Skip to main content
x

Университеттің даму стратегиясы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1 бөлім. Миссия және көрініс

Университет миссиясы: ұлттық және халықаралық еңбек нарығында талап етілетін жоғары білікті көптілді мамандарды даярлау.
Бұл миссияны іске асыру құзыретті, әлеуметтік тұрғыдан жауапты және заманауи технологияларды, ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінің машықтарын игерген бәсекеге қабілетті мамандарды қоғамның ағымдық қажеттіліктеріне сәйкес дайындаумен байланысты.

Көрініс: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті –жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, инновациялық тұрғыдан бағдарланған мамандар даярлығын жүзеге асыратын материалдық-техникалық базасы жоғары және инфрақұрылымы дамыған, әлемге ашық және шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастыққа негізделген жоғары оқу орны.

Мақсаты: университеттің өңірлік жоғары білім беру орталығы ретіндегі ұстанымын сақтау және нығайту, Болан үдерісі ұстанымдарын есепке ала отырып, білім, ғылым және өндірісті ықпалдастыру негізінде мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту.

Миссияны іске асыру және мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
Білім беру бағдарламалары мен технологияларын жетілдіру негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыруды жаңарту .
Білім алушыларды ғылыми зерттеулерге тарту, жаңа форматтағы ғылыми мектептерді қалыптастыру арқылы профессор-оқытушы құрамының инновациялық қызметін ынталандыру негізінде ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру,
Кадрлар әлеуетін дамыту және әлемдік үздік білім беру тәжірибелерін тарату.
Университеттің жаңа ұйымдық құрылымын қалыптастыру және корпоративтік басқару және дербестік ұсытанымдарын дамыту арқылы оның тиімділігін арттыру.
Университеттің заманауи материалдық-техникалық инфрақұрылымын құру.

