Skip to main content
x

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіндегі 
ғылыми-зерттеу қызметі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі өңірлік орталығы болып табылады. Ғылыми-зерттеу қызметі университетте еліміздің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасына, ҚР «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Коммерциялау туралы» заңдарына, стратегиялық даму жоспарына және ҒЗЖ жылдық жоспарларына сәйкес, ел Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген басымды бағыттарды, сондай-ақ университеттің жекелеген ғалымдарының ғылыми мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.   

Көкшетау мемлекеттік университетінің мәртебесі ғылымның түрлі  салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер өткізуді көздейді. Ғылыми зерттеулердің коммерциялауға дайын  біршама әлеуеті бар. 

«Ғылым туралы» заңға сүйене отырып, университет ғылым мен білімнің кірігуін қамтамасыз ету бағытын қолға алды, бұл үшін университетте келесі ғылыми-зерттеу зертханалары іске қосылған: инженерлік бейіндегі  «ЯМР-спектроскопия» зертханасы; «Композициялық материалдардан жасалған жел-энергетикалық қондырғылар» зертханасы; «Селекция және тұқым шаруашылығы» зертханасы. Бұл зертханалар оқытушыларға, PhD докторанттарға, магистранттар мен студенттерге ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік береді. 

Білім, ғылым және өндірісті сабақтастыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 2015 жылы университет ректоры, профессор Ә.Ә.Әбжаппаровтың бастамасымен «Элит» оқу-ғылыми-өндірісік кешені құрылды.  36 га ауданы бар  орталықтың тәжірибе алаңында оқытушылар мен студенттер астықты, майлы және азық-түлік дақылдары мен мал шаруашылығын (асыл тұқымды сиырлар, асыл тұқымды бұқалар, қой) зерделеу бойынша тәжірибелерінің негізін салады. 

«Элит» ОҒӨК-тің тәжірибе егістігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Өңірлік астық холдингі» АӨК-пен шаруашылық шарт бойынша (11 млн. теңгеге жуық) қаржыландыру сомасы шегінде «Шетелдік селекцияның пісіп-жетілуі әртүрлі топтарының жаздық жұмсақ бидай сұрыптарын сынақтан өткізу және енгізу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде,  шетелдік селекцияның 104 сұрпы, қазақстандық селекцияның (бидай, арпа, жүгері гибриді, күнбағыс гибриді,  мақсары, қарақұмық, бұршақ, жасымық) 62 сұрпы отырғызылды.

1

Профессор-оқытушы құрамның ғылыми қызметінің нәтижелері соңғы жылы шетелдік басылымдарда жарыққа шыққан 194 мақалада, республикалық басылымдардағы – 658 мақалада, Thomson Reuters, Scopus  халықаралық базаларындағы – 39 мақалада көрсетілген.  
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де жыл сайын Ғылым және коммерциялау қызметі және ҰҒТАО мен Springer арнайы менеджерлерінің бірлесуімен оқытушылар мен профессорлардың авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу  туралы куәліктері бар рецензияланатын журналдардағы жарияланымдық белсенділігін арттыру бойынша семинарлар өткізіледі, пайдалы модельге патенттер, монографиялар да профессор-оқытушы құрамның ғылыми-зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері болып табылады.   
Біздің университет ғылыми жобаларды іске асыру саласындағы белсенді жұмысты жалғастыруда. «Қант жүгерісін өсіру негізінде биоэтанол алу үшін биомасса өндіру технологиясын әзірлеу», «Атлас» оқу карталарының геоақпараттық пакеті» екі жобасы бойынша, сондай-ақ, ҚР БҒМ «Фармацевтикалық препараттардың нанокапсулды түрлерін алу және олардың құрылымын  ЯМР-спектроскопия әдісімен зерттеу»  бағдарламалық-мақсатты жобасы бойынша жұмыс аяқталды.  Қазіргі кезеңде ҚР АШМ тапсырысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында профессор Б.М.Көшеннің басшылығымен «Қолдан суарылмайтын жерлердегі азық дақылдарының өнімділігін арттыруға, Қазақстандағы егін шаруашылығын және мал шаруашылығын қарқындатуға бағытталған жоғары тиімді және ресурс пен ылғалды сақтайтын «жасыл» технологияларды әзірлеу» жобасын іске асыру жұмыстары жалғасын табуда. «Композициялық материалдардан жасалған жел-энергетикалық қондырғылар» зертханасы базасында (жетекші: т.ғ.д. Х.Ж.Байшағыров) Қазақстанның төрт ЖОО «Шағын желді энергетикалық қондырғылардың тәжірибелік өнеркәсіптік үлгілерінің кешенді әзірленуі, технологиялардың жасалуы, теориялық және эксперименталдық зерттелуі» бірлескен гранттық жобасын іске асыру жұмыстары жалғастырылды. 
Университет ғалымдары ресми жобаларды іске асырумен қатар зерттеулердің бастамашылық тақырыптарын әзірлеумен де айналысады.  Атап айтсақ, 2016 жылдың сәуірінде «ҰҒТАО» АҚ-да іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған  3 бастамашылық тақырып тіркелді:  «Қазақ және хакас тілінің, әдебиет және тарихтың мәдени мұрадағы ролі» (мемлекеттік тіркеу № 116РК00208); «Қазақ және якут филологиясының өзекті мәселелері» (мемлекеттік тіркеу № 116РК00206); «Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Батыс Сібірі (XIX ғ. және XX ғ.басындағы Тобыл және Ақмола өңірі) халықтарының этномәдени үрдістері»  (мемлекеттік тіркеу № 116РК00207). Үш тақырып та  профессор Ә.Қ.Шапауовтың жетекшілігімен іске асырылуда.  
Инженерлік бейіндегі ЯМР-спектроскопия зертханасы ерекше ғылыми жұмысты  жүргізеді. 2016 жыл ішінде зертхана  шаруашылық келісімшарт  негізіндегі  3 тақырыпты “ChemicalSolutions” (Атырау), ҚазМемҚыздарПУ (Алматы) және ОҚММА (Шымкент) іске асырды. Тақырыптар профессор Т.М.Сейілхановтың жетекшілігімен іске асырылуда. Зертхана жетекшісі мен қызметкерлері мақалаларын нольдік емес импакт-факторлы ғылыми журналдарда жариялайды.
Университеттің ғылыми саласындағы маңызды «өсу нүктесі» - жастарды ғылыми ізденістер мен зерттеулерге тарту.
2017 жылдан бастап  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру үшін жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, техникалық,  экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстарға арналған жоғары оқу орны ішілік «Жастар және ғылым»  конкурсы өткізілді. Көкшетау қаласының ұйымдары мен қорларының директорлары қатарынан құрылған тәуелсіз комиссия шешімімен Қожагелдина Перизат Талғатқызы ( «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1курс магистранты),  Досымбеков Ерлан Қадырұлы («Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант), Қақабаева Динара Серікқызы («Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Рахымжанов Еркеш Ақанұлы («Шет тілі және ОӘ» кафедрасының оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі) грант иегерлері атанды.
 

