Skip to main content
x

Университеттік КТК

Университеттік  КТК


КТК ойындарын өткізу мақсаты – жастарды адамгершілікпен ізгілік рухында тәрбиелеу, шығармашылық бастамаларға қолдау таныту, университетті түрлі деңгейлерде таныта алатын, КТК қозғалысын дамытатын дарынды тұлғалар мен жаңа командаларды айқындау.
Университет жанындағы Көңілділер және тапқырлар клубының жетекшісі және редакторы: Жанарбек Жанат (бас оқу ғимараты, 1 қабат, каб. 127).
2016 жылдың 10 қарашасында  «Көкшетау» МҮ-де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің КТК командаларының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінен арналған факультетаралық ойындары өткізілді. Шараға жеті команда қатысып, өз бақтарын сынады, ал орындар келесі тәртіпте бөлінді:
1орын – «Шоқан Микс» (тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті),
2 орын – «АгроStar»  ( С. Сәдуақасов атындағы АЭИ),
3 орын – «Естпед-Тайм» (жаратылыстану ғылымдары факультеті),
4 орын – «Сүйінші» (филология және  педагогика факультеті),
5 орын – «55 пәтер» (техника және технологиялар факультеті),
6 орын «Тоғыз один один» (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы Көпсалалы колледж),
7 орын – «Жас КГУ» ( «Арасан» жатақханасының командасы).
2017 жылдың 24 ақпанында  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің тәрбие жұмысы бөлімі «КТК-2017 кубогына» арналған ойын өткізді.
Ойынға университеттің алты командасы қатысып, олар төмендегідей нәтижелерді көрсетті:
1 орын – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледждің «КЕНТУККИ»  құрама командасы.
2 орын– «Серпін-2050»  жобасыныңы «55 квартира» құрама қомандасы.
3 орын – тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің «ШоқанМИКС» командасы.
4 орын – филология және  педагогика факультетінің «Сборная филфак» командасы
5 орын – техника және технология факультетінің «Типа Дэйлы» командасы
6 орын – С. Сәдуақасов атындағы АЭИ «КГУ United» командасы

 

Көңілділер мен тапқырлар конкурсы

    2017 жылдың 10 қарашасы күні «Көкшетау» МС Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің факультеттері арасындағы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған  «Шоқандықтардың шабысы» атты Жайдарман (КВН)  – 2017 ойыны өтті.
КТК ойынының мақсаты: жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; араларынан жас дарындарды анықтап, оларға қолдау көрсету; университеттегі студент жастары арасында КТК ойындарын дәріптеп, олардың өзара байланыстарын кеңейту, одан әрі нығайту.
       Ойынға білім ордасынан алты команда қатысып, нәтижесінде төмендегідей орындарды иеленді:
1  орын - Техника және технологиялар факультеті –  «55 пәтер».
2 орын - С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институты – «АгроStar».
3 орын - Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжінің - «Роликс» құрама командалары жүлделі орындарды иеленді.
 Ал ойынға қатысқан Тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті – «Шоқан Микс», Жаратылыстану факультеті – «Еспед-Тайм», Филология және педагогика факультеті – «ФилФак құрамасы» командаларыда түрлі (Ең ұйымшыл, Ең үздік әзіл, Көрермен көзайымы) аталымдардың жүлдегерлері атанды.
Ойын бағдарламасы 3 номинация бойынша өткізілді.
  1.  Сәлемдесу (5-7 минут). Тақырыбы: «Шоқанның сарбаздары!».
  2. Биатлон (10-15 мәтіндік әзіл). Тақырыбы: «Шоқан ордасындағы бір күндік жаңалықтар».
  3.  Көрініс (7 минут). «Есте қалар жақсы әзіл...».
Мәдени шараны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы өзінің құттықтау сөзімен ашып, ойын қатысушыларына сәттілік тіледі.
 Аманбай Асылбайұлы команда мүшелерін құттықтай келе, университеттегі өтіліп жатқан іс-шаралардың әкімшілік  тарапынан қолдау табатындығын, әрі оларға  үлкен түсіністікпен қарайтынын да баса айтты.
Шараға университеттің проректорлары, факультет декандары, ОПҚ, магистранттар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің тәрбие жұмысы бөлімі мен студенттер кәсіподағы осындай ауқымды шараның өтілуіне әрдайым атсалысып келеді.
Сөйтіп, өз факультеттерінің абыройын қорғағалы келген  жастар үшін  бұл бір көңіл толқытарлық сәт болды. Жиналған қауым өнер ордасының төрінен университет студенттері тамаша ойынның куәсі болды. Ал бүгінгі сайыскерлеріміз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, үлкен әсерге бөледі.
Шара соңында ойынға қатысқан команда мүшелерінің барлығына өз факультеттерінен алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді, сондай-ақ демеушілер тарапынан да арнайы сыйлықтар табыс етілді.