2 тарау. Ағымдағы жағдай мен даму үрдісін талдау

1 стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау

Білім – еліміздің зияткерлік капиталын қалыптастыратын стратегиялық ресурс. Қазақстан дамуының барлық стратегиясында білімнің мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі ретінде айқындалуы да осымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны ретіндегі роліне баса назар аударылған.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жоғары білікті мамандардың ЖОО мен ЖОО-нан кейінгі даярлығын жүзеге асыратын байырғы көпсалалы ЖОО-ның бірі болып табылады. КМУ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Білім беруді дамыту, ғылым мен жастар саясатының басымды бағыттарын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, интситуционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен өлшемдерін, МЖМБС мамандықтары мен басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ –к үрделі міндеттерді шешіп, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жол ашатын, оқытудың жаңа тәсілдерін іске асырудың зор әлеуеті мен кең ауқымды мүмкіндіктеріне ие, өзіндік салт-дәстүрлері бар қарқынды дамып келе заманауи жоғары оқу орны. Университетте ғылыми-педагогикалық қызметтегі көп жылдық өтілі бар тәжірибелі педагогтар мен ірі ғалымдар қызмет етеді. Оқытушы –профессор құрамы (бұдан әрі ОПҚ) ОПҚ саны 399 адамды құрайды, оның ішінде – 21 ғылым докторы, 7 PhD докторы, 84 ғылым кандидаты. ОПҚ ғылыми деңгейі 32 % құрайды.
2016 жыл бойы 177 оқытушы (44,3 %) ҚР ЖОО мен кәсіпорындары базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2011 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің 70 оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегерлері болды. 2016 жылдан бері университетте Біліктілікті арттыру институты жұмыс істейді.
Университетте бакалавриаттың 53 мамандығы, магистратураның 28 мамандығы және PhD – докторантураның 6 мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензия бар. 2016 жылы университет жанынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, шет тілдерінің мұғалімі, информатика мұғалімі, экономист-бухгалтер сияқты бес мамандық бойынша білім беретін көпсалалы колледж ашылды.
2014 жылы университет ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті. Магистратура мен бакалавриаттың 60 бағдарламасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен бес жыл мерзімге, 6 білім беру бағдарламасы ACQUIN агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өтті.
Көптілде білім беруді дамыту бағдарламасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де келесі мамандықтар бойынша көптілді модульдік білім беру бағдарламалары жасалды: 5В010900–Математика, 5В011000–Физика, 5В011100–Информатика, 5В011200–Химия, 5В060800–Экология, 5В011600 –География, 5В010200–Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 6М011300–Биология.
Бакалавриат бойынша білім алушылар контингенті 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4791 студентті құрады. Күндізгі оқыту бөлімінде 2914 студент білім алуда, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 1418, ақылы негізде – 1825. Сырттай оқыту түріндегі студенттер контингенті 1854 адамды құрады, грант бойынша 29 адам, ақылы негізде – 2262 студент. Магистратурадағы білім алушылар контингенті 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 196 адамды құрады, оның ішінде 101 адам – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (51,5%).Докторантурадағы білім алушылар контингенті 10 адамды құрады, оның 9-ы грант бойынша білім алуда. Колледждің білім алушылар контингенті 105 адамды құрады.
Дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының 89 өкілі (диаспора) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алды.
2016 жылы ЖОО 1288 маманды даярлап шығарды. 652 адам университетті күндізгі оқу формасы бойынша аяқтап шықты. Олардың ішінде 345 (56,2%) адам – грант бойынша, 337 адам – ақылы негізде. Сырттай оқыту түрі бойынша 547 адам университетті аяқтады. Олардың ішінде грант бойынша – 29 адам, ақылы негізде – 518 адам. Магистратура бойынша 89 адам оқуын аяқтады, оның ішінде 37 адам – грант бойынша, 49 адам – ақылы негізде.
ЖОО-на оқуға түсуге ниет білдіргендердің даярлық деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орнына дейінгі оқыту бөлім ашылды.
Бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауда ЖОО-ның құқығы аясы кеңейді. Бұл ЖОО-ның академиялық еркіндігі мен ұтқырлығын арттырады, нақты бір өңірдің тиісті кадрларға қатысты еңбек нарығының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындылары бойынша университет студенттері 22 жүлделі орынға ие болды. Халықаралық студенттік олимпиадаларға университеттің 4 командасы қатысып, екі екінші және бір үшінші орынға ие болды. Магистранттар арасында өткізілген республикалық олимпиадада педагогикалық мамандықтардың магистранттары үшінші орынды иеленді.
Қабылданған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі академиялық ұтқырлық стратегиясы мен ЖОО-ның 2020 жылға дейінгі интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық стратегиясы негізінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы дамуда. 4 жылдың ішінде 50-ден астам студент пен магистрант шетелдік ЖОО-да оқыды.
Бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын іске асыруға шетелдік ғалымдар тартылады. 3 жылдың ішінде Еуропа елдерінен, АҚШ, Ресей Федерациясы және т.б. 15-тен астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар шақырылды. 2016 жылы «Шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ЖОО топ-менеджментіне тарту» бағдарламасы аясында университетте Болгариядан келген PhD доктор Божидара Кривирадева стратегиялық даму жөніндегі проректор, ал Италиядан келген PhD доктор Дэвид Л.Фусчи инновациялар және коммерциялау жөніндегі проректор ретінде қызметтерін атқаруда.
Ішкі академиялық ұтқырлық да қарқынды даму үстінде. Ол кафедрааралық байланыстар негізінде дамуда. Атап айтсақ, университетте еліміздің жетекші ЖОО-мен жасалған 36 шарт бар, бұл 117 студент пен магистрантты ішкі академиялық ұтқырлықпен қамтуға мүмкіндік берді, 37 студент біздің ЖОО-да білім алды.
Болон үдерісінің параметрлерін орындау отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларының үйлесуіне, салыстырмалы білім беру бағдарламалары үлесінің артуы мен жоғары білімді интернационалдандыруға мүмкіндік береді. ЕСTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделі енгізілді және Еуропалық үлгідегі диплом қосымшасы әзірленді.
Университетте студенттердің материалдық-техникалық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын нығайтуға бағытталған жұмыс жалғастырылуда. 2016 жылы шақырылыған оқытушылар үшін 26 пәтерлі Ұстаздар үйі ашылды. Ақан сері, 24 мекен-жайында орналасқан 310 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Оптика және электротехника, механика және молекулалық физика, физиканы оқыту әдістемесі кабинет, мейманхана сервисі (люкс және стандарт номерлер) сияқты жаңа оқу зертханалары ашылды. Бұдан бұрын ашылған зертханаларды жабдықтау үшін құрал-жабдықтар сатып алынды.Кітапхана қорын толықтыру мақсатында 3654 дана кітап алынды, оның ішінде мемлекеттік тілде -1670 дана, электронды ресурстар - 924 дана 334 оқу-әдістемелік әдебиет атауы (оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, әдістемелік нұсқаулар) жарыққа шықты, олардың 122-сі мемлекеттік тілде, 16-сы ағылшын тілінде.
