Skip to main content
x

Визаға құжаттар

Виза ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Өтініш бланкісі (виза сауалнамасы)
2. 3,5 х 4,5 өлшемдегі 1 фотосурет (ашық түсті фондағы, түрлі-түсті, жылтыр, фотосуреттегі адамның басы бар бейненің 70-80 %  алып жатуы тиіс).

3. Шетелге шығу төлқұжатында  кем дегенде екі бос жол болуы керек, оның берілген  күні 10 жылдан аспауы тиіс және  қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.
4. Шетелге шығу төлқұжатының көшірмесі (жеке деректері және Шенген визасы бар парақтар).
5. Медициналық сақтандыру (сақтандыру визаның қолданылу мерзімі кезеңінде және қосымша 15 күн бойы Шенген елдерінің бәріне жарамды, кем дегенде 30000 Еуро, франшизасыз болуы тиіс) және сақтандыру полисінің көшірмесі.
7. Сапар шегу мақсатын растайтын құжаттар.
8. Қызметі, жалақысы және еңбек өтілі көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама немесе оқу орнынан берілген анықтама.
9. Қаржы қаражаттарын растау  -  соңғы 3 айдағы ақша құралдарының ағымы туралы банктік шоттың көшірмесі немесе жол жүру чектері; немесе банктің карточка шотында ақшаның бар екені туралы банк анықтамасы, кредиттік карточканың беткі жағының көшірмесі; (кепілді/ ақысы төленген тұратын орны болған жағдайда тәулігіне   кем дегенде 15 Еуро есебінен; басқа жағдайларда күн  үшін 45 Еуродан). Қолма-қол ақша есепке алынбайды.
10. Екі жақтың билеттерін брондау.
11. Мекен-жайға тіркелгені жөнінде анықтама немесе үй кітапшасының нотариалды түрде куәландырылған  көшірмесі
12. Отбасы құрамы туралы құжат (неке туралы куәлік пен балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері).

13. Қонақ үйді брондау немесе тұратын орнын растайтын құжат (жалға алу/ жекеменшік тұрғын жайының құжаты). Шақыруда тұратын орнының мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
14. Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасы.


Кәмелет жасына толмағандарға арналған қосымша құжаттар
• Туу туралы куәлік (аударылған және нотариалды куәландырылған).
• егер де кәмелет жасына толмаған бала бөтен адаммен саяхатқа баратын болса, онда  ата-ананың баласының уақытша шығуын растайтын нотариалды  түрде ресімделген келісімі болуы тиіс.
• Оқу орнынан берілген анықтама.
• Тұлға тегінің шығуын  (егер де баланың тегі ата-анасынан өзгеше болса) түсіндіретін құжат.