Skip to main content
x

Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

ҚР БҒМ Ғылыми комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және  ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша

 

I.

1. Жобаның атауы: «Ауыл шаруашылық дақылдары үшін қаратопыраққа күл, шлаг және нанокарбоннан жасалған препараттарды тыңайтқыштар үшін пайдалануды экологиялық және агрохимиялық бағалау».

Жобаның ғылыми жетекшісі: профессор Хұсайынов Әбілжан Тоқанұлы.  Жобаның жалпы қаражаты: 24 млн.тг.

 

2. Жобаның атауы: «Жаңа білім мазмұнына сай когнитивті-компенсаторлық (бейімдеушілік) стратегиялар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың методологиясы».

Жобаның ғылыми жетекшісі:  ак. профессор Бария Бадыковна Жахина.

Жобаның жалпы қаражаты: 24 млн.тг.

 

3. Жобаның атауы: «STEAM  Қазақстанның ауыл мектептерінде кәсіпкерлік білімін қалыптастыру және дамыту». 
Жобаның ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Газдиева Белла Асланбековна.

Жобаның жалпы қаражаты: 20 млн.тг.

II.

Қазақстан Республикасы Президент Істері басқармасының «Бурабай» МҰТП жарияланған ғылыми жобалар конкурсында «Ормандардың қазіргі заманғы экологиялық жай-күйін кешенді бағалау, биоәртүрлілік, жердегі экожүйелердің экологиялық құндылығы және «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі топырақ жамылғысының жай-күйін талдау және картаға салу» жобасы қаржыландырылды. 
Жоба ғылыми жетекшісі: Мемешев С.К., а.ш.-ғ.к., доцент.

Ғылыми кеңесші, бас ғылыми қызметкер Хусаинов А.Т., б.ғ.д., профессор. Жобаның жалпы қаражаты: 37 000 000 млн.тг

 

  1.  «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Университеті» КЕАҚ (НАО)
  1. Жобаның атауы: «Шабындық-сортты кешендерде жоғары өнімді шөп шабу және жайылымдық жерлерді құру және оларды Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында пайдалану» (2018-2020 жж.).

Жобаның қосалқы ғылыми жетекшісі: Көшен Бауыржан Макөшұлы – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор.

 

  1. Жобаның атауы: «Солтүстік Қазақстанның жайылым жерлерінде ауыл шаруашылық мал жайылымын ұйымдастырудың экономикалық және ғылыми негізделген технологиясын жасау (2018-2020 жж.).

Жобаның қосалқы ғылыми жетекшісі: Көшен Бауыржан Макөшұлы – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор.

 

  1. Жобаның атауы: «Солтүстік Қазақстан аумағындағы кеңістіктегі коммерциялық және шаруашылық тұқым өндіру үшін көпжылдық шөптерге арналған энергия үнемді  және тиімді сортты өндіру технологиясын жасау» (2018-2020 жж.).

Жобаның қосалқы ғылыми жетекшісі: Нұрғазиев Рашит Есенгелдіұлы  – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

 

  1.  «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

1)  Жобаның атауы: «Қазақстанның солтүстігінде қой бағу үшін табиғи суықтан сақталған көктемгі-қысқы рапс жемісін пайдалану технологиясы» (2018-2020 жж.).  

Жобаның қосалқы ғылыми жетекшісі: Шегенов Серікпай Тайшебаевич – aуылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

3. «Қазақ ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС

1) Жобаның атауы: «Солтүстік Қазақстанның оңтүстік-батыс аймағындағы бәсекеге қабілетті сорттық сынақтардың питомнигінде үй шаруашылығының көктемгі жұмсақ бидайының жаңа сорттарын бағалау» (2018-2020 жж.е).

Жобаның қосалқы ғылыми жетекшісі: Нұрғазиев Рашит Есенгелдіұлы  – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

4. «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

1) Жобаның атауы: «Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлеуетін, логистикасын, өңірлерде өндіріс үшін қол жетімді экономикалық тиімді өнімдерді анықтау арқылы ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған ағымдағы және әлеуетті нарықтарды зерттеу, сондай-ақ Ақмола облысында табиғи және климаттық жағдайлар мен климаттың өзгеруін ескере отырып, аймақтық салалық кластерлерді қалыптастыру мүмкіндігі» (2018-2020 жж.).

Жобаның жетекшісі: Бельгибаева Анаргуль Сарсенбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты.

 

 

82,5 млн. теңге қаражаты 2018-2020 жылдарға арналған ҚР АШМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу байқауына ғылыми-техникалық бағдарламаларды бірлесіп орындаушы ретінде қатысатын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті С.Сәдуақасов атындағы Агро-экономикалық институт ғалымдарының ғылыми жобаларының тізімі.