Университетте білім сапасын бақылау жүйесі енгізілген және ол табысты қызмет етуде. ҚР ЖОО-ның 2015 жылғы Тәуелсіз рейтигісінің нәтижелері бойынша 3 мамандық жетекші орындарға ие болды:
2 орын
6М080600 – Аграрлық техника және технология (магистратура)
3 орын
5В011600 – География (бакалавриат)
6M060600 – Химия (магистратура)
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттікпен өткізілген 2016 жылғы бас рейтингте университет республиканың көп бейінді ЖОО арасында он төртінші орынға ие болды, білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындылары бойынша 5В011600 – География (бакалавриат) мамандығы 3 орынды иеленді.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) шешімімен ұлттық институтционалдық қорытындылары бойынша 5 жыл мерзімге аккредиттелді (2014 жылдың 21 ақпанындағы №АА0016 сертификат).
Мамандандырылған аккредиттеу қорытындылары бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 60 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді:
- 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті (бакалавриат);
- 6М011800 – орыс тілі мен әдебиеті (магистратура);
- 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі (бакалавриат);
- 6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі (магистратура);
- 5В020700 – Аударма ісі (бакалавриат)
- 5В011200 – Химия (бакалавриат);
- 6М060600 – Химия (магистратура);
- 5В011300 – Биология (бакалавриат);
- 6М011300 – Биология (магистратура);
- 5В070100 – Биотехнология (бакалавриат);
- 5В080600 – Аграрлық техника және технология (бакалавриат);
- 6М080600 – Аграрлық техника және технология (магистратура);
- 5В080100 – Агрономия (бакалавриат);
- 6М080100 – Агрономия (магистратура);
- 5В080800 – Топырақтану және агрохимия (бакалавриат);
- 6М080800 – Топырақтану және агрохимия (магистратура);
- 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (бакалавриат);
- 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (бакалавриат);
- 5В010900 – Математика (бакалавриат);
- 6М010900 – Математика (магистратура);
- 5В011000 – Физика (бакалавриат);
- 5В011100 – Информатика (бакалавриат);
- 6M060200 – Информатика (магистратура);
- 5В011400 – Тарих (бакалавриат) ;
- 6M020300 – История (магистратура);
- 5В011600 – География (бакалавриат);
- 6М011600 – География (магистратура);
- 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (бакалавриат);
- 5В060800 – Экология (бакалавриат);
- 6M060800 – Экология(магистратура) ;
- 6M060700 – Биология (магистратура);
- 5В012000 – Кәсіптік оқыту (бакалавриат);
- 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру (бакалавриат);
- 5В070700 – Тау-кен ісі (бакалавриат);
- 5В071200 – Машина жасау (бакалавриат);
- 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар (бакалавриат);
- 5В072800 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша (бакалавриат);
- 5В072900 – Құрылыс (бакалавриат);
- 5В073100 – Өмір сүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау (бакалавриат);
- 5В080200 – Технология производства продуктов животноводства (бакалавриат);
- 5В090200 – Туризм (бакалавриат);
- 5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі (бакалавриат);
- 5В030100 – Заңтану (бакалавриат);
- 5М030100 – Заңтану (магистратура);
- 5В020500 – Филология (бакалавриат);
- 6М020500 – Филология (магистратура);
- 6М090200 – Туризм (магистратура);
- 5В050300 – Психология (бакалавриат);
- 5В010300 – Педагогика и психология (бакалавриат);
- 6М010300 – Педагогика және психология (магистратура);
- 6М060100 – Математика (магистратура);
- 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (бакалавриат);
- 5В070300 – Ақпараттық жүйелер (бакалавриат);
- 6М070300 – Ақпараттық жүйелер (магистратура);
- 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (магистратура);
- 6М073100 – Өмір сүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау (магистратура);
- 6М070400 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру (магистратура);
- 6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (магистратура);
- 5В010800 – Дене тәрбиесі және спорт (бакалавриат).
Негізгі проблемалардың талдауы
Жоғары білім мен ғылым ықпалдасуының жеткіліксіздігі. Биліктің, университеттің және өңірдің әлеуметтік және экономикалық салаларының нақты сұраныстарының арасында реттелген мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жоқтығы.
Зерттеулердің нәтижелерін коммерциялау үшін инфрақұрылым дамымаған.
Материалдық-техникалық базаны тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары технологиялық заманауи құралдармен жаңарту және оңтайландыруды жалғастыру үшін университет қаражатының жеткіліксіздігі.
Университеттің Ғылыми кітапханасын кітапханалық қызмет көрсету стандарттарының заманауи талаптарына сәйкес жаңғырту үшін ғимараттың қажеттігі.
Университет магистратурасы мен докторантурасының мамандықтары (жекелеген мамандықтар бойынша және толығымен болмау) бойынша мемлекеттік білім беру гранттары санының азаюы.
Жұмыстың келесі тұжырымдамалық бағыттары айқындалды:
– Назарбаев университеті және Назарбаев зияткерлік мектептерімен білім беру технологиялары трансферті саласындағы ықпалдастық;
– студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын (ішкі және сыртық) дамыту тетіктерін жетілдіру;
–әлемнің жетекші университеттеріндегі ғылыми тағылымдамалар арқылы университет оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
– студенттерді тәжірибелік машықтарға үйрету және тәжірибелік біліктілік алуын есепке ала отырып, пәндердің бағдарламаларын жаңарту, ЖОО тәжірибелік алаңдары мен кафедралардың филиалдары санын арттыру, әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілерді тарта отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру.
– инновациялық оқыту технологияларын пайдалану аясы мен онлайн-оқыту әлеуетін кеңейту;
– халықаралық ғылыми-зерттеу ұжымдарын қалыптастыру және іргелі және қолданбалы проблемалар саласындағы бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік ұйымдармен, жетекші ЖОО-мен және алыс және жақын шетелдердің ҒЗИ-менәріптестік байланыстар аясын кеңейту;
– халықаралық бағдарламалар мен Еуропалық одақтың бірлескен білім беру және ғылыми жобаларына қатысу;
– кәсіптік бағыт-бағдар жұмыстарын күшейту;
– білім, ғылым және инновациялық қызметтің ықпалдасуы үшін ғылыми зерттеулерді коммерциялау жүйесі құрылатын болады.
Сыртқы және ішкі факторлардың бағасы
1. Сыртқы факторлар:
1) ЖОО-ның бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін мақсатты қаржыландыру бағдарламаларының жоқтығы;
2) еңбек нарығы мен ЖОО-ның инновациялық экономика кадрларын даярлаудағы нақты өзара іс-әрекеті жоқ
2. Ішкі факторлар:
1) заманауи «басқару инновацияларын» нашар пайдалану;
2) түлектерді жұмысқа орналастыру қызметіне ерекше көңіл бөлінбейді, ЖОО түлектерінің мансаптық өсуі дұрыс қадағаланбайды;
Университет студенттерінің контингенті кемуде, бұл университеттегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының дұрыс жүргізілмейтінін көрсетеді.
2-стратегиялық бағыт. Ғылымды дамыту
Ғылымды дамыту 5 басымды бағытқа шоғырландырылған: елдің зияткерлік әлеуеті, энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым, шикізат пен өнімнің қайта терең өңделуі. Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де ҚР БҒМ гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурстарында ұтып алынған 2 жоба, ҚР АШМ конкурстарында ұтып алынған 1 жоба, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1 ғылыми жоба ойдағыдай іске асырылуда. Халықаралық ынтымақтастық аясында Ресеймен (Хакасия Республикасы) және Ұлыбританиямен (Британ кеңесі) 4 ғылыми жоба орындалуда.
С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-техникалық институты базасында жұмыс істейтін селекция және тұқым шаруашылығы зертханасы ғалымдарының қолданбалы ғылыми зерттеулері өңірдің қажеттілігіне бейімделген. «Элит» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінде біздің ғалымдарымызбен дәнді және майлы дақылдардың 160-тан астам сұрпын аудандастыру бойынша тәжірибелік ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің жоғары нәтижелілігіне авторлық құқық нысандарына қатысты мемлекеттік тіркеу куәліктері, жарияланымдар куә. Университетте импакт-факторлы мақалалар әзірлеу, монографиялар дайындау, авторлық құқық куәліктерін алудағы белсенділіктің артуы байқалады. 206 жылы университет оқытушылары барлығы 17 монографияны жарыққа шығарды, ISI Web of Knowledge деректер қорына енетін нөлдік емес және жоғары импакт-факторлы журналдарда 17 мақала жарияланды, авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу туралы 5 куәлік алынды.
Университеттің ғылыми саласындағы маңызды «өсу нүктесі» – жастарды ғылыми ізденістер мен әзірленімдерге тарту.
2016 жылы Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері мен жас ғалымдары ғылыми жұмыстардың түрлі деңгейдегі конкурстарында 16 жүлделі орындарға ие болды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына 43 жұмыс қатыстырылды. 8 жүлделі орын алынды: бір – бірінші орын, үш – екінші және төрт – үшінші орын.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорымен ұйымдастырылған «Болашақ ғалымдары» республикалық үздік ғылыми жұмыстар конкурсының қорытындылары бойынша «Агрономия» мамандығының 4 курс студенті Ұнайбекова Айгүл жеңімпаз атанды. Осы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласында «Платон» халықаралық даму орталығымен 6 ЖОО-ның (Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Көкшетау) студенттері арасында өткізілген «Ең үздік курстық жұмыс» республикалық конкурсының қорытындылары бойынша біздің студенттер бір –екінші және екі – үшінші орындарды иеленді.
Ғылыми қызметті жандандыру және оның тиімді үйлестірілуі мақсатында университетте Ғылыми-техникалық кеңес және Жас ғалымдар мен студенттер кеңесі жұмыс істейді, олардың жұмысы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісіндегі ғылым мен білімнің ықпалдасуын сәтті дамытуға бағытталған.
«Қазақстан –2050» Стратегиясында айқындалған ғылым дамуының жаңа бағыттары берілді, бұл:
ЖОО ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамыту;
Шетелдік ғылыми қауымдастықтармен ықпалдасу, кең ауқымды жобаларға қатысу;
Ғылымның экономикаға, ғылым мен бизнес кооперациясына қосар нақты үлесі.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жұмысының келесі тұжырымдамалық бағыттары айқындалды:
– Назарбаев университетімен ғылыми технологиялар трансферті және ғылыми әзірленімдерді коммерциялау тәжірибесі саласындағы ықпалдастық;
-шетелдік инвестициялар мен бизнес-құрылымдарды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндіріске инновациялық жобаларды енгізуге тарту;
- университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерін коммерциялау, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар, технопарктер, ЖОО базасында ғылыми зерттеулерді коммерциялау ұйымдарының бизнес-инкубаторларын құру;
- университеттердің зерттеу әлеуетін нығайту;
- ғылымның басымды бағыттары бойынша ғылыми мектептер ашу, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің дамуын қамтамасыз ету;
- жекеменшік кәсіпорындар, шетелдік ғалымдар, ұйымдарды, сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін де тарта отырып, ғылыми жобаларды іске асыру, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
- студенттік ғылыми зерттеулерді апробациядан өткізу үшін студенттік ғылыми ортада өзара тәжірибе алмасу мақсатында өндірістермен, Қазақстан Республикасының тиісті Орталықтарымен байланыс орнату;
- ғылыми және өндірістік тағылымдамалар, біліктілікті арттыру курстары бойынша профессор-оқытушы құрамның ғылыми және кәсіптік біліктілігін жетілдіру;
- Студенттерді ғылымның басымды бағыттары бойынша зерттеулерге тарту арқылы олардың СҒЗЖ қатысу тиімділігін арттыру, жарыс сипатындағы СҒЗЖ іс-шараларын өткізу.
Негізгі мәселелер талдауы
Ғылым мен білім арасындағы алшақтық сақталуда, ғылыми нәтижелер білім саласында шоғырландырымайды, ғылыми зерттелерді өткізу барысында жас мамандар тартылмайды.
Ғылымның материалдық-техникалық базасы зерттеулер мен әзірленімдерді өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін университеттің ғылыми әлеуетінің маңызды құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады. Университеттің ғылыми әлеуетін жақсарту үшін материалдық-техникалық базаны, заманауи ғылыми құрал-жабдықтармен жабдықтай отырып, ғылым мазмұнын біршама жақсарту қажет.
Ғылым кадраларын даярлау докторантура (PhD) арқылы даярлаудың заманауи жүйесі іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығын және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылым саласына арналған ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді терең зерделеуді көздейді. Ғылым саласындағы кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру үшін өңірдің ғылым саласындағы кадрларға деген сұранысын ескере отырып, мамандарды оқыту қажет.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
1) ғылыми зерттеулерді коммерциялау көлемінің төмендігі;
2) өңір мен еліміздегі шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржылық қолдаудың болмауы;
3) ғылыми нәтижелердің басқа дамыған елдермен салыстырғандағы төмен деңгейі (рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар бойынша).
Ішкі факторлар:
1) докторлар мен кандидаттардың арасындағы жас шамасының 50-ден асуы;
2) инфрақұрылымның материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан жеткіліксіз қамтамасыздандырылуы.
4) ғылымның кадрлық әлеуетінің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі.
3 стратегиялық бағыт. Жастар саясаты
Жастардың өзін-өзі іске асыруы және оның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мемлекеттің басымды міндеті болып табылады.
