Skip to main content
x

«Жас Отан» МК-нің «Нұр Отан» партиясымен университеттегі филиалы

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің «Нұр Отан» партиясы жанындағы
«ЖАС ОТАН»  ЖҚ БӨЛІМІ

 «Нұр Отан»  партиясының «Жас Отан» жастар қанаты 2008 жылдың 14 мамырында құрылған. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалдардан, Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ қалалық және аудандық филиалдардан тұрады.

 «Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні –  қоғамның саяси өміріне қатысу және «Жас Отан» ЖҚ бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру.   

«Жас Отан»  ЖҚ мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы үшін, олардың зияткерлік және дене әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де жағдайлар жасау.

ЖОО жанындағы бөлімше қызметінің негізгі мақсаты келесі бағыттар бойынша студенттерді біріктіру болып табылады:

  • ЖОО студенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мәселелерді шешуге қажетті жағдайларды қалыптастыру;
  • азаматтық, мәдени, спорттық, ғылыми, білімдік, қайырылымдылық, басқарушылық және әлеуметтік бастамаларын іске асыру;
  • жастардың жан-жақты дамуы, тәрбиесі мен өзін-өзі толық іске асыруы үшін жағдайлар жасау;
  • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорқау, даулар мен конфликтілер барысында көмек көрсету.

Міндеттері:
–мәдениетаралық және ұлтаралық келісімді қалыптастыру;
–жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту;
–жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
–жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
–мәдени, ғылыми, экономикалық, спорттық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және  жастарды оған қатысуға тарту;
–жастардың бір-бірімен араласуы мен тәжірибе алмасуына  жағдай жасау және өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу.  

ЖОО жанындағы бөлімше алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін және қызметтерін тиімді орындау үшін ЖОО жанындағы бөлімше төмендегілер мекемелермен өзара іс-әрекет жасайды:

– «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ өңірлік филиалдарымен;
–өкілетті мемлекеттік органдармен;
–жастар ісі жөніндегі комитеттермен, студенттердің кәсіподақ ұйымдарымен, студенттік клубтармен;
–құқық қорғау органдарымен студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша;
–проректорлармен, декандармен, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, кафедралардың кураторларымен, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен.

 

Instagram: jasotan_kgu

№2 оқу ғимараты, 4 қабат, 417 каб.

 «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан»  ЖҚ бөлімшесінің жетекшісі Құрманбек Әділет.

021020181025_1.jpeg

021020181025_1.jpeg

021020181025_1.jpeg

021020181025_1.jpeg