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

 

Жайдарман ойыны


    2018 жылдың 10 ақпанында  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы  көпсалалы коледжінде топтар арасында «Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына» арналған  Жайдарман ойыны өтті.
    Ойынға  «Негізгі орта білім беру», «Есеп және аудит», «Құқықтану» мамандығының 1-2  курс студенттері қатысты. Студенттер ойынға дәстүрлі түрдегі «Сәлемдесу», «Мәтіндік әзіл», «Биатлон» және «Үй тапсырмасы» конкурстары бойынша өнер көрсетті.
    Ойынды қазылар алқасы  бағалады: Қазылар алқасының   төрағасы: Колледж директоры –Рыспай Базарбайұлы Уаисов. Қазылар алқасының мүшелері: Алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі  Олжатай Шаграевич Жакин, педагогика бөлімінің  меңгерушісі- Гүлсара Базарбаевна Магзумова, техника және технология факультететінің  3 курс студенті - Ибраев Әсет, жаратылыстану ғылымдары факультеті биотехнология мамандығының 4 курс студенті Ботанов Арнай, студенттер кеңесі төрайымының көмекшісі  -Головко Милана.
    Ойын соңында Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің директоры – Р.Б.Уаисов ойын нәтижесін қорытындылап, қазылар алқасы Жайдарман  қатысушыларына жақсы дайындығы, ойынды шығармашылықпен жүргізгені және тапқырлығы мен актерлік шеберлігі үшін алғыс білдірді.
    Қазылар алқасы жеңімпаздар мен қатысушыларды 1,2,3-орын дипломымен және номинациялармен марапаттады.
1-    орын АК -21 тобының «Таң қалмаңыз» командасы.
2 - орын РО -21 тобының «РОЖ -ки» командасы.
3- орын ЭК –ЮК -21 тобының «Роликс» командасы.
Номинациялар бойынша:
    «Ең үздік ұтымды әзіл» номинациясымен  «Funny STUDENT» командасы АК -11 тобының студенттері ие болды.
    «Ең үздік ұйымшыл команда» номинациясы ЭК-ЮК -11 тобының студентеріне берілді.
    «Көрермен көзайымы» номинацисымен ИК -11 тобы марапатталды.
Аталмыш шараны ұйымдастырған Жайдарман үйірмесінің жетекшісі С.Т. Магзумова, колледж директорының орынбасары М.Р.Бекетаева.

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

120220181551_1.jpg

 

Көңілділер мен тапқырлар конкурсы


2018 жылғы 27 ақпан күні «Көкшетау» МС тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ факультеттері командаларының арасында Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған Көңілділер мен тапқырлар ойыны өтті.
КТК ойынының мақсаты: жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; араларынан жас дарындарды анықтап, оларға қолдау көрсету; университеттегі студент жастары арасында КТК ойындарын дәріптеп, олардың өзара байланыстарын кеңейтіп, одан әрі нығайту.
    Ойынға білім ордасынан алты команда қатысып, нәтижесінде төмендегідей орындарды иеленді:
1орын - «Как она есть» филология және педагогика факультеті.
2 орын - «55 квартира» техника және технологиялар факультеті.
3 орын - «ИП Абай Жантасович» С.Сәдуақсов атындағы Аграрлық-экономикалық институты.
4 орын - «КЕНТУККИ» Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледждің құрамасы.
5 орын - «Ест-Пед Тайм» жаратылыстану ғылымдары факультеті.
6 орын - «Cosa Nostra» (Наше Дело) тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті.
Ойын бағдарламасы 3 номинация бойынша өткізілді.
1. Сәлемдесу, «Біз Тәуелсіздік ұландары».
2. Биатлон (мәтін негізінде);
3. Үй тапсырмасы: «Мен Астананы қалаймын».

Аталмыш шараны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы өзінің құттықтау сөзімен ашып, ойын қатысушыларына сәттілік тіледі. Аманбай Асылбайұлы команда мүшелерін құттықтай келе, университеттегі болып жатқан қандайда болмасын іс-шаралардың әкімшілік тарапынан қолдау табатындығын әрі оларға  үлкен түсіністікпен қарайтынын баса айтты.
Мәдени шараға факультет декандары, ОПҚ, магистранттар мен студенттер және БАҚ өкілдері де қатысты.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы бөлімі мен студенттер кәсіподағы осындай ауқымды шараның өтілуіне әрдайым атсалысып келеді.
Сонымен өз факультеттерінің абыройын қорғағалы келген  ойыншылар  үшін  бүгінгі шара бір көңіл толқытарлық сәт болғаны анық.
Шараға  келген көрермендер өнер ордасының төрінен университет студенттерінің тамаша әзілдерінің куәсі болды. Сайыскерлеріміз болса жиылған қауымға жақсы көңіл-күй сыйлап, үлкен әсер қалдыра білді.  
Соңында ойынға қатысқан команда мүшелерінің барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg

280220181157_1.jpg