Университетте Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді бағдарлама әзірленген. Патриоттық тәрбие беру жүйесі келесілерді көздейді: мемлекеттік рәміздерді зерделеу және насихаттау; әскери-патриоттық тәрбие; студенттік, жастар ұйымдарының ролін арттыру; БАҚ қызметі; мемлекеттік тілдің қызмет етуі; отбасылық құндылықтар және т.б.
ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша іс-шаралар, мысалы: «Үздік жыл тәлімгері», «Студенттер қатарына қабылдау», «Тәуелсіздік күні», «Мұғалімдер күні» және т.б. конкурстар жыл сайын өткізіледі. Жас қоғамдық бірлестіктер мен «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің мазмұны мен қолданылуын түсіндіру іс-шаралары өткізіледі.
Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, студенттердің патриоттық сана-сезімдерін әлеуметтік тұрғыдан зерттеу бағытында арнайы, тақырыптық семинарлар мен әңгімелесулер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі, университеттік «Алау» газеті мен басқа да қалалық және облыстық БАҚ-да тақырыптық мақалалар жарияланып отырады.
Құқық онкүндігін, жаппай құқықтық оқу апталығын, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесулер, конференциялар мен семинарлар өткізу дәстүрге айналған. Студенттерге арналған заңды кеңес беру кабинеті тұрақты түрде жұмыс істейді. Діни экстремизм және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында дінтанушылар мен тарихшылар қатарынан құрылған 5 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды.
Көпмәдениетті тәрбие беру, ұлтаралық келісімді нығайту университеттегі жастар саясатының маңызды бағыты болып табылады.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 20 ұлттың студент өкілдерінің басын қосқан «Атамекен» студенттік ассамблеясы 6 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Университеттің көпмәдениетті ортасын ескере отырып, факультеттер, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік деканат, ұлтаралық мәдениет орталығы тілдерді білу деңгейін айқындау үшін конкурстар, халық шаруашылығы көрмесін, ұлттық тағамдар және т.б. конкурстар ұйымдастырады.
Студенттердің зейінін аударудың неғұрлым тиімді тәсілдерін іздеу, олардың белсенділігін арттыру және педагогикалық әрекеттің нәтижелігін көтеру тәрбие ісін жүзеге асыруда ерекше орын алады. «Шоқан жұлдыздары» фестивалі кәсіптік және шығармашылық өзін-өзі іске асыру формаларының бір түрі болды.
Бұл фестиваль осы уақыт ішінде өзін белгілі оқиға ретінде таныта білді. Маңызды бәсекелестік күресте студенттер өз өнерлерін «Шоқан Жұлдыздарының» түрлі аталымдары бойынша көрсетуге талпынады.
Оқу жылының қорытындылары бойынша оқу озаттары, спортшылар, белсенді студенттер, құрылыс жасақтарының тұлғалары, республикалық фестивальдарға қатысушылар марапатталады. 2016 жылы қоғамдық-мәдени қызметпен белсенді айналысатын 20 студент атап өтілді.
КМУ-де музыкалық-көркемдік студия базасында жұмыс істейтін жиырмадан астам шығармашылық ұжым, мүдделер бойынша 17 клуб құрылды.
Қазақстан студенттерінің альянсы; Факультеттердің студенттік кеңестері; Студенттік деканат; «Атамекен» Қазақстан халықарының студенттік ассамблеясы; КМУ КТК; «Шапағат», «Қамқор» қайырымдылық қорлары; Педагогический отряд «Юность» педагогикалық жасағы, «Жасыл ел» жасағы; «Зияткер», «Алғыр», «Көкше» дебаттар клубы; «Қазақ айнасы» студенттік шығармашылық орталығы; «Қыз Жібек» клубы; «Спартак» спорт клубы; «Шоқан аруы» клубы және т.б. сияқты студенттік ұйымдардың түрлері қарқынды дамуда.
музыкалық-көркемдік білім беру саласында оқу, алынған білім, дағды, қабілеттерді жетілдіру, эстетикалық сезім мен оған деген қажеттілікке тәрбиелеу, шығармашылық белсенділікті дамыту, өңіраралық және республикалық конкурстарға қатысудың тамаша мүмкіндігін беретін музыкалық-көркемдік студия жұмыс істейді.
Бүгінде музыкалық – көркемдік студияда келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде: Би өнері мектебі; Ұлттық аспаптар ансамблі мектебі; Вокалды өнер және хормен айту мектебі; Театр өнері мектебі.
Бұдан басқа, университетте жастар үшін кеңес беру, ақпараттық-талдау, оқу, әлеуметтік және өзге де қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ: Психологиялық қызмет; Интернет-кафе; Кітапхана залдары; «Арасан» медициналық пункті; «Тұлпар» спорттық-сауықтыру кешені; Студенттік асханалар; Студенттік тамақтандыру орталығы; Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері; Театрлар, кинотеатрлар мен мұражайларға баруға ұсынылатын жеңілдіктер және т.б.
Университет «Жас ұрпақтың салауатты өмір салты – бұл мықты, қайратты және әсем ел. Студенттердің мықты денсаулығы – үздік білім арқауы» ұстанымын басшылыққа алады.
Университетте 20 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 1000-нан астам студент спортпен шұғылданады. Заманауи спорт базасының болуы КМУ-ге қала, облыс, республика студенттерінің қатысуымен өткізілетін жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын университетте 20-дан астам спорттық іс-шаралар, оның ішінде қызметкерлер мен магистранттардың қатысуымен, спорттың барлық түрі бойынша студенттердің факультетаралық спартакиадасы, «Талапкер», «Бірінші курс студенті», «Денсаулық» спартакиадалары өткізіледі.
Университеттің студенттердің табиғатқа қатысты этикалық жауапкершілігін, еңбекке деген мүдделігін қалыптастыруды көздейтін экологиялық және еңбекке тәрбиелеу саласында өзіндік дәстүрлері бар.
Студенттердің құрылыс жасақтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси үлкен қозғалысын ескере отырып, «Жасыл ел» республикалық бағдарламасын іске асыру мақсатында КМУ-де СҚЖ-ның штабы жұмыс істейді, онда жыл сайын 800 адамның басын біріктіретін оннан астам студенттік құрылыс, жастардың еңбек және педагогикалық жасақтары құрылады.
Патриотизм, үлкендерге құрмет, альтруизмнен басқа Студент жастарының бойына мейірімділік, қамқорлық, алаңдаушылық, көмекке қол созу сияқты тұрақты қасиеттер де сіңіріледі. Университет студенттері қайырымдылық акцияларына қатысады, Ақмола облысының балалар үйлеріне қамқорлық жасайды.
Студенттерге түрлі бағыттар бойынша әлеуметтік көмектер көрсетіледі: жатақханаларда тұру үшін төлем жеңілдіктері, материалдық көмек, мәдени іс-шаралар барысындағы жеңілдіктер, тегін тамақтану, «ынталандыру ретінде Тұлпар», «Арасанға» берілетін жолдамалар.
Мемлекеттік жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беруді, жастарды университеттің ақпараттық және ұйымдастыру жұмысымен барынша қамту мақсатында университет мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен, қорлармен өзара тығыз қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Жұмыстың келесі тұжырымдамалық бағыттары айқындалды:
– «Қазақстан-2050» стратегиясын насихаттау және ақпараттық қолдау;
- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру;
- діни сана-сезімді еліміздегі дәстүрлер мен мәдение нормаларға сай қалыптастыру, экстремизм, терроризм, конфессиялық және ұлттық төзбеушіліктің алдын алу;
- университет студенттерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру;
- ЖОО басқару бойынша Студенттік қызметті жандандыру;