2

Университетте жыл сайын ұйымдастырылатын студенттердің Ғылым апталығы  дәстүрлі шараға айналып отыр, биылғы жылдың сәуір айында «Студенттердің IX ғылым апталығы» өткізілді. Факультеттер мен кафедраларда 28 секцияның отырысы өтіп, онда 400-ден астам баяндама назарға ұсынылды, ғылыми жобалардың конкурстары, студенттердің ғылыми үйірмелерінің отырыстары, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі және т.б. ұйымдастырылды.  
Конференция қорытындысы бойынша  студенттер мен магистранттардың үздік ғылыми баяндамаларының жинағы жарыққа шықты.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері республикалық деңгейдегі түрлі конкурстарда  жыл сайын жүлделі орындарға ие болады, атап айтсақ:
⦁    ҚР Тұңғыш Президентінің Қорымен ұйымдастырылған «Болашақ ғалымдары» республикалық конкурсында біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды (2015 жылы – 3 жүлделі орын, 2016 жылы – 1 жүлделі орын);
⦁    Студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурста: 2015 жылы - 5 жүлделі орын; 2016 жылы – 8 жүлделі орын, 2017 жылы – 7 жүлделі орын;
⦁    «Ең үздік курстық жұмыс» республикалық конкурсында -4 жүлделі орын (2016ж., Смағұл Бахтияр, Муфтахудтинова Диана, Жакупов Мұрат, Домлевская Юлия);
⦁    Үздік ғылыми-зерттеу жұмысына арналған республикалық конкурста – 7 жүлделі орын.
«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының  1курс магистранты О.В.Светова студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсының «Қазіргі лингвостилистиканың дискурсивтік векторлары» номинациясында жүлделі орынға ие болды.
Университетіміздің «KSU Enactus» командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2017 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновациялардың ұлттық кубогында 3 жүлделі орынға ие болды. 

3

 

4

 

Біздің студенттеріміз бен қызметкерлеріміз облыстық конкурстарда да жүлделі орындарды жеңіп алуда:
⦁    дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі қарсаңында жастар арасындағы «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсы (қараша, 2015 ж.) – 4 жүлделі орын
⦁    дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі қарсаңында жастар арасындағы «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсы (қараша, 2016 ж.) –11 жүлделі орын. 

5

Осылайша, біздің университет күннен-күнге ғылыми ұйымға тән жаңа сипаттарға ие болуда, ал университет ұжымы өзінің бай ғылыми әлеуетін іске асырып, ғылыми базаны дамыту мен нығайтуды, ЖОО ғылым, білім және өндірістің кірігуін іске асыруды басты мақсат ретінде көздеп отырғанын көрсетті.