 

Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Жас ғалымдардың мәртебесін арттырып, студенттер қауымын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Жас ғалымдар мен студенттер кеңесі (бұдан әрі ЖҒмСК) жұмыс істейді.
ЖҒмСК қызметінің мәні – жас ғалымдар, магистранттар, PhD докторанттар, студенттердің шығармашылық ғылыми белсенділігін дамытуға, сондай-ақ ЖОО басқарылатын алқалық органдарында ғылыми қызмет жағдайларын жақсарту мәселелерінде жас ғалымдар мен студенттердің мүдделеріне өкілдік етуге  көмек көрсету. ЖҒмСК қызметінің мақсаттары – жас ғалымдардың ғылыми қызметін жандандыру, студент жастарын оқытудың ең бастапқы кезеңдерінен-ақ ғылымға тарту, зерттеу жұмыстарына деген уәждемесін қалыптастыру,  өзекті ғылыми бағдарламалар әзірлеу және басымды ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдар мен студенттердің күш-жігерін біріктіру.
Көрсетілген мақсаттарға қолжеткізу үшін ЖҒмСК қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:  
– КМУ-нің түрлі бөлімшелерінің жас ғалымдары мен студенттерінің ғылыми зерттеулерін ұйымдастырудағы қызметін үйлестіреді, оларға  көшпелі мектептер мен конференциялар, шаралар ғылыми іс-сапарларды жоспарлайды және оларды ұйымдастыруда қажетті көмекті көрсетеді;
- ғылыми конференциялар, семинарлар, көшпелі мектептер, көрмелер, форумдар, съездер және жас ғалымдар мен студенттердің қатысуы көзделген өзге де іс-шараларды жоспарлайды және өткізеді;
– заманауи ғылымның өзекті және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар, студенттер арасында тікелей байланысты дамытуға көмек көрсетеді;
-    жас ғалымдармен студенттерді шетелдік ұйымдармен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы хабардар ету жұмыстарын жүргізеді, деректер жүйесін құрады, жас ғалымдарға қажет болып табылатын консалтингтік және өзге де қызметтерді көрсетеді; шетелдік коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен байланыс орнатады және оны дамытады;
-    жас ғалымдар мен студенттердің инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың жобалар бойынша ұсыныстары мен инвестициялық бағдарламаларына қатысты қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
-    жас ғалымдар жұмысының жаңа түрлерін іздеуді жүзеге асырады, оларды тәжірибеге енгізуге бастамашылық етеді, КМУ түрлі бөлімшелерінің ғылыми жұмыстарының оң тәжірибесін жинақтап қорытындылайды және таратады;
-    жас ғалымдарға гранттық қолдау танытатын шетелдік және отандық қорлар мен бағдарламалар туралы мәліметтер жинайды;
-    ЖҒмСК-не қатыспайтын жастармен және студенттермен кездесулер өткізеді;
-    мемлекеттік органдардың басқармалары және ведомстволарымен жастар жұмысы мен саясаты саласында өз жұмысын үйлестіреді.
ЖҒмСК қызметінің нәтижелілігі:
Республикалық деңгей:
1.    ҚР Тұңғыш Президентінің Қорымен ұйымдастырылған «Болашақ ғалымдары» республикалық конкурсында біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды (2015 жылы – 3 жүлделі орын, 2016 жылы – 1 жүлделі орын);
2.    Студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурста: 2015 жылы - 5 жүлделі орын; 2016 жылы – 8 жүлделі орын, 2017 жылы – 7 жүлделі орын;
3.    «Ең үздік курстық жұмыс» республикалық конкурсында -4 жүлделі орын (2016ж., Смағұл Бахтияр, Муфтахудтинова Диана, Жакупов Мұрат, Домлевская Юлия);
4.    Enactus Kazakhstan National EXPO 2017  студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар ұлттық кубогы (сәір, 2017ж.).

       

Облыстық деңгей:
1.  Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі қарсаңында жастар арасындағы «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсы (қараша, 2015 ж.) – 4 жүлделі орын
2.    Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі қарсаңында жастар арасындағы «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсы (қараша, 2016 ж.) –11 жүлделі орын
Қалалық деңгей:
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де жыл сайын студенттердің Ғылым апталығы  ұйымдастырылып, оның шеңберінде студенттердің ғылыми-техникалық көрмелері, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларының секциялық отырыстары, ғылыми жобалардың конкурстары, студенттердің ғылыми үйірмелерінің отырыстары, шеберлік сыныптары және т.б. өткізіледі.   
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген «Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын орындау үшін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары арасында жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, техникалық, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстарға арналған жоғары оқу орны ішілік «Жастар және ғылым» конкурсы өткізілді.

Көкшетау қаласының ұйымдары мен қорларының директорлары қатарынан құрылған тәуелсіз комиссия шешімі бойынша грант иегерлері болғандар:
1.    Қожагелдина Перизат Талғатқызы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1курс магистранты;

 

2.     Досымбеков Ерлан Қадырұлы, «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторантура түлегі;

3.    Қақабаева Динара Серікқызы, «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі;

4.     Рахымжанов Еркеш Ақанұлы, «Шет тілі және ОӘ» кафедрасының оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Конкурс Ережесі қоса тіркелген.