3 бөлім. Қатерлерді басқару

 

Ықтимал қатер атауы

Қатерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайдағы ытимал зардаптар

Басқару бойынша іс-шаралар

 

Сыртқы қатерлер

 

Рейтингілерде топ орындарын иеленуде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеу

Шетелдік ЖОО арасындағы танымдылықтың төмендігі, ықтимал ынтымақтастыққа мүдделіктің жоқтығы

Өткізілетін рейтингілерге үнемі қатысу, мониторинг және оларға қатысуға арналған өтінімдерді беру барысындағы көрсеткіштерді жақсарту, өткізілетін конференциялармен іс-шараларға қатысу

Жоғары білім жүйесінде жалақыны көтерудің сәйкессіздігіне байланысты жоғары білікті ОПҚ-нің кетуі

 

ОПҚ кәсіптік мүмкіндіктерінің төмендеуі және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізбеу

Университеттің кәсіпкерлік мәртебесін қаржыландырудың қосымша көздерін іздеу және енгізу үшін тиімді пайдалану.

Еңбек ақыны төлеуді бұдан әрі саралау.

Қаржылық дағдарыс, девальвация, инфляция, оқу құнының үнемі көтерілуі, тұтынушылардың төлем жүргізуге қабілеттілігінің төмендігі

Білім алушылар контингентінің кемуі, жекелеген мамандықтардың жабылуы

Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру.

Материалдық ынталандыру жағдайларын жасау. Мамандарды даярлауға әлеуметтік әріптестерді тарту.

Талапкерлердің жаратылыстану-ғылыми пәндері, оның ішінде шет тілдері бойынша даярлық деңгейінің төмендігі

Бәскеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі, әлемдік стандарттарға сәйкессіздік

ЖОО-на оқуға түсу үшін дайындық бөлімін ұйымдастыру.

Мамандандырылған курстарды, оқу семинарларын өткізу.

Ғылыми зерттеулердің коммерциялау көлемінің төмендігі

Ғылым мен тәжірибенің алшақтығы

Ғылымға МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) енгізу.

ҒЖЖ нәтижелілігінің төмендігі

Ғылыми зерттеулердің, жаңа технологиялардың жоқтығы, инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі, нәтижелерді коммерциялауға мүмкіндіктің жоқтығы

 

Ғылыми және ғылыми-зерттеу жобаларын басқару тетіктерін жетілдіру

 

Ішкі қатерлер

 

ЖОО-ның ғылыми зертханаларының материалдық-техникалық базасының тозуы

ҒЗЖ сапасының төмендеуі

Ғылыми зертханаларды заманауи құралдармен, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен, жабдықтау.

Қаржыландырудың төмендеуі, кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың азаюы

Келісімшарт негізінде білім алушылар санының төмендеуі

Университеттің ішкі мақсаттық гранттарының жүйесін құру

Университеттің ОПҚ ғылыми дәрежесі деңгейінің жеткіліксіздігі

Білім сапасының төмендеуі

Шетелдің дәстүрлі аспирантурасы мен докторантурасының мүмкіндіктерін пайдалану.

Университеттің ОПҚ кәсіптік дайындығын арттыруға ынталандыру.

ОПҚ біліктілігін арттыру.

Ғылыми инфрақұрылымның материалдық-техникалық және қаржылық қамтасыздандырылуының жеткіліксіздігі.

Көрсетілетін білім беру қызметтері сапасының төмендеуі мен ҒЗЖ сапасының төмендеуі

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетіктерін жетілдіру.

Ғылымды қаржыландыруды

Ғылыми-зертханалық базаны күшейту

Жас оқытушылар мен университеттің білім алушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартудың жеткіліксіздігі.

Университеттің жас оқытушылары мен білім алушыларының инновациялық қызметке қосатын үлестерінің төмендеуі

Жас оқытушыларды ғылыми жобалар, зерттеулерді орындауға ынталандыру

 

4 бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

1 стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау

1.1 мақсат. Достижение высокого качества подготовки конкурентоспособных кадров

 

 

Мақсатты индикаторлар

(КР)

Ақпарат көздері

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016 жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

Жұмысқа орналасқан жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар түлектер саны

Мансап орталығы

адам

1 155

1 132

1 191

1619

1813

1919

1.1.1 міндет. Еңбек нарығына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау

Көрсеткіштер

(ПР)

Ақпарат көздері

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

 

2016 жыл

2017

жыл

   

2016 жыл

2021

год

Бірінші курсқа қабылданған студенттер саны

Студ. бөлімнің есебі

адам

1 984

2 056

2 100

2250

2350

2500

Бірінші курсқа қабылданған магистранттар

Студ. бөлімнің есебі

адам

144

150

152

156

160

163

Бірінші курсқа қабылданған докторанттар саны

Ғжәне КҚ есебі

адам

5

6

8

10

13

15

Бакалавриат түлектерінің саны

Студ. бөлімнің есебі

адам

1 226

1 146

1 197

1615

1770

1841

Магистратура түлектерінің саны

Студ. бөлімнің есебі

адам

86

112

84

90

95

110

Докторантура түлектерінің саны

Студ. бөлімнің есебі

адам

 

-

-

4

5

7

Біліктілікті арттыру, қайта даярлау, ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша, курстарынан өткен ОПҚ саны

Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің есебі

адам

86

90

95

100

107

115

Шетелдерде біліктілікті артыру курстарына өткен ОПҚ саны

Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің есебі

 

10

12

15

18

20

25

Кітапхана қорының жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толықтырылуы

Кітапхананың есепті деректері

бірл.

253444

255500

258450

260500

265450

270000

Университет кафедраларының кәсіпорындардағы филиалдарының саны

ОӘҚ есебі

бірл.

8

9

10

11

12

13

Шетелдерде білім алушыларды қабылдауға арналған кеңселер саны

ХЫАҰжәне КҚ есебі

бірл.

1

1

2

2

3

3

Шетелдік студенттер саны

Студ. бөлімнің есебі

бірл.

30

39

45

50

55

60

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар студенттерге арналған кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, кітапханалар, лифт, әлеуметтік нысандар) қамтамасыз ету.

ӘШҚ есебі

Оқу ғимараты

1

2

2

3

4

4

                   

1.1.2 міндет. Бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Көрсеткіштер

(ПР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

Кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған пәндерді әзірлеу барысында жұмыс берушілердің мүдделерін ескеру арқылы жаңартылатын білім беру бағдарламаларының саны

 

ОӘҚ есебі

бірл.

