылы  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.Өңірде педагогикалық кадрлардың даярлығымен қатар дамушы өнеркәсіп пен құрылыс үшін инженерлерді даярлау ісі жүзеге асырылды. 1963 жылы Көкшетауда Павлодар индустриалдық институтының жалпы техникалық факультеті ашылып, Михаил Федорович Рысиков оның бірінші директоры болды.

1972 жылы Павлодар индустриалдық институтының жалпы техникалық факультеті Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды. 1987 жылы 1000 орынға арналған жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді. Оқу «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Машина жасау технологиясы», «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандықтары бойынша кешкі оқыту түрінде жүргізілді. 1988 жылы «Радиотехника» мамандығы  ашылды.

1990 жылдан бастап факультетте сырттай оқыту бөлімі ашылды, ал 1991 жылдан бастап «Құрылыстағы экономика және басқару» және  «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту түріне алғашқы студенттеді қабылдау жүзеге асырылды. Өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен «Пайдалы қазбаларды ашық өңдеу» мамандығы ашылды. Жалпы техникалық факультет базасында 1993 жылы Қарағанды политехникалық факультетінің Көкшетау филиалы құрылды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К.А.Айтқожин директоры болып тағайындалды. 1995 жылы күндізгі оқыту түрініңі алғашқы түлектері оқуларын аяқтап шықты.

1979 жылдың 1 тамызында Көкшетау қаласында Целиноград ауыл шаруашылығы институтының филиалы ашылып, онда «Агрономия», «Зоотехния», ал 1980 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша мамандар даярлығы жүзеге асырыла бастайды.  Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Исатай Ғалиұлы Темрешев филиалдың алғашқы директоры болып тағайындалады. Филиал құрамында 3 факультет жұмыс істеді. 1985 жылдың қыркүйегінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Ғазизұлы Жүнісов филиалға жетекшілік етті.

1991 жылдың 9 қаңтарында КСРО Мемагропром бұйрығымен  филиал Көкшетау ауыл шаруашылығы институты болып өзгертіліп, Б.Ғ.Жүнісов оның ректоры болып тағайындалады. Жоғары білім беру жүйесін жаңғырту бойынша нақты процестердің басы ЖОО-ның оңтайландыру процесін болжамдады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің1996 жылдың 23 мамырындағы № 143 бұйрығымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  құрылып, оның құрамында С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты мен Қарағанды политехникалық институтының филиалы болды.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов университеттің алғашқы ректоры болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті»  республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

ЖОО қызметінің алғашқы жылдары оқу үдерісі жетілдірілді және жаңғыртылды:

  • 1998 жылы магистратура ашылды;
  • университет республикада алғашқылардың бірі болып үш деңгейлі оқыту жүйесін енгізді;
  • ЖОО 2000 жылдан бастап оқу-әдістемелік жұмыс тиімділігін бағалаудың рейтингілік жүйесіне көшті;
  • 2003 жылдан бастап оқу үдерісі кредиттік оқыту технологиялары бойынша жүзеге асырыла бастады;

2005 жылы ЖОО-ның арасында университет алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесін енгізді және ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификатталды.

2007 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкімшәріп Ыбырайұлы Ыбыраев университет ректоры болып тағайындалды. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бөбейұлы Қалабаев тағайындалды.

2012 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес (2012 жылғы 28 сәуір, № 544) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. 2012 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың шілдесі аралығында экономика ғылымдарының докторы, профессор Елубаев Сағынтай Зекенұлы университет ректоры болды. 2014 жылдың шілдесінен бастап техника ғылымдарының докторы, профессор Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы университет ректоры болып тағайындалды.