7

8

8

10

10

11

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бірлескен білім беру бағдарламаларының, оның ішінде екі дипломды білім беру бағдарламаларының саны

ОӘҚ есебі

бірл.

5

7

8

8

9

10

Педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік-техникалық бағыттардың басымды мамандықтары бойынша көп тілді білім беру бағдарламаларының саны

ОӘҚ есебі

бірл.

15

17

20

23

26

30

Халықаралық «Болашақ», ДААД стипендиялары, Эразмус және т.б. аясындағы оқу және тағылымдама

ХЫАҰжәне КҚ деректері

адам

16

18

20

25

30

35

Бакалавриат, магистратура мен докторантураның ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының саны

СЖАжәнеСМҚ деректері

бірл.

17

5

20

20

32

24

Бакалавриат, магистратура мен докторантураның халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының саны

СЖАжәнеСМҚ деректері

бірл.

6

7

9

10

12

14

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша кеткен білім алушылар саны

ХЫАҰжәне КҚ есебі

адам

21

40

50

60

70

80

Шетелдердің жетекші ғалымдарын тарту және бакалавриат, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыру

ХЫАҰжәне КҚ есебі

адам

3

3

5

7

9

11

Ғылыми дәрежесі бар ОПҚ саны

Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің есебі

адам

112

120

125

130

140

150

ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық аясындағы келісімшарттар саны

ХЫАҰжәне КҚ есебі

бірл.

 

 

 

 

 

 

КМУ-дің QS рейтингісіндегі орны

СЖАжәнеСМҚ деректері

орын

-

700+

700+

500+

500+

500+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

2 стратегиялық бағыт. Ғылымды дамыту

2.1. мақсат. Білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциялануын қамтамасыз ету, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерциялау үшін

жағдайлар жасау

 

Мақсатты индикаторлар

(КР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016 жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

 

 

 

 

 

 

Университет ғалымдарының ғылыми жобалардың жалпы санынан алғандағы ғылыми зерттеулерінің коммерцияланған нәтижелерінің саны

Ғжәне КҚ есебі

жоба

1

1

2

3

4

5

 

2.1.1. міндет. Университеттің ғылыми қызметін жетілдіру, нәтижелерді коммерциялау. Ғылыми және инновациялық қызмет инфрақұрылымын жаңғырту

Көрсеткіштер

(ПР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

 

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

3

6

9

12

15

20

Кәсіпорындармен және бизнес-құрылымдармен бірлесе орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларының саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

3

4

5

6

7

7

ҒЗЖ тартылған ОПҚ, ғылыми қызметкерлер саны

Ғжәне КҚ есебі

адам

59

61

64

68

70

72

Жаңа ғылыми зертханалар, ғылыми институттар және т.б. саны.

Ғжәне КҚ есебі

адам

4

5

5

6

7

8

Ғылыми жобаларды іске тарту процесіне атралығна білім алушылар (бакалаврлар, магистранттар, докторанттар) саны.

Ғжәне КҚ есебі

адам

28

31

35

40

45

52

Жыл сайын құрылатын инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

2

4

5

6

7

8

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, халықаралық гранттардың иегерлерінің саны

Ғжәне КҚ есебі

адам

4

6

6

8

9

10

Халықаралық ынтымақтастық аясында орындалатын жобалар саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

5

7

10

12

15

18

Халықаралық нольдік емес импакт-факторлы халықаралық журналдарда жарияланатын ғылыми жарияланымдар саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

13

16

17

20

25

30

Танылған ғылыми нәтижелер мен өнертабыстар/ патенттер туралы куәліктер және т.б. саны

Ғжәне КҚ есебі

бірл.

27

30

34

40

48

55

                   

3 стратегиялық бағыт. Жастар саясаты

3.1. мақсат. Жастарды «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтары

мен салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға тарту

Мақсатты индикаторлар

(КР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016 жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

Жастардың белсенді қоғамдық және денсаулық ақтау ұстанымы

ТЖБ есебі

адам

423

460

500

550

600

650

3.1.1. міндет. Жастардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесі мен салауатты өмір салты деңгейін арттыру

Көрсеткіштер

(ПР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016 жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

Діни сана-сезімді қалыптастыру және патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар

ТЖБ есебі

бірл.

30

32

36

36

36

36

Спорт әлеміне қатысу

ТЖБ есебі

адам

500

530

550

580

600

620

Экстремизм, терроризм, ұлттық және конфессиялық төзбеушіліктің алдын алу аясында өткізілген іс-шаралар саны

ТЖБ есебі

бірл.

27

31

38

42

46

53

Жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысатын студенттер саны

ТЖБ есебі

адам

423

450

500

550

600

650

Білім алушылардың жалпы санынан алғандағы білім алушылардың спорттық секциялардың қызметімен қамтылуы

ТЖБ есебі

%

15

20

25

30

35

40

3.1.2. міндет. Әлеуметтік және еңбек белсенділігін дамыту

Көрсеткіштер

(ПР)

Ақпарат көзі

Өлш.бірлігі.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2016 жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

год

"Жасыл Ел" бағдарламасын, СҚЖ және жастардың өзге де ұйымдарын іске асыру, әлеуметтік акцияларға қатысу

ТЖБ есебі

адам

102

112

149

169

173

186

Студенттік өзін-өзі басқаруға қатысу

ТЖБ есебі

адам

110

115

120

125

130

135

Жастар ұйымдарының жұмысы Работа молодежных организаций

ТЖБ есебі

бірл.

20

22

23

25

26

27

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар, мақсаттар, міндеттер

1 мақсат. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу

Міндет

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қолжеткізуге арналған іс-шаралар (СР)

Орындауға жауаптылар

Еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау

Университет, ғылыми ұйымдар және жүйе қалыптастырушы өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында өндірістік тәжірибе базаларын қалыптастыру келісімдерін жасау.

Мансап орталығы

Университетті заманауи зертханалық құралдармен, оның ішінде жұмыс берушілердің қаражатын тарта отырып, қамтамасыз ету.

ӘШҚ

ОПҚ біліктілігін арттыру, қайта даярлау, тағылымдамасы.

Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі

ЖОО оқу-әдітемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, оларды әзірлеу, басып шығару және аудару, оның ішінде мемлекеттік тілде.

Кітапхана, ОӘҚ, ӘШҚ

Тәжірибенің барлық түрін, оның ішінде дуальді тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіру.

Мансап орталығы

Түлектердің экономиканың басымды секторларына жұмысқа орналасуы үшін бос жұсмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу

Мансап орталығы

Бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілерді тарта отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру

ОӘҚ, Мансап орталығы, кафедралар

Университеттің білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруы.

 

Әлемнің үздік университеттері рейтингісіне қатысу.

СЖАжәне СМҚ

Академиялық ұтқырлықты дамыту тетігін жетілдіру.

ХЫАҰжәне КО

Көп тілде білім беруді іске асырудың әдістемелік қамтамасыздандырылуы.

ОӘҚ

Студенттер мен оқытушыларға арналған көп тілде білім беру бағдарламасы бойынша тілдік курстарды ұйымдастыру.

ХЫАҰжәне КО

Назарбаев университеті және Назарбаев зияткерлік мектебімен ең жаңа білім беру технологиялары трансферті саласындағы ынтымақтастық.

ОӘҚ

2 мақсат. Ғылым, білім және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерциялау үшін

жағдайлар жасау

Міндет

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қолжеткізуге арналған іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Университеттің ғылыми қызметін жетілдіру, нәтижелерді коммерциялау. Ғылыми және инновациялық қызмет инфрақұрылымын жаңғырту

Университеттің инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар құруы.

Ғжәне КҚ, ОӘҚ

Жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірісті құру үшін экономиканың басымды салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Ғжәне КҚ

Университеттің ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің мақалаларын импакт-факторлы журналдарда жариялау қызметтерін жандандыру.

Ғжәне КҚ

Зерттеушілерге ҒЗТКЖ-дың нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануда көмек көрсету.

Ғжәне КҚ

Бизнес-құрылымдарды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндіріске инновациялық жобаларды енгізуге тарту

Ғжәне КҚ, кафедры

Зерттеу және білім беру әлеуетін нығайту үшін мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде университетте заманауи құралдары бар жаңа мамандандырылған зертханалар ашу

Ғжәне КҚ, ОӘҚ

Орындалатын ҒЗЖ-на студенттер мен магистранттарды тарту.

Ғжәне КҚ

Бірлескен зерттеулер орындау, біліктілікті арттыру курстары аясында ғылыми тағылымдамалардан өту.

Ғжәне КҚ, СКиПР

Университетте Жас ғалымдар мен студенттер кеңесін, Ғылыми-техникалық кеңестің жұмыс істеуі.

Ғжәне КҚ

Ғылымның басымды бағыттары бойынша ғылыми мектептер құру, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу

Ғжәне КҚ

Қазақстан Республикасының Білім саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған басылымдар тізбесіне енетін «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысын» шығару

Ғжәне КҚ

Ғылыми конференциялар өткізу

Ғжәне КҚ

Жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, іске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (есептер) негізіндегі мониторингі.

Ғжәне КҚ

ЖОО-ның ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерінің әлемнің рейтингілік ғылыми журналдарындағы жарияланымдарының мониторингісі

Ғжәне КҚ

 

3 мақсат. Жастарды «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтары

мен салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға тарту

Міндет

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қолжеткізуге арналған іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Жастардың рухани-адамгершілік, париоттық тәрбиесі мен салауатты өмір салты деңгейін арттыру

Спорттық секциялар құру және олардың жұмыс істеуі

ТЖБ

 

Патриотизм, өзара құрмет, Отаны мен халқына адал қызмет ету ұстанымдары негізінде жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін, тәрбиесін дамыту бойынша конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу.

ТЖБ

Студенттік кеңестердің қызметін, мүдделер бойынша клубтар, жастар ісі жөніндегі комитеттер, жастардың ҮЕҰ дамыту бойынша акциялар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізу.

ТЖБ

Жастар арасында бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу іс-шараларын (дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар, кездесулер, консультациялар және т.б.). өткізу

ТЖБ

Экстремизм, терроризм, ұлттық және конфессионалдық төзбеушіліктің алдын алу

ТЖБ

Университет студенттерінің ортасында салауатты өмір салтын насихаттау

ТЖБ

Университет студенттерінің шығармашылық конкурстарға, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы

ТЖБ

Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу бойынша республикалық фестивальға қатысу.

ТЖБ, қазақ филологиясы кафедрасы

Ауыл жастарының слетына, жастардың Дельфий ойындарына, Жастар саясаты және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерге, тренингтерге, семинарларға қатыу.

ТЖБ

Әлеуметтік және еңбек белсенділігін дамыту

Білім алушыларды «Жасыл ел» ұлттық бастамасы аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге тарту.

ТЖБ

Студенттердің құрылыс жасақтарының жұмыстарын ұйымдастыру.

ТЖБ

Қорытынды

Осы Стратегияда алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша стратегиялық жоспарлаудың тиісті құжаттарын әзірлеу мен бекіту талап етіледі.

Іс-шаралар жоспарын өзектендіру мақсатында Университет бағалау өлшемдерін, мониторинг және орындалуын бақылау жүйесін әзірлейтін болады, қажет болған жағдайда, стратегия мен іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Стратегияны іске асыру Университеттің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен алға қойылған төмендегі міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді: еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау, Университеттің әлемдік білім беру ортасына кірігуі, ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелердің сапасы мен нәтижелігіндегі серпіліс, Университеттің ЖОО-ның отандық және халықаралық рейтингісіндегі лайықты жайғасу.

Стратегияның әзірленуіне негіз болған Бағдарламалық және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі

1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 Жарлығымен бекітілген);

2. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

3. . Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 18 ақпанындағы «Ғылым туралы» заңы;

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы №729 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары туралы» бұйрығы;

5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 1 наурызындағы № 205 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

6. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына арналған«Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы;

7. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 18 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы;

8. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы;

9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 25 сәуіріндегі № 243 «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы.